88
скважинаға екі бірдей параллель құбырды түсіріп, оларды практика жүзінде
төменнен башмакпен мықты етіп бекітуге болмайды.
Бұл схема тек қана
газлифті əдісін түсіндіру үшін берілген. Бірақта, оны қолдануы əбден мүмкін,
мысал есебінде шахталарға көп мөлшерде су айдау үшін жəне т.б.
Газлифт əдісі
компрессорлық жəне
компрессорлық емес болып бөлінеді.
Газлифті скважиналардың жұмысы үшін 4÷10 МПа қысымға дейін сығылған
көмірсутегі газдары қолданылады. Сығылған газдың көзі қажетті қысымды
қамтамасыз ететін арнайы компрессорлық станциялар
немесе коспрессорлы
газ өңдеу зауыттары болып табылады. Газлифтілі пайдаланудың мұндай əдісі
компрессорлық əдіс деп, аталады. Ал энергия есебінде табиғи газ немесе таза
газ жəне газконденсат кен орындарының газы қолданылатын болса, онда ол
əдіс
компрессорлық емес газлифті - деп, аталады.
Компрессорлық емес газлифтіде табиғи газ газлифтілі скважина
орналасқан жерге тасымалданады жəне арнайы қондырғыда конденсатты жəне
ылғалды бөліп алу үшін алдын-ала дайындалып алынады. Артық қысым бір
немесе бірнеше сатылы реттегіштерден (штуцер)
газды өткізу арқылы
төмендетіледі.
Газлифтілі пайдалану əдісінде скважина ішілік газлифті деп аталатын
жүйе бар. Бұл жүйеде сығылған газ көзі болып мұнай қабатының төменгі жəне
жоғарғы бөлігінде орналасқан газ қабатының газы қолданылады. Екі қабатта
ортақ сүзгішпен ашылады.
Осындай жағдайда газ қабаты мұнай қабатынан бір немесе екі пакермен
оқшауланады (төменнен жəне жоғарыдан), ал
газ сорапты компрессорлық
құбырмен газ көлемінің мөлшерін реттегіш қондырғы арқылы келіп құбырға
түседі.
Достарыңызбен бөлісу: