7 сынып информатикадио



Pdf көрінісі
бет90/201
Дата01.03.2024
өлшемі1.9 Mb.
#493664
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   201
7 сынып информатика

Салыстыру операторлары : 
== Тең
!= Тең емес 
> Үлкен 
< Кіші 
>= Үлкен немесе тең
<= Кіші немесе тең
• 
Кірістірілген шарт : Шарт тексеру операторының құра-
мында екінші шарт тексеру операторы қолданылуы 
• 
Құрамды шарттар дегеніміз – логикалық амалдар көме-
гімен тұтас бір шартқа біріктірілген бірнеше қарапайым шарт
 
Логикалық амалдар : 
- Логикалық көбейту (конъюнкция – «and») дегеніміз – екі 
немесе одан да көп пікірлерді «және» жалғаулық шылауы-
ның көмегімен біріктіру амалы. «Конъюнкция» сөзі «және» 
жалғаулық шылауына сәйкес келеді. Логикалық амалдар 
құрамды шарттар – составное условие – compound 
condition логикалық өрнек – логическое выражение – 
logical expression 
- Логикалық қосу (дизъюнкция – ‘or’) - Екі немесе одан да 
көп пікірлерді «немесе» жалғаулығы көмегімен біріктіру 
амалы логикалық қосу немесе дизъюнкция деп аталады. 
«Дизъюнкция» сөзі «немесе» жалғаулығына сәйкес 
келеді
- Логикалық теріске шығару (инверсия – ‘not’) - «Емес» 
сөзінің көмегімен пікірді теріске шығару амалы логикалық 
теріске шығару немесе инверсия деп аталады. «Инвер-
сия» сөзі «дұрыс емес», «теріске шығару» сөздеріне 
және «емес» сөзіне сәйкес келеді
• 
Проблеманы қою дегеніміз – нақты шешуді қажет ететін 
проблеманы анықтау, тақырыпты проблемалау. Нақты мәсе-
лені зерттеп отырған адамның алдында көкейтесті мәселе 
ретінде тұруы мүмкін
• 
Алгоритмнің қасиеттері : 
- Алгоритмнің дискреттілігі - бұл қасиет алгоритм түрінде 
жазылған есеп шешімі жеке қарапайым командаларға 
бөлініп, орындалу ретіне қарай орналасқанын көрсетеді. 
Кез келген есепті бөліктерге жіктеп орындауға болады
- Алгоритмнің анықтылығы - бұл қасиет алгоритмнің әр 
командасы орындаушы үшін түсінікті болуын және мәнсіз 
орындалмауы керектігін көрсетеді
- Алгоритмнің нәтижелілігі - бұл қасиет алгоритмнің мін-
детті түрде белгілі бір қадамдардан кейін аяқталып, нәти-
жеге жететінін көрсетеді
- Алгоритмнің жалпылығы - бұл қасиет есепті шешуге ар-
налған алгоритмнің осы типтес есептердің барлық мүмкін 
мәндері үшін орындалатынын көрсетеді
• 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   201




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет