ҚазақТЫҢ этикасы мен эстетикасы астана



Pdf көрінісі
бет75/139
Дата01.03.2024
өлшемі2.51 Mb.
#493731
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   139
etika-i-estetika-kazahov

Орынбеков М. Предфилософия протоказахов. Алматы, 1994. С. 12. 
2
Ауезов М.О. Абай Құнанбаев //Ауезов М.О. Статьи и исследования. Алма-Ата, 1967. С. 171. 


248 
Жеке алғанда ойластыру мұқтаждығынан, өзінің әлеммен рухани 
байланысын және бірлігін ұғынудан тап осындай философиялық 
пайымдау да басталады. Философия әркімге, бірде-бір адам оның 
әлемге және өзі өзіне қатынасын білдіретін, қайсыбір идеялар мен 
түсініктерсіз жүре алмайтындығынан керек болып шығады. Абайдың 
«Адам бол!» дегені дүниетанымның шектіліктен шығатын жалпы 
негіздерін білдіреді, яғни адам болмысының түпнегізді сипаттамасын 
нысанаға алады. Осында бүкіл замандар мен халықтардың өзіндік 
философиялық ойының айрықшалығы тұр, дегенмен оның көрініс 
тәсілдері, 
жоғарыда 
аталып 
өткендей, 
әлеуметтік-мәдени 
факторлардан тәуелді әртүрлі болуы мүмкін. Өз халқының 
тағдырымен байланысты түрлі мәселелер жөнінде пайымдағанда, 
Абай тек түсінуге, ақылмен ұғынуға және ақиқатты тауып алуға 
ұмтылып қоймай, сонымен бірге өзінің бүкіл интеллектуалдық және 
адамгершілік күштерін жұмылдыра отырып, адамның ішкі дүниесін 
ашқысы да келеді. 
Бірақ сонда да адамгершілікпен байланысты жалпылама мәселені 
– адам қандай болуы керек екенін – бірінші жоспарға шығара отырып, 
Абай оны, тек бірлікте алға шығатын, ақиқат пен жақсылықты сезіну 
ретінде түсінеді. Ендеше, ақыл мен ізгіліктің ішкі, туыстық 
байланысы оның философиясында айқын берілген. Бұл байланыстың 
соншама беріктігінен және үйлесімділігінен, ақыл тек жақсылыққа 
сүйенгенде, «ақиқатты білдіре бастайтындығы» шығады. Егер 
Абайдың ақылды түсінуін, сұранысты «ғылымилыққа» шақыратын 
және 
ақылды 
пайымдаушылықпен 
шатастыратын, 
жалған 
«рационализммен» ауыстырып алмасақ және осылардың кең таралған 
құбылыс екендігін ескерсек, онда оның философиясындағы ақыл мен 
ізгіліктің ішкі байланысы, әрине, айрықша көңіл аударуға лайық. 
Абайдың ақылды түсінуі және оған жүгінуі, ақылдың қуаты 
санада емес және, әсіресе, «пікірсымақтарда» емес, ал объективті 
жалпыламалықта тұрады деген ойға жақындатады, онымен жүру 
ақылды болу дегенді білдіреді. 
Осылай түсінілген ақыл Абайда өзіндік сананың әмбебап 
ұстынына, соңғының қуат қайнарына айналады. Оның «Адам бол!» 
деген ережесі тек сыртқа, басқаларға қарай емес, ал алдымен ішкіге 
бағытталған, яғни адамгершілік қырына ие, өйткені субъектіге өз 
ұғымы және сенімділігі бойынша әрекет етуге еркіндік қалдырады. 
Осында Абайдың адамгершілік ілімінің мәні ашылады, атап айтқанда: 
моральдық қылық салт-дәстүрлермен міндеттелген әрекеттерді ғана 
жасамай, оларды шын көңілмен істеуді, сонымен бірге (қазіргі тілмен 
айтқанда) оларға деген саналы мотивациялы қатынаста болуды талап 
етеді: тек керек нәтижелелерге ғана жетіп қоймай, бірақ сонымен 


249 
бірге парызды өтеу, пайдалылық ниетіндегі жеке мақсатқа сәйкеске 
қатыссыз ортақ талапқа еркін бағыну қажет болады. 
Абай үшін ақылға сай қылық шынайы адамдық қылық та болып 
табылады. Оның үстіне, адамгершілікті, ізгілікті ақылдың әлдебір 
ұстанымы ретінде қарастыра отырып, Абай оны табиғилыққа, яғни 
«табиғатпен келісімді өмір сүруге» қарсы қоймайды. Адам, дейді ол, 
сол мезгілде өзінің әлеуметтік табиғатымен де келісімді өмір сүруі 
керек. «Абай үшін бастапқы адам мен табиғаттың бірлігі ұстыны 
болып табылады: адам табиғаттың ең маңызды бөлігі болып 
қарастырылады. Бірақ сол уақытта ол адамды табиғаттың ішіне сіңіріп 
жебірмейді және адам басқа тірі жандардан, солардың арасында 
жоғары жануарлардан, ойлау, идеяларды қабылдау қабілеттілігімен 
ерекшеленеді деп пайымдайды; адам – ақылды жан»
1
. Бүкіл жалпы 
қабылданған және жалпы мойындалған моральдық қатынаста ол 
адамға лайық мазмұны бойынша бағаланады. Ақыл жігерді басқаруға, 
құштарлықтар мен инстинктерді меңгеруге қабілетті болғандықтан, 
әдептілік (ақылдылық, даналық) табиғаттан туа біткен «табиғи 
бастамадан» көтеріле білу дәрежесімен анықталады. Осыдан «Қара 
сөздерлің» 21-і сөзінде ол былай жазады: 
«Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы – 
қиын іс. Сол мақтан деген нәрсенің мен екі түрлісін байқадым; 
біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін. 
Үлкендік – адам ішінен өзін өзі бағалы есе қылмақ. Яғни надан 
атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, 
әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, 
алдамшы, кеселді – осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол 
мінездерді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл 
мінез – ақылдылардың, арлылардың, артықтылардың мінезі. Олар 
өзімді жақсы демесе, мейлі білсін, жаман дегізбесем екен деп 
азаптанады»
2

Әрине, нақтылы өмірлік тәжірибеде мораль көптүрлі адамдық 
талпыныстармен, тілектермен, мұқтаждықтармен есептесуге міндетті, 
осының күшімен игілік пайда немесе қанағаттанумен өлшене алады, 
бірақ бұл күнделікті сана деңгейінде әркімге тән, қазіргі тілмен 
айтқанда, этикалық релятивизмді ақтамайды. Абай басқаша ойлайды, 
ол қоғамда өмір сүретін адамдардың күнделікті барлық өмірлік 
мақсаттары, мүдделері мен қылықтары, ол және жоғары игілік болып 
табылатын, ортақ және жоғары мақсаттан тәуелді болуы керек деп 
есептейді. 
1
Абай и современность. Алматы, 1994. С. 207. 
2
Абай. Қара сөз. Поэмалар. Алматы, 1993. 44-б.


250 
Абай ойлары адамгершіліктен ажырау дегенді білмейді және 
сондықтан адамның ішкі дүниесін адекватты білдіреді. Абайға сай, 
адам құдай жазасынан қорыққанынан емес, ол өз қылықтары үшін 
өзінің ар-ұяты, ақылы және басқа адамдардың алдындағы 
жауаптылықты сезінетіндігінен, ізгі болуға міндетті. Міне оның осы 
көзқарасы оған өз халқы туралы, оның артықшылықтары мен 
кемшіліктері туралы бүкіл шындықты айтуға міндеттеді. Оның өз 
халқына деген терең сенімі, ішкі талаптылығы, өзіндік сыншылдығы, 
әдептілігі, соған оның өзі жататын, халық туралы бүкіл ақиқатты 
айтып беруге мәжбүрледі. «Қара сөздердің» 16-ы сөзінде ол былай 
дейді: 
«Қазақ құлшылығым құдайға лайықты болса екен деп қам 
жемейді. Тек жұрт қылғанды қылып, жығылып тұрса болғаны. 
Саудагер несиесін жия келгенде, «тапқаным осы, біттім деп, алсаң – 
ал, әйтпесе саған бола жерден мал қазамын ба?» дейтұғыны болушы 
еді ғой. Құдай тағаланы дәл сол саудагердей қыламын дейді. Тілін 
жаттықтырып, дінін тазартып, ойланып, үйреніп әлек болмайды. 
«Білгенім осы, енді қартайғанда қайдан үйрене аламын» дейді. 
«Оқымадың демесе болады тағы, тілімнің келмегенін қайтушы еді» 
дейді.
Оның тілі өзге жұрттан бөлекше жаратылып па?»
1

Бұл сөздерден оның халық тағдыры туралы қам жеуі анық көрініс 
тауып тұр. Осы жөнінде Ж.Аймауытов қалай жазғандай, «Абайдың 
өзіне дананың нәзіктігі, ақ пейілділігі, әділдігі, ақиқатты сүйгіштігі 
тән еді, ол бүкіл ғұмыры бойында адасқандарды шынайы жолға салуға 
күш жұмсады»
2

Абай дүниетанымы реформашыл болды. Ол өз халқының рухани 
құндылықтарын сыни бағалады, қазақ санасына тән, кейбір кертартпа 
жақтарды іштей түсінді. Оған ауыл өмірінің тұралап қалған жақтары 
тынышсыздық сезімін туғызды, оларды түсіндіруге және содан шығу 
жолдарын көрсетуге талпынды. Оны әсіресе сол ауылға тән 
мақтаншақтық, еріншектік, көре алмаушылық, түрлі интригалар мен 
дүрдараздық қинады. Ашу сезімге толы түрде ол былай жазады: 
«Осы мен өзім – қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем 
бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді. Уа, әрнешік 
бойларынан адам жақсы көрерлік, я көңілге тиянақ қыларлық бір 
нәрсе тапсам керек еді. Соны не үміт үзбестікке, не онысы болмаса, 
мұнысы бар ғой деп, көңілге қуат қылуға жаратсам керек еді, ондайым 
жоқ. Егер жек көрсем – сөйлеспесем, мәжілістес, сырлас, кеңестес 
болмасам керек еді, тобына бармай, «не қылды, не болды?» демей 
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   139




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет