«Қазақ әдебиеті» пәні оқу бағдарламасында «оқырманның
рухани
дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу», «шығармада
көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау», «әдеби
шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу», «шығарма
бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу»,
«әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен
салыстыра
талдап, шағын сын мақала жазу» оқу мақсаттары қамтылған. Жазба жұмыстарын
жазуда оқушыларға оның құрылымын, үлгісін ұсынған жөн.
Сыни мақала жазуға дайындық келесі қадамдарды қамтиды:
1-қадам. Қажетті ақпараттарды іріктеу.
1.Шығарманы
мұқият оқып, маңызды деген үзінділерді белгілеу, іріктеп алу.
Өзекті, маңызды,
пайдалы деген, тіпті келіспейтін көзқарастар мен мәліметтерді
жинақтау.
2.Тезисті анықтау. Автордың тұжырымдары мен пайымдауларын анықтау. Автор
нені
дәлелдегісі келеді, нені жоққа шығарғысы келеді? Шығармадағы басты
тақырыпты көрсету.
3.Автор идеясын анықтау. Басты тақырыпты ашатын
сөйлемдер мен дәлелдерді
жинақтау арқылы автор идеясын анықтауға болады. Тезисті қолдайтын көріністер
мен образдарды табу.
4.Қорытындылау. Жинақталған мәліметтер негізінде бір абзац көлемінде өз
сөзімен қорытынды шығару. Автор ұсынған
басты аргументті қамти отырып,
идеяны қорытындылау.