378
Қазақтың аспапты музыкасының
болмысында орындаушы мен
тыңдаушы функциялары еуропалық концерт формасына келеді.
Авторлық
күйлердің
құрылымы
музыкалық
логиканың
заңдылықтарына сәйкес еуропа композиторларының концерттік
шығармалары тәрізді сырттан тыңдауға арналған.
Дәстүрлі қазақ тұрымысында музыкалық шығармаларды
орындағанда алдын ала оның мазмұнын әңгімелеп барып, сосын
күйді, немесе әнді орындау түрі басым болып келеді. Академик М.
Әуезов айтқандай, «...жүзден астам қазақтың күйлері міндетті түрде
оның әңгімесінен басталады»
1
. Сонымен қатар әр күйдің аталуына
қарап, көптеген зерттеушілер
қазақтың аспапты музыкасын
бағдарламалы деп атап кеткен.
Дегенмен, күйлердің барлығы бағдарламалы болып келмейді
2
,
күйлердің аталуы мен олардың аңыздары белгілі бағдарламаны
білдіреді деп қарау, осындай көзқарас кейде музыканың бейнелі
мазмұнын дұрыс ашпайды. Бұндай жағдайда күй аңыздары
бағдарламалы
функцияларды атқармаса, олардың тұрақты түрде
сақталуының себептерін қарастыру қажет.
Жоғарыда айтылғандай, аспаптық өнердің бимен, бақсы
ойынымен, әскери-аңшылық тұрмыспен байланысты түрлері сан
алуан тарихи жағдайлардың салдарынан азайып, жоюлуға жақын
қалған. Бұл өнердің ішінде күйдің
аңызын әңгімелеп, сосын
шығарманың өзін орындау түрі басым болып, жоғары деңгейде
дамыды.
Бұл
форманың
түп-тамыры
эпикалық
жырларды
сүйемелдеуден шығып, тек өзінің генетикалық байланыстары арқылы
ғана емес, сонымен қатар феодалдық-көшпелі өмірдің кейбір
ерекшеліктеріне сәйкес қазақтың тұрмысында өзінің өркендеу кезеңін
тапты.
Қазақтың өмірінде жыл сайын қайталанатын көшпелі өмір салты
мерзімдік тәртіпке бағынатын. Әрдайым көшіп жүрген қазақтар
тұрмысында ол заттық мәдениеттің ерекшеліктерін де белгілеген.
Көшпелі өмірге қажетті құралдар
ғасырлар бойы практикалық
жағынан шыңдалып, жеңіл, ыңғайлы белгілеріне сәйкес қолданған.
Жолға тек қана ең керекті заттарды алу – өмір үрдісіне айналды. Киіз
үйдің өзі полифункционалдық мағынаны білдірген. Мұнда үй иесі өзі
де тұрып, қонақтарды да күтіп, барлық отбасылық ғұрыптар мен
салтанатты тойларды, бақсы ойындарын да өткізіп, осында кәсіби
әнші, ақындар мен сазгерлер өздерінің өнерлерін көрсететін. Осы
1
Әуезов М.О. Әр жылдар ойлары. – Алматы, 1966, 99-б.
2
Қараңыз:
Мұхамбетова Ә. Қазақтың аспапты музыкасының бағдарламалылығы туралы: мәселе
ретінде белгілеуге байланысты //ССРО халықтарының музыкалық фольклорының мәселелері.
Мақалалар мен материалдар. М., 1973.
379
себептерден Еуропада соңғы ғасырларда
кең тараған жеке бөлмені
қажет ететін концерт жанры қазақтарда қалыптасуы мүмкін емес еді.
Қазақ өнерінде концерттік формалардың болмауы туралы ой
қазақтың дәстүрлі музыкалық мәдениетінде тыңдаушыларға арналған
концерттік музыканың болғаны туралы алдында айтылған пікірге
қайшы келеді. Бұл тұрғыдан М. Каганның сөздеріне назар аударайық.
Оның пікірінше, музыка жалпы өнерден жекеленіп, оның бөлек
саласы ретінде белгіленуіне әсер еткен күш - концерттік (эстрадалық)
орындаушылық
1
. Музыканы
қоршаған ортадан бөліп, ажыратып
қарастыруды қамтамасыз ететін концерт жанры адамға (тыңдаушыға
да, орындаушыға да) «шығарманың көркемдік жағын түсінуге жол
беретін, оның жеке өмірін өнердегі өмірмен байытуға мүмкіндік
туғызады»
2
.
Бұл мәдениеттегі парадокс
– концерттік
(эстрадалық)
орындаушылықтың формалары болмағанымен концерттік музыканың
болуы – арнайы зерттеуді қажет ететін мәселе, өйткені музыка мен
оның қоғамдағы болмысы – бір біріне
тәуелді құбылыстар болып
саналады.
Музыканың болмысы ретінде концерт орындаушы мен
тыңдаушының әлеуметтік рөлдерін анық белгілеген, олардың концерт
кезіндегі функциялары музыканы тыңдау үшін барынша сәйкес
келетін форма ретінде қалыптасқан.
Тыңдаушылар мен орындаушылардың арасындағы дәнекер
байланыс шығарманың орындау кезінде белгіленеді, бұл кезде
олардың барлық назары шығармаға аударылады.
Шығарма арқылы
орындаушы
тыңдаушымен
«сұхбаттасады».
Тыңдаушылармен
басқаша байланыс жасауға арналған әрекет жағымсыз болып
қабылданады.
Концерт
кезінде
музыканы
қабылдауға
оның
барлық
қатысушыларының дайындығы қажет. Бұл үрдістің аяғында
концерттің басталу кезінде бәрінің назары шығарманы тыңдауға
дайындалып, ойының барлығын басқа ойдан босатып отырады.
Афишалар бағдарламаларындағы түсініктемелер де тыңдаушыларға
музыканы тыңдауға, оны түсінуге назар аудартады.
Қазақтарда музыканы тыңдау үрдісі көбінесе киіз үйде өтетін,
бірақ ел мұнда тек қана музыканы тыңдап қана отырмайтын. Жатып
тұратын орын,
тамақ ішетін орын, қонақ күтетін орын ретінде киіз
үйдің полифункционалдығы еркін уақыт өткізуді де қамтамасыз
ететін. Киіз үй алдымен қазақтың үйі болғандықтан мұнда барлық
жиналғандар үй иесінің қонақтары болып қабылданатын.
1
Достарыңызбен бөлісу: