Сабақ №23 Мұғалім: Фарида Ерікқызы ҚазақстандағЫ Ұжымдастыру


Ұжымдастыру мен отырықшыландыру саясаты



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата23.02.2024
өлшемі1.7 Mb.
#493023
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
13c62cca-d7a8-462d-b1e9-7d9b142d394d

Ұжымдастыру мен отырықшыландыру саясаты
Ауылдың ең ауқатты бөлігі саналатын рубасыларды 
талқандаған соң, большевиктер ендігі кезекте орта және 
кедей шаруаларды ұжымшарларға тартып, күштеп 
отырықшыландыруға көшті. Мыңдаған жылдар бойы 
көшпелі және жартылай көшпелі малшаруашылығымен 
айналысқан қазақтар бір күннің ішінде отырықшы 
шаруаға айналуға тиіс болды. 
-
Барлық киіз үйлер бір жерге жиып тігілді. 
-
Мал мен құрал-сайман ортақ деп жарияланды. 
-
Қараусыз, күтімсіз, су мен жайылымсыз қалған малдар 
топ-тобымен қырылды. 
-
Шаруалар малдарын тірідей сақтай алмайтындарына 
көздері жеткенде жаппай сойып тастап отырды. 
Сойылған малдың көптігінен ет бұзылып, жарамсыз 
болып қалды.
БК(б)П XV съезі
(1927 жылдың 
желтоқсаны) 
ауылшаруашылығын 
ұжымдастыруға бағыт 
алуды жариялады.


Күштеп отырықшыландыру 
саясаты
1931 жылы тамызда Қазөлкеком жергілікті партия және кеңес ұйымдарына көшпелі, жартылай көшпелі қазақ 
шаруаларын жеделдетіп ұжымдастыру мен оларды отырықшы өмір салтына көшіру жөнінде нұсқау берді. 
Қазақтардың шаруашылығына көшпелі мал өсірушілер мен жартылай көшпелілерді күштеу әдістерімен жүргізілген 
отырықшыландыру саясаты қатты соққы болып тиді. Көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтардың 

1931 жылы - 77 508-і, 

1932 жылы - 77 674-і, 

1933 жылы - 242 208-і отырықшыландырылды.
Егер Қазақстанда 

1928 жылы ұжымдастыруға барлық шаруашылықтардың 2%-ы қамтылса, 

1930 жылдың 1 сәуірінде - 50,5%-ы, 

1931 жылдың күзіне қарай - 65% -ға жуығы, 

1934 жылы — 89,9% -ы тартылды.
• Отырықшыландыру барысында күштеп қуып әкелінген ауылдардан мал өсіруге арналған елді мекендер құрылды. 
Бұл бір орынға жинастырылған малдың жемшөптің жоқтығынан қырыла бастауына жеткізді. Ұжымдастыру 
қарсаңында 

Қазақстанда 40 миллионнан астам мал болса, 

1933 жылы 4,5 млн ғана мал қалды. 
• 1938 жылы көшпелі және жартылай көшпелі қазақтардың отырықшылыққа көшуі аяқталды. Ұжымдастыру 
мен кулактарды тапсыздандыру қатал қуғын-сүргін шараларымен қатар жүргізілді. Қазақстан халқы жүргізіліп 
жатқан саясатқа қарсылық көрсетті, толқулар мен қарулы көтерілістер жасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет