Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет141/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

тропиктік, қоңыржай немесе полярлық жəне арктикалық 
(антарктикалық) ауа массалары сияқты төрт типі ажыратыла-
ды. Олар бір-бірінен ең алдымен, температуралық көрсеткіштері 
арқылы, сондай-ақ ылғалдану дəрежесі мен мөлдірлігіне сəйкес 
ажыратылады. 
Экваторлық ауа массасынан басқалары қалыптасқан жердің 
беткі сипатына қарай теңіздік жəне континанттік деп жіктеледі. 
Ауа массалары үнемі қозғалыста болатындықтан, қасиеттері əртүрлі 
ауа массалары шектескен аймақтарда өте кең алқапты қамтитын (ені 
500-900, ұзындығы 2000-3000 км-ге дейін жететін) өтпелі зоналар – 
атмосфералық фронттар қалыптасады (101-сурет). 
а 
ə 
а - Еуразия, ə - Солтүстік Америка
101-сурет. Жаз кезіндегі атмосфералық фронттардың қалыптасу орны


199
Фронттар ауа массаларының қозғалу сипатына қарай жылы 
жəне суық фронт деп бөлінеді. Жылы фронт кезінде жылы ауа 
салқын ауаны тез арада ығыстырып, жинақталған жылы ауа құйын 
тəрізді өрлеген ауа ағынын түзіп, циклондық əрекеттер күшейеді. 
Соның нəтижесінде бұлттылық күшейіп, жауын-шашын көбейеді. 
Жазда температура төмендеп, қыста керісінше, жоғарылайды. 
Ал суық фронт кезінде салқын ауа жылдам қозғалатындықтан 
антициклондық жағдай қалыптасып, ауаның құйын тəрізді 
төмендеген ағыны түзіледі. Сондықтан да суық фронт кезінде жа-
уын-шашын біршама азырақ түседі. 
Жалпы алғанда атмосфералық фронт өткен кезде ауа райы ке-
нет өзгеріп: температура мен қысымның ауытқуы, жауын-шашын 
түсуі, желдің бағытының өзгеруі мен жылдамдығының күшеюі 
сияқты құбылыстар жиі байқалады. Ауа массалары арасындағы 
осындай фронттар жиынтығынан климаттық (негізгі) фронттар 
қалыптасады. Оларға арктикалық, полярлық жəне экваторлық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет