М. В. Ломаносов (1711-1765) химияның қоғамдағы маңызын және пайдасын насихаттады, жастарға химиялық білім беруді ұйымдастыру мәселелерін шешуге



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата22.02.2024
өлшемі0.72 Mb.
#492956
түріРеферат
  1   2   3   4
Әсемай



Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі 
Е.А.Бөкетов Атындағы Қарағанды Университеті
Химия факультеті 
Реферат 
Тақырып: Химияны оқыту әдістемесінің қалыптасуы мен дамуы. 20 және 21 
ғасырдағы жетекші педагогтар мен психологтар 
Орындады: Сералы Әсемай Ержанқызы 
Қабылдады:Кокибасова Гулмира
Караганда – 2023 


Жоспар 
 
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
Химияны оқыту әдістемесінің қалыптасуы және дамуы
2. 20-21 ғасырлардағы жетекші педагогтар мен психологтар. 
3. Қазақстанда химияны оқыту әдістемесінің дамуы. 
III Қорытынды 
Пайдаланылған әдебиеттер 
 
 


Кіріспе 
Жастарға химиялық білім беру туралы көзқарас химия ғылымының даму 
кезеңдеріне сәйкес қалыптасты. Орыстың атақты ғалымдары химия ғылымының 
дамуына зор үлес қосумен бірге, жасөспірімдерге химиялық білім беру ісімен 
тікелей айналысты, көптеген құнды әдістемелік пікірлер айтты. 
М.В. Ломаносов (1711-1765) химияның қоғамдағы маңызын және пайдасын 
насихаттады, жастарға химиялық білім беруді ұйымдастыру мәселелерін шешуге 
белсене араласты. Ол тұңғыш химия зерттханасын ұйымдастырып, химияны 
үйренудегі эксперименттің мәнін жоғары бағалады, физикалық химияның орыс 
тіліндегі оқулығын жазды. 
Химияны оқыту әдістемесі орта мектепке тұрақты оқу пәні болып енгеннен 
кейін ғана ғылым ретінде қалыптасты. Бірте-бірте химияны оқыту әдістемесі 
жалпы білім беретін орта мектептгегі химия пәнін оқыту мәселелерін жан-жақты 
зерттейтін көп салалы ғылымға айналды. 


Химияны оқыту әдістемесінің қалыптасуы және дамуы 
Химияны оқыту әдістемесі – мектеп химия курсының мазмұны және оны 
оқушылардың меңгеру заңдылықтарын зерттейтін педагогикалық ғылым. 
Химияны оқыту әдістемесі әрі ғылым, әрі оқу пәні ретінде оқытудың мазмұнын, 
оқыту әдістерін тәрбие жұмыстарымен тығыз бірлікте, өзара байланыста 
зерттейді.Оқытудың заңдылықтарын ашу мен қатар,оқытудың мазмұн-мақсатын, 
әдістерін, оқыту формалары мен құралдарын, оқытушының ісәрекетін бір-біріне 
ажыратпай біртұтас қарастырады. Химияны оқыту әдістемесі мұғалімнің оқу 
материалын оқытуы мен оқушылардың химиялық білімді саналы меңгеруін, 
алған білімдерін іс жүзінде қолдану ерекшеліктерін және дағдыларын дамыту 
эдістері мен құралдарын айқындап береді. 
Химияны оқыту әдістемесі әрі ғылым, әрі оқу пәні ретінде оқытудың мазмұнын, 
оқыту әдістерін тәрбие жұмысымен тығыз бірлікте, өзара байланыста зерттейді.
Оқытудың заңдылықтарын ашумен қатар, оқытудың мазмұн-мақсатын,оқыту 
формалары мен құралдарын, оқытушы мен оқушының іс-әрекетін бір-бірінен 
ажыратпай біртұтас қарастырады. 
Орта мектептегі химия курсының мазмұның сұрыптау негіздері. 
Химияны оқыту әдістемесінің негіздерінде оқу материалының көлемін және 
қиындығын реттеудің мынадай жалпы педагогикалық талаптары бар: 

мазмұнынның тұтастығы; 

ғылыми дәлдігі және қүндылығы; 

оқушылардың жас ерекшіліктеріне сай келуі; 

оқу жоспарындағы сағат санының ескерілуі; 

көпшілік мектептің жағдайына сәйкестігі

халықаралық стандартпен үйлесімділігі. 
Тарихи негіз. Бұл негізді жүзеге асыру дегеніміз – химия ғылымын дамыту 
бағытында көрсету, оның өткені, бүгінгісі және болашағы туралы оқушыларда 
пікір қалыптастыру 
1)Кен таралған және толық түрде өтілетін элементтердің, мысалы оттегі мен 
суттегінің ашылу тарихы жөнінде мағлұматтар беру; 2) атом-молекулалық 
ілімінің негізін қалаған М.В. Ломоносов, Дж,Далтон еңбектерімен қысқаша 
таныстыру; 3) массаның сақталу заңының ашылуына байланысты 
М.В.Ломоносов жэне А. Лавуазье тәжірибелерін сипаттау; көрнекті 
ғалымдардың ғылымға келу жолын, қиыншылықтарды жеңу үстіндегі 
табандылығын, Отанына деген шексіз сүйіспеншілігін нақтылы мысалдармен 
көрсету. 


Химиялық білім беру туралы көзқарас химия ғылымының даму кезеңдеріне 
сәйкес қалыптасты. Орыстың атақты ғалымдары химия ғылымының дамуына зор 
үлес қосумен бірге, жасөспірімдерге тікелей химиялық білім беру ісімен 
айналысты, көптеген құнды әдістемелік пікірлер айтты. М.В.Ломонсов (1711-
1765 ж.ж.) химияның қоғамдағы маңызын және пайдасын насихаттады, 
химиялық білім беруді ұйымдастьру мәселелерін шешуге белсене 
араласты.Тұңғыш химия зертханасын ұйымдастырып,, физикалық химияның 
орыс тіліндегі тұңғыш оқулығын жазды. 
Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін обьектісі – сол пәнді оқыту әрекеті. 
Оқыту, педагогика, дидактика және әдістеме ғылымы тұрғысынан түсінуге 
болатын күрделі әрекет болып табылады. 
 Педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда оқыту дегеніміз-жасөспірімнің 
бойына ұжымдық тәжірибиені сіңіруі. 
 Дидактикалық жағынан алғанда, оқыту білім берудің мазмұнын 
жасөспірімге жеткізу ісінде сабақ беру мен оқудың бірлігі. 
 Ал, әдістемелік тұрғыдан алғанда – нақтылы оқу пәнінің материалын 
жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру мен оқудың бірлігі. «Химияны 
оқытудың әдістемесі – химиядан білім берудің мазмұнын және химияны 
оқыту барысының заңдылықтарын зерттейтін педагогика ғылымының 
дербес бір саласы» 
Д.И.Менделеев(1834-1907 
ж.ж.) химиялық білім берудің қажеттігін, 
мақсаттарын, мазмұнын, сипатын талдаған еңбектер мен оқулықтар жазды, 
химияның өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында қолданылуын көрсету 
арқылы оқушыларды еңбекке, практикалық іске әзірлеу, химияның эксперименті 
кеңінен пайдалану туралы пікірлер айтты. 
А.М.Бутлеров (1828-1886 ж.ж.) ғылымдағы және оқыту әрекетіндегі теориялық 
білімнің алатын орнын негіздеп түсіндірді, өте жақсы химия оқулықтарын 
жазады. 
М.В. Ломаносов негізін қалаған атом-молекулалық ілім мен массаның сақталу 
заңы, Д.И. Менделеев ашқан периодтық заң және периодтық жүйе, А.М. 
Бутлеровтың органикалық заттардың құрылыс теориясы орта мектептегі химия 
курсының теориялық негізін құрайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет