Осы тармақшада жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қатер деп жұмыскерлердің
өндірістік жарақаттар алу ықтималдығын не қайтыс болу тәуекелін түсіну керек;
7) жұмыс орындарында белгіленген талаптарға сай келмейтін
арнайы киімнің және
басқа да жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарының берілуі мен пайдаланылуына
тыйым салуға;
8) 2018.24.05. № 156-VI ҚР
Заңымен
алып тасталды
(
бұр.ред.қара
)
9) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды белгіленген тәртіппен тергеп-
тексеруге;
2020.04.05. № 321-VІ ҚР
Заңымен
10) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
10) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан, нұсқау алудан,
білімін тексеруден өтпеген жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбек
қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды жұмыстан шеттету, сондай-ақ кінәлі
адамдарды жауаптылыққа тарту үшін жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар
беруге;
2020.04.05. № 321-VІ ҚР
Заңымен
11) тармақша өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
11) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу,
мемлекеттік еңбек
инспекторларының актілерін жұмыс берушілердің орындамауы фактілері бойынша
ақпаратты, талап-арыздарды және өзге де материалдарды тиісті құқық қорғау
органдарына және соттарға жіберуге;
12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеруге қатысуға;
13) жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту
туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы
заңнамасында
белгіленген, шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібі
мен шарттарын сақтауы
тұрғысынан тексеру жүргізуге;
14) 2018.24.05. № 156-VI ҚР
Заңымен
алып тасталды
(
бұр.ред.қара
)
15) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды
жүзеге асыру кезінде азаматтармен және жұмыскерлердің өкілдерімен өзара іс-қимыл
жасасуға;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге
асыруға құқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: