278
байланысты болса, номадалық тіршілік
тынысын терең зерделеген
ғалымдар киелілік деген деңгейден табиғи тылсым оқиғалар,
құбылыстар мен нәрселерден көрінетіндігін атап өтеді. Мысалы,
аспан шырақтары, жапан даладағы жалғыз ағаш, бұлақ,
қолдан
жасалған балбалдар, пұттар, қорғандар және т.б.
“Едіге батыр” жырында айтылғандай, киелі дәрежеге табиғи
құбылыс өзімен өзі емес,
керісінше, адамға тигізетін оң ықпалы
арқылы ие болады.
Қарға қонбас қара ағаш
Қаз қондырдым жұрт үшін.
Құзғын қонбас қу ағаш
Қу қондырдым жұрт үшін.
Қу қанатын сал қылып,
Еділ, Жайық өзеннен
Көктей өттім жұрт үшін…
1
.
Қазақ даласын жете білген поляк саяхатшысы Бронислав
Залесскийдің “Қазақтардың киелі ағашы” деген суреттемесінен осы
мәселе жөнінде түбегейлі ақпарат алуға болады.
Саяхатшының әрі
суретшінің бейнелеуі бойынша, киелі ағаштың жанынан өткен кезде
«қазақтар түйелерін шөгеріп, аттың жабуын немесе кілемшені жайып
қояды да тізелерін бүгіп, немесе малдас құрып отырып дұға оқиды.
Сонан соң өздері де ағаш бұтақтарына киімінен жыртып алған
шүберек
немесе қой терісінің қиындысын, тіпті болмаса ат
құйрығынан кесіп алған қылды ақтық ретінде байлап кетеді. Олар
киелі ағашқа ақтық байлау бақыт әкеліп, ауру-сырқаудан қорғап-
қоршайды, өмір жастарын ұзартады деп ойлайды. Сондықтан, тек биік
ағаш
қана емес, шөлдегі жол бойында кездесетін аласа бұталарда да
ақтық байлаулы тұрады.
Мұндай ағашты кесу қазақтар үшін күнәнің ең ауыры болып
саналады, сондықтан оның тіпті қураған бір бұтағын сындырар бір
жан болмайды. Мұғаджар тауына жақын
жазықтардың бірінде өсіп
тұрған бірнеше діңді жабайы өрік ағашын көргенім бар, әбден қурап
қалған көптеген ірі бұтақтардың біреуіне қол тигізуге ешкімнің жүрегі
дауаламайды. Ілінген ақтық шүберектер мен қой терісінің
қиындыларының
көптігіне септік жоқ, ағаш басына салынған ой
бүркітінің ұясына да адамдар тарапынан келер еш қиянат жоқ, себебі,
киелі ағашқа салынған ұя да киелі”
2
.
Бұл суреттемеге, шынында, артық нәрсені қосу қиын болар. Осы
көзқараспен ақын-жыраулар мәтіндеріндегі киелілік суреттемелерін
салыстырып көрелік.
1
Бердібаев Р. “Едіге батыр” жыры туралы. // Әлем: Альманах. –Алматы: Жазушы, 1991.
278 б.
2
Лотман Ю. Мәдениеттер типологиясы // Әлем: Альманах, 1991.
177-178 бб.
279
Асан қайғыдан:
“Ел жағалай қонбаған көл” – кесір;
“Жазда жайлайтын, қыста қыстайтын Еділ мен Жайық” – киелі;
“Өлетұғын тай үшін, көшетұғын сай үшін ұрысу” – кесір;
Қазтуғаннан:
“Салуалы менің ордам қонған жер” – киелі;
Ақтамдердіден:
“Түйе мойын тұз кесер,
Жігіт мойнын қыз кесер…
Жомарт қолын жоқ кесер”.
Өртеніп кеткен жар,
Қайырсыз болған бай (кесір )”
Үмбетей жырау, “кие” мен “кесір” түсініктерін тікелей кісілік
қасиеттермен теңестіреді:
“Кісіні көрсең есікке,
Жүгіре шық, кешікпе,
Қарсы алмасаң мейманды
Кесір болар несіпке”
1
[9, 64 б.].
Немесе:
“Елімді иесіз деймісің,
Ерімді киесіз деймісің,
Алты арасқа білдірмей,
Басып жеймін деймісің?!”
2
.
Бұқар жыраудан:
“Жұмсасаң бала тіл алмай,
Қатының қарсы шауып ұялмай…
Ел қонбайтын шөл…“
Көтеш ақыннан:
“Ай қараңғы, күн бұлыт, түн демеңіз,
Біреу жарлы, біреу бай, күндемеңіз,
Ата тілін алмаған арам ұлды,
Аузы түкті кәпірден кем демеңіз”
3
.
Сонымен, “киелі” және “кесірлі” түсініктерін не
христиандық
“священный” және “не угодный богу”, не мұсылмандық “қасиетті”
және “мәкрұх” ұғымдарымен теңестіру дұрыс емес. Қазақы
дүниетанымда бұл ұғымдар көшпелілік өмір салтынан туындаған
және адам мен дүниенің арақатынасын айқындай түседі.
Қазақ әдебіндегі жиі қолдыланатын кісілік құндылықтың бірі –
тектілік. Бұл ұғым ортағасырлық түркі философиясында да жан-
1
ХV-ХVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы /редактор Ә. Дербісалиев. - Алматы: Ғылым, 1982.
64 б.
2
Достарыңызбен бөлісу: