3-қадам. Құрылымын сақтап, сыни мақала жазу
Сөз басы
•Шығарма авторы, шығарма атауы,
шыққан жылы, т.б. ақпараттарды қамтитын,
талданатын шығарма туралы қысқаша ақпарат беру.
•Шығарма тезисін 1-2 сөйлеммен сипаттау.
•Автор ұсынған аргументтерді сипаттап болған соң, өз тұжырымын жасау.
Шығарманың маңыздылығы неде? Неліктен құнды?
Негізгі сөз
•Шығарманың мазмұнына қысқаша сипаттама беру.
•Қоғамдық мәселені талқылау (құрылым, стиль,
көзделген аудиториясы, автор
көзқарасы).
•Шығармадан дәлел келтіру. Автор ұстанымын,
өз ұстанымын дәлелдеу, т.б.
үзінділерді қолдану.
Сөз соңы
•Автор көздеген мақсатына жетті ме? Шығармадан қандай ой түюге болады? Қандай
қорытынды шығаруға болады?
«Сынды тек қана сынау құралы деп түсіну — қателік. Сынның ең əуелгі жəне
негізгі міндеті — əдемілікті, сұлулықты, жарастықты, парасаттықты, көркемдікті
қастерлеу,
жақсыға қуану, жаманға қамығу, гүлденер өнерге қолғабысын тигізу,
теріс жолдан сақтандырып, оңға бастау, бағыт-бағдар сілтеу»
Кəкішев Т. Қазақ əдебиеті сынының тарихы. — Алматы: Ғылым, 1994. — 358б.