ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет121/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Каган М. Өнердің морфологиясы. Л., 1972, 224-б. 
2
Сонда, 210-б. 


380 
Қонақ асы – қазақтардың ең кең тараған қонақ күту формасы. 
Оның терең ғұрыптық мәні бар, онда қатысушылардың әр 
қайсысының өз орны, өз рөлдері болады, олар үй иесі мен 
қонақтардың жасына қарай, жыныс мен әлеуметтік-рулық белгілеріне 
қарай ерекшеленеді. 
Осындай қонақ асы кезіндегі орындаушылықтың шынайы 
көркемдік түрін қазақтың жазышулары қалдырған. Мұндай 
суреттеулерді толығымен келтіру мүмкін еместігін түсіне отырып, М. 
Әуезовтың «Абай жолы»
1
атты романының «Жайлауда» атты 
тарауынан үзінділерін келтіруді жөн көрдік. Мұнда Абай ауылына 
атақты Біржан салдың келуі суреттелген: 
«Абай Әйгерімді осыдан үш ай бұрын ұзатып әкелген еді. Қазір 
басында желегі бар жас келіншек қалың қонақ ортасында, Абай 
қасында отыр. 
Бұл екеуінің осы жолғы қонағы да өзгеше. Ол - өңшең қыз, 
сылқым келіншек пен сәнді сұлу бозбала. Жиын бастығы Абай болып, 
қазіргі сәтте мына ауылдың өзге тірлігінен оқшау бөлінген бір топ 
тәрізді. Ызғарлы, қатал, жуан ауылдың шырқын әнмен, өнермен 
бұзып отырған топ... Осындай ойын-сауык жиынының ортасында ең 
қадірлі бір топ қонақ бар. Шет елден келген қонақ. Бұлар – қазір 
төрдің тап ортасында, жағалай көрпе үстінде, үлкен ақ жасықтарды 
шынтақтаған сал, серілер. Солардың ішіндегі ең көрнектісі және бар 
жиынға қадірлі, сүйіктісі – мынау қос ішекті домбыраны безілдетіп 
отырған орта бойлы, қызғылт жүзді, кең ақ маңдайлы, нұрлы жігіт. Ол 
– Арқаға аты шыққан, бүкіл Орта жүзді асыл саз, әсем әнімен ұйытқан 
Біржан сал. 
Тобықты ішіне сонау алыс Көкшетаудан келген сирек, сый қонақ. 
Өзі ақын, өзі әнші, өзі сері Біржан. Үстінде қара мақпал, кең, жеңіл 
шапаны бар. Омырауы ағытылған, «сері жаға», ақ көйлектің сыртынан 
киген сарғылт түсті, қытайы жібек камзолы бар. Оқалы тақиясының 
жібек шоғы ырғала түседі. Қүйқылжыған әніне қалың жиын қыбыр 
етпей ұйып, мүлгіп отырғанда, кербез әнші өзі де, жүзіне жылтыр 
майда рең бітіп, нұрлана құбылады. 
Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,
Жұртыма зияным жоқ жүрген жанмын,
Кісіге өзім қатар бас ұрмаймын 
Өзім ақын, өзім сал кімге зармын... – 
деп бір кетеді. 
1
Ұлы жазушы, көрнекті ғалым М.О.Әуезовтың шығармашылық тәсілінің ерекшеліктері қазақ 
өмірінің құбылыстарын кең ауқымда зерттеуге жол ашты. Мысалы, «халықтың тарихи 
болмысының мәселелерін қарастыру жолында М.О.Әуезов осы мәселелерді деректер жағынан да, 
жалпылау және түсіну жағынан зерттеуге енді жақындаған тарихшылардан да ерте айтқан» 
(Әуезова Л.М. «Абай жолы» эпопеясының тарихи негіздері. – Алматы, 1969, 114-б. 


381 
Әншінің «Біржан сал» атты осы бір әні өзінің майда қоңыр, 
сырлы сазымен бастала жөнелгенде, өзге көп жұрт ішінде демін 
тартып, қатып тыңдаған кісінің бірі Абай. 
Қадірлі ақын, құрметті қонағына Абай қадалып қарап қапты. Ақ-
қарасы әлі де айқын, таза, ұзынша көздері өзгеше боп телміре түсіп, 
шарасынан асып үлкейіп қарайды. Бірақ қазіргі сәтте, кірпік қақпай 
қарағанмен, бұл көз - әнші жүзін көріп отырған көз емес. Ән мен өлең 
сөзді, өнерлінің өзін түгел қосып, бір бітім, бір тұтас тұлғадай қиял 
суретімен елестетіп, көріп отырған көз... 
– Өзге өзгеңді не қылайын, Біржан аға,— деп бастап, қонағына 
жаңа бір қуаныш жүзімен қарады. – Ел ақтаған бір ақын болушы еді. 
Тілін безеп, жанын жалдап, тіленшілікпен байды сауып, сөз қадірін 
сол кетіруші еді. Үн түзеген бір әнші болушы еді. Кім көрінгеннің 
қосшысы. Әр кез, әр мырзаның қосалқысы. Ән қадірін түсіріп, бір 
атым насыбайдай, арзан етіп еді. Сен әнді босағадан өрлетіп, төрге 
шығардың, соныңа ғана қуанам. Осының-ақ қадір-қасиетіңді тануға 
жетіп тұр!.. - деді. Біржан құп тыңдап, өзі де сүйсіне көтеріліп: 
– Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен 
болсайшы, Абай! – деді. Әйгерім де, өзге жиын да екеуін дәл 
ұғынғандай, түгел қостап күлісті. 
Таңертеңнен бері ортадағы кең дастарқан бойында үш жерден 
сапырылып отырған қымыз, біраздан бері ішілмей, іркіліп қалғанды. 
Қазір, Ербол, Мырзағұл, Оспан үшеуі үш жерден құлаштай сапырып, 
сырлы тостағандарды қонақтарға қыдырта бастады. Ән толасы 
болғалы, үй іші жапырлап, әр тұстан сөйлесіп, күбірлесіп, күлісіп 
жатыр. 
Абай жаңағы өз ойын аяқтатып тоқтатпақ боп: 
– Бай, бағлан боп қадірлі болмайды жігіт! Өнерлі боп, сол өнерін 
ұстай біліп, кадірлі болады. «Өнерпаз болсаң – өр бол» дейді Біржан 
аға. Жалқы бол, жарлы бол, ол кемшілік емес. «Өнерлі ақын, асқақ 
әнші болсаң ел көңіліндегі мұңды айтып, кезіндегі жасты тыйсаң, 
сенен зор, сенен қадірлі болмасқа тиісті! – деп, Абай өз қасында 
отырған Әйгерім мен інісі Әмірге қарап, бір түйін тастағандай болды. 
Тобықты жасының бұл жиынындағы үлкені, жігіт ағасы боп 
қалған Базаралы күле сөйлеп, жауап қатты. Ол төрдегі сый 
қонақтардың қатарында отыр еді. Абайға қалжыңдап: 
– Осының бәрі рас, Абай. Жігіт қадірі өнерімен өлшенсін! – деді, 
әдейі ойнақыланып, серпе сөйлеп. – Пәлей! Мақұл-ақ! Ал ендеше мен 
нені айттым?! Менің айтқаным да, істегенім де, түгел Тобықты бәріне 
танытам дегенім де осы ғана емес пе еді, сығыр-ау! Кедейшілігіме 
қарама, кісілігіме қара демеп пе ем? Өй тәйір-ай, іші терең жігіт 
десем, сенде осындай үстірт пе ең, Абай? Саған осыны ұғындыру 


382 
үшін сонау Көкшетаудан, исі Арқадан тек Біржан ғана келу керек пе 
еді? – деп назбенен, ойын пішінмен сақ-сақ күлді... 
Базарлының ашық қалжыңы Біржан бастаған бар қонақты да, өзге 
жиын жасты да күлдірді... 
Абайдың сөзі Біржан өнерін сонша зор көтеріп, өз елінің бар 
жасына «бізден бұл артық! деп отыр. Осыны жалған намыс ойламай, 
соншалық кең, жақсы көңілмен айтып отырғаны Біржанға жаңа бір ой 
салғандай болды. 
Ол тағы да домбырасын біраз бебеулетіп, желдіртіп алып кеп, 
«Жанботаны» шырқап кетті. Жастар бұл әннің неден туғанын
Біржанның қай жарасын ашатынын білуші еді. 
Ол, Біржанды жаңа Абай айтқан «бай, бағлан» дегендердің бірі 
сабап күйдіргенін ашық айтқан ән болатын... Абай Біржанға жаны 
ашып, жұбату сөйлемек боп:
– Сонау Жанбота, әне біреу Азнабай ма әмірлі, кәрлі дегендері. 
Бай, бағлан дегені? Солардың сол айуандықты тоңмойындықпен етіп 
отырса да, дәл жаңағы Біржан ағамның «Жанбота» әнінен соң «бота» 
түгіл, «бұта» құрым болмай, жапырылып, тапталып қалған жоқ па? - 
деп, тағы бір түкпірлі алыс ойға кеткендей сөйледі... 
Жұрт көзі тегіс Әмірге қараған еді. Ол ақырын тыңқылдатып, өз 
домбырасына, Біржан үйреткен «Жиырма бес» дейтін әнді салып 
отырған. Біржан жас жігіттің жүзінен жақсы бір шабыт көргендей боп: 
– Басып жіберші, кәне осыған! – деп, аға бұйрық етті»
1

Бұл қонақ асының суреттеуінде М.О. Әуезов қазақтардың музыка 
өнерінің ерекшеліктерін, халықтың әншілік және аспаптық 
музыкасының әмбебаптылығын көркемдік түрде шебер сипаттайды. 
Қонақ асының негізіндегі қонақ күту ғұрыпы күнделікті өмірден 
бөлек, үй иесі мен қонақтардың арасындағы тек осы уақыттағы 
«сұхбаттасуды» ұйымдастырады. Қонақ асының ғұрыптық мазмұны 
тұрмыстық араласу формасында көрініс табады, қонақ күту салты 
басқаша түрде болуы мүмкін емес. Бір жағынан, қонақ асының 
мазмұны – заттық-тұрмыстық қажеттіліктерді қандыру: дәмді жеп, 
ішіп, тойып, соңғы жаңалықтарды біліп, керекті адамдармен, туған 
туысқандармен кездесіп, күнделікті мәселелерді шешу болса, басқа 
жағынан – мұнда міндетті түрде үй иесі мен қонақтардың, үлкендер 
мен кішілердің, еркектер мен әйелдердің, алыс және жақын туған 
туыстардың арасындағы араласу жүйесі күрделі рулық ғұрыпқа 
айналады.
Қонақ асы тамақ беруден басталып, тағамдардың дәмін татып, 
әңгімелер мен қалжыңдарды айтып, үлкендердің нақылдарын тыңдап, 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет