137
Негіздері архей мен протерозойда қаланған ежелгі платформалар
қалқандар мен
тақталардан құралады.
Еуропа платформасының
Балтық жəне Украина қалқандарында,
Сібір платформасының
Алдан жəне Анабар қалқандарында оның іргетасін құрайтын ежелгі
кристалды жыныстар жер бетіне ашық шығып жатыр. Қалқан
аймақтарында көне қатпарлы қыраттар
мен денудацияланған
жазықтар (пенеплендер) кең таралған.
Орталық Қазақстандағы осындай ежелгі жыныстар Сарыарқа
жерінде денудацияланған ұсақ шоқылар мен жазықтар түрінде
көрініс береді.
Қалқандарда платформаның негізін
құрайтын кристалды жы-
ныстар жер бетіне шығып жатады, оларға
денудациялық процес-
тер нəтижесінде
тегістелуге ұшыраған цокольды-денудациялық
қыратты-үстіртті жер бедері тəн, ал тектоникалық жарықтар өтетін
аймақтарда
цокольды-жақпарлы денудациялық морфострукту-
ра типтері кең таралады. Қалқандарды
құрайтын жыныстардың
ерекшелігіне байланысты оларда үгілу жəне тегістелу біршама баяу
жүреді.
Платформаның қалқаннан тыс, шөгінді жыныстармен жабылған
бөлігін тақта деп атайды. Ол іргетас тереңдігіне байланысты бірнеше
құрылымдық бірліктерге:
антеклиза жəне
синеклизаға ажыраты-
лады. Іргетас салыстырмалы түрде жер бетіне жақын жатқан, жұқа
шөгінді қабатымен жабылған антеклизаларда жер бедері көтеріңкі
сипат алады.
Іргетастің
қатты майысып, бетін шөгінді жыныстардың
қалың қабаты жапқан синеклизаларына ойпатты жер бедері тəн.
Бұл құрылымдарға тəн
жер бедері қалыптасуы жағынан пла-
Достарыңызбен бөлісу: