~ 163 ~
Обсессивті-фобиялық синдром әрқилы жабысқақтықтар және
фобиялар тҥріндегі психопатологиялық ӛнімдермен кӛрінеді. Бҧл кезеңде
ҥрейлену, кҥдікшілдік, сенімсіздік кҥшейеді, астенизация белгілері кӛрінеді.
Ипохондриялық синдром маазмҧны бойынша мынадай болады: 1)
астениялық, 2)
депрессивті, 3) фобиялық, 4) сенестопатиялық, 5)
сандырақтық.
Невротикалық жағдайда жай, сандырақсыз ипохондрия
жӛнінде айтылады, ол ӛз денсаулығына аса кӛңіл
аударумен, оның
дҧрыстығына кҥмәнданумен кӛрініс береді. Науқас ӛз денесіндегі жағымсыз
сезімдерге фиксацияланады, олардың тегі невротикалық жағдайдың ӛзі және
оның нәтижесінде дамыған сомотовегетативті ӛзгерістер, депрессия және
басқа да себептер болуы мҥмкін. Науқас әртҥрлі мамандарға жиі кӛрініп,
тексеріледі. Зерттеудің жақсы нәтижесі науқасты біраз уақытқа
тыныштандырады, бірақ артынан қайта кҥшейеді, ауыр дерт жӛніндегі ойлар
оралады. Ипохондриялық симптоматиканың
пайда болуы ятрогениямен
байланысты болуы мҥмкін.
Достарыңызбен бөлісу: