~ 82 ~
еншісінде, патологиялық тест қорытындысы кез-келген лабораториялық
кӛрсеткіштер тәрізді тек қосымша кӛмек ретінде қолданылады. Қарапайым
ҥрдістерді – назар, қажу, есте сақтауды зерттеу ҥшін
бірнеше әдістер
қолданады.
Корректуралық сынама. Типографиялық бланкте басылған, аз ғана
текстті науқасқа беріп, 10, 5 не 3 минут ішінде белгілі ретпен текстегі К және
Р әріптерін сызып тастауын сҧраймыз. Науқастың қорытындысын текстке
арналған арнайы жауаппен салыстырып аурудың
нақтылығы мен әрекет
жылдамдылығын есептейміз. Маниакальды жағдайдағы науқас жҧмысты ӛте
тез жасайды, бірақ кӛп қате жібереді, ал депрессиямен науқас ӛте баяу
жасайды. Психикасы сау жас адам 10 минут ішінде 10-15 – ке дейін, мидың
қантамырлық және органикалық патологиясы бар науқас 40 – 60 қате
жібереді. Жҧмыс қабілеті тӛмендегенде минуттарға шаққанда қателер бір
қалыпты болады, ал шаршаған кезде қателердің саны зерттеудің соңында
кӛбейеді.
Крепелин бойынша санау. Науқасқа типографиялық бланк береді, ол
одан ҧзын қатар жасап орналасқан сандарды кӛреді. Белгілі бір уақытта
зерттелуші сандарды жіктеп, нәтижелерін жазып отыруы керек.
Науқастың
ісі бойынша оның жылдамдығын және жҧмысының нақтылығын, жҧмыс
қабілетінің ауытқуын, қажу сатысын анықтайды.
Санау әдісі. Науқастан мысалы 100-ден немесе 200-ден 7, 17, 13 немесе
басқа санды алуын сҧрап қалдығын анықтатады.
Шульте таблицасынан санды іздеу. 5 таблицада шашылып орналасқан
1-ден 25-ке дейін сандарды дауыстап айтып кӛрсету керек. Қажудың жоғары
деңгейінде бір таблицаға кететін уақыт аз болады.
Церебральды
атеросклерозбен ауыратындар тапсырманы жиі тоқтап, ал эпилепсиямен
ауыратындар баяу темппен орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: