92
Сонымен бірге бір рет қолданылатын пластмасса шприцтерді шығарады.
Құю, қан құю және ағза қуыстарын жууға Жанэ типті шприцтер, Бобров
аппараты шыны воронкалары т.б. қолданылады (сурет 71).
Әртүрлі ұзындықты және диаметрлі инъекциялық инелерді «Рекорд»
және Луер типті шприцтарды келесі сандарда шығарады: бірінші екі цифрасы
түтіктің диаметрінің миллиметрдің ондық бөлігін, ал келесілері –
миллиметрмен түтік ұзындығын білдіреді. Каналдарды тазарту үшін инелер
жұқа сым – мандренмен қамтамасыз етілген. Осы заманның ветеринария
ережесінде малға инъекция жасауға тек қана бір
ретік шприцтерді қолдану
қатаң қадағаланады. Сол себептен шыны шрпицттерді пайданануына тиым
салынады.
Инъекциялар және құюларда хирургиялық инфекцияның ережелерін
қатал түрде сақтап; инструменттерді енгізілетін
Сурет 71. Шприцтер:
1 –“рекорд”; 2- жүгіртпенмен;
3 – шыныдан жасалған Луердікі;
4 - пластмасса; 5 - Жанэ типті қуыстарды жууға арналған;
б – инесіз инъектор
сұйықтықтарды стерилдеп, қолды және операциялық алаңды дайындау керек.
Инъекциялар балауға арналған, емдік және алдын-алуға арналған болады.
Сұйықтықтарды енгізу жолдарына қарай инъекциялар келесі түрге бөлінеді:
теріішілік, теріасты, бұлшықетке, тамырішкілік, артерияішкі, құрсақішкі,
синовиаішіне, жүрекішкі және т.б.
Теріішілік инъекциялар. Көбінде аллергиялық
препараттарды енгізу
және енгізетін дәрілерге биосынама үшін жасайды. Жүгірмегі бар шприцтар
(сиымдылығы 2 мл) және арнайы инелер немесе инесіз инъекторларды
пайдаланады. Инені тері бетіне паралельді екі саусақпен ұстап, тұрған тері
қалыңдығына енгізеді. Инъекция орны: ірі малдарда – мойынның қыр
беткейінің ортаңғы үштен бір бөлігі; ұсақ малдарда құйрық асты қатпарына;
93
шошқаларда – құлақтың сыртқы және ішкі беткейіне; тауықтарда –
сақалшаққа және айдарына салады.
Тері астылы инъекциялары - ерітінділерді (майлы ерітінділерді сирек)
енгізудің ең жиі қолданатын жолы. Суспензиялар,
гипертоникалық
ерітінділер және инфильтраттар мен некрозды шақыратын тітіркендіргіш
ерітінділер пайдаланылмайды. Инені теріастылық шелі жақсы дамыған
орынға тері қатпарын тартып енгізеді: жылқыға және ірі қара малға
мойынның қыр бетіне, көкірек астына; қойларға санның ішкі беткейіне; итке
және мысыққа - мойын, кеуде аумағына, санның ішкі бетіне; құсқа - шүйде
және кеуде аумағына жібереді. Дәрі әсері 10-15 минуттан кейін басталады.
Бұлшық етке инъекциялар басқа түрі инъекциялардан ауыртпалығы
төмен. Сулы, майлы ерітінділерді және суспензияларды енгізуге болады.
Тітіркендіргіш заттарды қолдануға болмайды. Теріастылық шелге қарағанда
бұлшық еттер қанмен молырақ қамтамасызданған, соған байланысты дәрінің
сорылуы тез жүреді. Ірі малдарға инъкция орны артқы сан бұлшық ет тобы,
мойын бұлшық еттері, кеуде асты, иықтың үшбасты бұлшық еті, шошқаларда
құлақ тұсындағы мойын бұлшық еттері, санның ішкі беткейі, бөксе бұлшық
еттері, иықтың үшбасты бұлшық еті (сурет 72). Иттерде және мысықтарда
артқы сан бұлшық еттер тобы, санның ішкі беті, иықтың үшбасты бұшық еті;
құстарда төс сүйек және сан аумағы.
Тамыр ішкі инъкциялар және құюлар үшін тек сулы ерітінділерді
пайдаланады, себебі суспензиялар мен майлы ерітінділер эмболияны (тамыр
ішіне бөгде заттың тұрып, бітеліп қалуы) шақыруы мүмкін. Тамырішілік
енгізулердің емдік әсерге тез жету үшін, көп мөлшерде сұйықтықтың
мөлшерін жіберу үшін немесе басқа жолмен енгізуге мүмкіндік болмағанда
(тері астылық немесе бұлшық етке енгізулерде ұлпа некрозы болса мысалы,
хлоралгидрат, кальций хлориді, 40% глюкоза ерітіндісі және т.б.). Жылқыға
енгізу орны – мойынның алдыңғы үштен бір бөлігіне күре тамырға(сурет 72,
2), тамырлар болмайтын жерде сыртқы көкірек көктамырына жібереді. Ірі
қара малға сыртқы күре тамырына немесе тері астылық іш көктамырына;
шошқаларға - құлақтың үлкен көктамырына (сурет 73), марқа торайларға -
іштің тері астылық көктамырына және краниальды қуыс көктамырына.
1
2
Сурет 72. 1 - Шошқаға бұлшық етке инъекция орны штрихталған кескін(Ю.
Костыра); 2 – күре тамырға құю тәсілі: а) құйған кезде; б)
құйып болғаннан кейін
94
Иттерде инъекцияға кеуде аяқтарының, білектің тері астылық
көктамыры және артқы аяқтарындағы кіші жасырын көктамыры (сурет 73),
қолайлы; құстарда - шынтақ буынының қасындағы шынтақ тері астылық
көктамыры (сурет 74).
1
2
Сурет 73. 1. Шошқаның үлкен құлақ тамырына инъекция жасау; 2. Итке инъекция жасау:
а) кеуде аяқтарының білектің тері астылық көктамырына: б) артқы аяқтарындағы кіші
жасырын көктамырына
Тамырдан жасайтын инъекциялардың жалпы ережелері.
Ірі малдарды
түрегеп тұрған күйінде бекемдейді. Ұсақ малдарды бекемдегенде қырынан
немесе етпетінен жатқызып, құрсақтық
жағдайда ыңғайлы қылып
бекемдейді. Көктамырдың ортасын, пункция жасайтын орынды резеңке
жгутпен немесе саусақпен басып, қысады. Инъекциялық инені теріге үшкір
бұрышты тіреп көктамырға параллельді келтіреді. Теріні тескеннен кейін ине
ұшымен көктамыр қабырғасын жайлап басып тез итеріп теседі. Инені
көктамыр қуысына бірнеше миллиметрге жылжытып, енгізеді. Сонан соң
шприцтің жүгіртпесін кері тартып, қанның шприцке енгенін көруіміз керек.
Инені тамыр боймен салады. Инъекция кезінде көктамырды жібереді, ал оны
аяқтағаннан кейін пункция орнын қысады.
Қан тамырларына ауа
көпіршіктерінің кіруінен сақтау керек.
Ұсақ малдарға сұйықтықты кіші мөлшерлі, инесі бар шприцпен
енгізуге болады. Сұйықтықтардың көп мөлшерлерін тамыр ішіне құю әртүрлі
инфузиялық жүйелер арқылы жасалады. Оларға ыдыс түрінде шыны
құйғыштар, Жанэ шприцінің цилиндрі, Бобров аппараты т. б. құралдар
қолданылады. Бобров аппаратын қолданған кезде бір резеңке түтікті
көктамырға енгізілген инеге, ал екінші резеңке түтікті ауа айдайтын алмұртқа
қосады. Ауа шыны ыдыстағы сұйықтықты тамырға шығарады. Ыдысты құю
кезінде төмен қаратып, төңкеріп ұстайды. Соңғы жағдайда түтікті инеге
жалғастырып ыдысты көктамырдың пункция
салынған орыннан төмен
түсіріп, ауа көпіршіктері толығымен шыққанға дейін ұстап тұрады. Жгутты
алып, құйылатын құралды пункция орнынан жоғары ұстайды (суретті 75).
Инфузия аяқталғанда көктамырды қайта қысады, тітіркендіргіш