116
«Автоматтандыру» деп адамды тікелей технологиялық процеске
қатысудан босататын автоматтық құрылғыларды пайдалануды жəне ендіруді
айтады. Автоматтандырудың теориялық жəне
ғылыми негізін автоматика
құрайды.
Автомат (грек тілінен аударғанда «өздігінен əрекет ететін») өндірістік
процесті адамның қатысуынсыз тек оның бақылауымен жүзеге асыратын
құрылғы (машина, аппарат, аспап, тетік).
Автоматика мен есептеу техникасының
дамуына көптеген атақты
ғалымдар өз үлестерін қосты. Қазіргі реттеуіштердің негізі болып саналатын
автоматтық реттеуішті 1765 жылы И.И.Ползунов ойлап тапты. Ползунов
реттеуішінде тура жəне кері байланыс принципі алынған.
Санкт-Петербург
технологиялық институтының профессоры И.А.Вышнеградский 1877 жылы
автоматты реттеу теориясының негізін қалады. Автоматты реттеу
теориясының бұдан əрі дамуы А.М. Ляпуновтың, əсіресе орыс авиациясының
атасы атанған профессор Н.Е. Жуковский еңбектерінде көрініс тапты. Есептеу
техникасының дамуы күрделі өндірістік процестерді жəне өнеркəсіптің
бүтіндей салаларын автоматты басқару жүйесін құруға мүмкіндік берді.
Қазіргі
кезде ЭЕМ-сіз, микропроцессорлық техникасыз жаңа заманғы
өндірісті
көзге
елестету
мүмкін
емес.
Өндірістік
процестерді
автоматтандыруды
дамыту бағытын талдау келіп, өз күрделілігі жағынан
əртүрлі міндеттер шешімін тапқан үш негізгі сатыны атап кетуге болады.
Технологиялық процесті берілген қызмет
алгоритмі бойынша өткізу
мақсатында обьектіге сырттан берілетін арнайы нұсқаулар жиынтығын
басқару алгоритмі дейді.
Достарыңызбен бөлісу: