Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


АЛҒЫ СӨЗ География мамандарын дайындауда «Жалпы жертану»



Pdf көрінісі
бет2/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

АЛҒЫ СӨЗ
География мамандарын дайындауда «Жалпы жертану» пəні 
негізгі оқу пəні болып саналады. Жалпы жертану барлық физикалық-
географиялық жəне жаратылыстану ғылымдарының дамуына негіз 
болып табылады.
«Жалпы жертану» пəнінің негізгі зерттеу нысаны – Жер 
ғаламшарының географиялық қабығы, оның геологиялық уақыт 
аралығындағы дамуы мен өзгеруі, географиялық қабықты құрайтын 
компоненттердің өзара байланысуы мен əрекеттесу заңдылықтары.
Пəннің мақсаты – географиялық бағыттағы білім алушыларға 
жалпы ғаламдық географиялық қабықтың құрылысын, оның уақыт 
пен кеңістіктегі даму заңдылықтарын, олардың өзара байланысын 
кеңінен таныстырып, қазіргі жағдайы жəне болашақта болатын 
өзгерістері туралы мағлұматтар беру.
Пəннің міндеті – жалпы заңдылықтарға бағынған географиялық 
қабық құрамдас бөліктері (атмосфера, гидросфера, литосфера
жəне биосферадағы тірі заттардың өзара байланысы мен бір-біріне 
бағынышты əрекеттерін оқып білу. 
Географиялық қабық өзін құрайтын негізгі компоненттері: тау 
жыныстары жəне олардың негізінде қалыптасатын жер бедері, 
су, ауа, топырақ, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі арасындағы 
өзара байланысқа тікелей тəуелді. Егерде бір компонентте өзгеріс 
пайда болса, ол екінші компоненттің қасиеттеріне тікелей əсер 
етеді. Осыдан келіп географиялық қабықтың ең негізгі заңдылығы 
– біртұтастық заңдылығы қалыптасады.
Географиялық қабық біртұтас ғаламдық жүйе құра отырып, 
мозаика тəрізді жекелеген жай жəне күрделі құрылымды табиғат 
кешендері жиынтығынан құралады. 
Жалпы жертану курсында географиялық қабықтың аумақтық 
жіктелуі туралы мəліметтер ауқымды көрсетіледі. Осы пəннен 
алған білім студенттердің географиялық қабықтағы өзара байла-
нысты жəне бағынышты сипаттарды иеленген табиғи процестер 
мен құбылыстардың толассыз дамуы нəтижесінде қалыптасқан 
материалдық жүйе рөлін атқаратын жалпылама табиғатқа деген 
көзқарасты қалыптастырады жəне оны одан əрі жетілдіре түседі.


4
«Жалпы жертану» жалпы физикалық география ғылымының 
негізі болғандықтан, оның басты зерттеу нысаны – географиялық 
қабық жəне оның компоненттері. Олар: геоморфология (жер бедерін 
зерттеу ғылымы), климатология (климатты зерттейтін) жəне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет