ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет112/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Мусабаев Г., Махмутов А. Эпиграфика Казахстана. Алма-Ата, 1971. Вып.1. С. 19. 
2
Қар.: Аманжолов А. Руноподобная запись из сакского кургана вблизи Алма-Аты // Вестник 
АН Каз ССР. 1971. № 12. (320). С. 66. 
3
Осы теорияны негізінен ұстанатындар: А. Лувсандэндэв (МХР) және С. Дончев (Болгария) 
//См.: Роль кочевых народов в цивилации Центральной Азии. Улан-Батор. 1974. С. 115-119, 
185-191. 
4
Страбон. География. VII. 3, 14. А также 4, 1. 


352 
Көшпелі сақтардың өмір салты (үйлері, тамағы, қоғамдық 
институттары, әдет-ғұрыптары және т.с.с.) ертедегі авторлардың 
растауынша, жаңа заман көшпелілерінің, қазақ көшпелі қоғамын 
қосқанда, өмір салтымен және тұрмыс ерекшеліктерімен мүлде 
бірдей, ал кейбір жағадйларда толығымен сәйкес келеді. Көшпелі мал 
шарушылық жүйесі Геродот, Сым, Қань, Страбон дәуірінде ғана емес, 
Гомер дәуірінде (б.д.д. ХІІ-ҮІІІ ғғ.) тәртіпке келтірілген және 
қалыптасқан тұрмыстық ерекшеліктері бар едәуір дамыған 
шаруашылық типі болып көрінеді
1
. Сол кездің өзінде-ақ көшпелі 
тайпаларда, 
олардың 
барлық 
мүлкі 
қозғалыста, 
демек, 
иесіздендірілген түрде болғандықтан олардың өмір салты оларды 
әрдайым 
басқа 
қауымдармен 
қарым-қатынаста 
болуға 
апаратындықтан, таңбалық рәміздері болуы әбден мүмкін еді. Қазақ 
таңбаларының ең көне түп тұлғалары қола дәуіріндегі бағазы-
дәндібай 
кезеңінің 
қабаттарында 
табылған. 
Бұл 
кезеңдегі 
естеліктердегі белгілердің біреуін Ә.Х. Марғұлан қазақтың найман 
тайпасының бағаналы руының таңбасымен жақындастырады
2
.
Сөйтіп, көне түркі жазуының субстраты – таңба – экономикалық 
негіздің ерекшелігінен туған: субъектінің де (көшпелі – мал өсіруші), 
сондай-ақ өндіру объектісі – малдың да кеңістіктегі мобильділігі, 
иелік және жеке меншік таңбасының болуын бұлттартпай талап етті.
Бұл қорытынды көшпелілердің бүкіл мәдени өмірін көрсету үшін 
аса маңызды. Таңба – жергілікті алфавит негізі, ру мен тайпа 
эмблемасы ретінде, олардың символикасы, көбінесе көркемдік, кең 
байтақ даланың бүкіл көпғасырлық тарихынан өтпеді, рудиментарлы 
түрде өз формасы мен семантикасын сақтады. Бұл жергілікті 
әлеуметтік орта басым болған көне Қазақстанның жазуы мен бүкіл 
құрылық мәдениетінің дамуы туралы тағы бір дәлелдемесіне жатавды. 
Көшпелі мәдениеттің ішкі тұтастығын Ш. Уәлиханов қазақ халқының 
поэтикалық шығармашылығы мысалында көрсеткен. Қазақтардың 
бүкіл рухани өмірі жинақталғанда, оның формаларының сыртқы 
көрінісі синхронды еместігіне қарамастан, тұтастықты құрайды және 
біздің заманымызға дейін бұрмалаусыз сақталған
3
деп санайды ол. 
«Қырғыздар (қазақтар – С.А.) өз көне аңыз-әңгімелері мен 
сенімдерін қандай балаусалықпен сақтағандығы таң қаларлық және 
кең даланың бүкіл шалғайдағы шеттерінде, әсіресе, оның сағалары, 
1
Геродот, I, IV, 8, 61, 78, 127, 131 и др.; АристейАргимаспея //ВДИ, 1947, 31; Бичурин Н.Я. 
Собр. сведений о народах, обитавщих в Ср. Азии в древние времена. М.; Л., 1950; Т.1; Кюнер 
Н.В. Китайские изв. о народах Ю. Сибири, Центр. Азии и Дальнего Востока. М., 1961; 
Материалы по истории сюнну. М. 1968. 
2
Гайдукевич В Ф. Боспорское царство. М.; Л., 1949. С. 430; Соломник Е. И. Сарматские знаки 
Северного Причерноморья. Киев. 1959, ч. 17; Фрай Р. Население Ирана. С. 220. 
3
Маргулан А.X. Некрополь. Дандыбай. Культура Центрального Казахстана эпохи поздней 
бронзы. 


353 
бірдей сақталғандығы және салыстырғанда, бір қолжазбаның тізімі 
сияқты сөзбе-сөз ұқсас, болғандығы, таң қаларлық. Көшпелі, сауатсыз 
орданың ауыз әдебиетінің ескерткіштерінің мұндай сенбестік дәлдігі 
оғаш көрінсе де, бұл, күмән туғызбайтын, анық болған дерек»
1
.
Ш.Уәлихановтың ойын дала көне өнерінің үлгілері – 
көшпелілердің рухани өмірінің басқа ортасы, мысалы сәндік-
қолданбалы өнердегі сақтардың «Аң стилі», архитектурадағы белгілі 
бір типологиялық бірлік (қорғандарды, үйлердің салынуы), мүсін 
өнеріндегі, қару-жарақтардағы, еңбек құралдарындағы, тұрмыстық 
заттардағы және т.с.с. – толықтырады. Қазақтардың көркемдік 
қызметінде олар шығармашылықтың қажет ретроспективті буыны, 
мирасқорлықтың әлеуметтік-экономикалық факторлары әсерінен 
болған эволюция мен өзіндік дамуының нәтижесі болып табылады. 
Көне 
өнер 
үлгілері 
утилитаризмнен 
аулақ, 
олар 
адам 
данышпандығының шынайы үлгісі ретінде, олардың авторларының 
әлемге, қоғамға, өзіне деген қатынасының куәландырылуы ретінде 
танылады. Көне заман шеберлері өз өнері арқылы баға жетпес 
әлеуметтік-тарихи ақпаратты, өмірлік тәжірибені, дүниетанымды, 
өнегелік негіздерін және эстетикалық мұраттарын жаңа ұрпаққа 
жеткізу үшін жинақтауға тырысқан.
Мұның жарқын дәлелі – Қазақстан тарихының ертедегі 
кезеңіндегі мәдениеті мен өнері. 
Көшпелілердің экспрессивті стилі тұтас үстемдік еткен уақытта
өнер тақырыбы фауна болғанда, оның эстетикалық мәнділігі жоғары 
дамуға жетеді. Аң стилі бүкіл кең даланы қызықтырады, ол жасаған 
мұрат бейнелеу өнерінің ең жоғарғы эталоны ретінде бекітіледі. Бұл 
стиль кең дала көшпелілері әлемінде екі мың жылдан астам уақыт 
үстемдік етеді, бұл жағдай көшпелілердің бірыңғай әрі гомогенді 
өнері туралы айтуға негіз береді. Дәл осы уақытта петроглифтерден, 
идеограммалардан, кіші мүсін формаларынан өзінің алғашқы 
қадамдарын бастаған, көне өнер кемеліне жетеді. Мазмұн өзіне теңбе-
тең форма табады. Сезімдік материал, ендігі жерде руханилықты 
ауырлатпайды, керісінше, олар ортақтасып, бірлікте біткен 
шығарманы білдіретін, бүтін көркем бейне тудырады.
Көшпелілер мәдениетінің ерекшеліктерін тану дегеніміз, оны 
тұтас, жүйелі құбылыс ретінде ғылым категорияларында суреттеуді, 
оның пайда болуының қайнар бұлағын ашуды білдіреді.
Көшпенділер өнерінің көркемдік образы, қандай да бір өнердің 
образы сияқты болғандықтан, ең алдымен бүкіл субъективтік пен 
объективтіктің, жекелік пен жалпылықтың, рациональдық пен 
эмоциональдықтың бірлігі, ол өз бойына этикалық гетерогенді, бірақ 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет