ден аса іздестіру жасақтары жіберілді.
→ Академик П.С. Курнаков Орталық
Қазақстанның минерал байлықтарын зерттеп,
«Қазақ КСР-і Кеңес Одағының тұтас
металлогенді ауданы» деген тұжырым жасады.
→ Академик И.М. Губкин Орал-Жем мұнайлы
ауданын зерттеді.
→ Қазақтың жас инженер-геологы Қ.И. Сәтбаев
Жезқазған ауданындағы мыс кені
орындарының болашағы зор екенін дәлелдеді.
1928-1940 жылдары теміржолдар ұзындығы 6581 шақырымға жетті.
▪
Петропавл-Көкшетау-Ақмола,
▪
Ақмола-Қарағанды т.б. теміржолдар іске қосылды.
▪
Түркістан-Сібір теміржолы сол кездегі Қазақстандағы ең маңызды құрылыс объектісі саналды.
• Сібір мен Орталық Азияны байланыстыратын Түрксіб теміржол кұрылысы 1931 жылға қарай
аяқталды.
• Қазақстан электрстанцияларының қуаттылығы индустрияландыру жылдарында шамамен 40
есеге дейін өсті.
Бірінші бесжылдық (1928-1932) жылдарында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар қайта құрылып,
жаңа кәсіпорындар ашылды.
▪ Риддер, Қарсақбай полиметалл комбинаттары,
▪ Қарағанды көмір кендері қайта қалпына келтірілді.
Екінші бесжылдық (1933-1937) жылдарында Казақстан экономикасы жылдам қарқынмен дамыды.
Қазақстанда 1936—1940 жылдардағы индустрияландыру барысында қуатты өнеркәсіп әлеуеті
орнықты. КСРО бойынша Қазақстан
→ түсті металдар өндіру жөнінен 2-орынға,
→ көмір және мұнай өндіруден, электр қуатын өндіруден 5-орынға шықты.
1941 жылға қарай елімізде 700 кәсіпорындар салынып, пайдалануға берілді.
|