124
Жуасытатын сақинаның бос ұштарын бұрандамен қосып бекітеді.
Бұранданың басын қысқаштармен сындырып алады. Жара 8-10 күн
аралығында жазылады.
Танау-ерін айнасының пластикасы (ринопластика)
Көрсетуі. Операцияны танау қалқасы жуасытатын сақинамен
жыртылғанда, асыл тұқымды бұқаларда жасалады.
Бекіту және жансыздандыру. Бұқаны станокта бекітеді. Басын мүйізге
арналған станоктың бағаналарына байлайды. Литикалық ерітінділердің
келесі қоспасын: 2,5% - дық аминазин, 20мл 1% - дық димедрол, 10 мл, 0,5 %
- дық новокаин ерітіндісін 30 мл күре тамырдың
ішіне немесе бұлшық етке
енгізеді. Бұл мөлшер 1000 кг бұқаға жарамды. Ең нәтижелі әсер бұлшық
еттен 4 - 5 мл ромпун енгізгенде болады. Тынышталған малға екі жақтан
көзстыңғы жүйкеріне тежеу жасалынады.
Операция техникасы. Операция жасайтын орынды тазартып 0,5%
аммиак ерітіндісімен майсыздандырып, 1:3000 йодталған спирт ерітіндісімен
домдайды. Өткір спальпельмен шорланған танау үстіңгі
немесе астыңғы
жырылған орындарын қан шыққанша қырып тазартады. Қан кетуін үстіңгі
ерінге жгут салып немесе пинцеттермен қысып тоқтатады. Операцияны екі
түрде жасалады (Сурет 100):
а
б
Сурет 100. Ринопластика
а – I – түрі;
б - II – түрі
I - ші түрі Г. Н. Фоменко тәсілімен тыртықталған аумақты кесіп,
жаралы
беттердің пайда болуынан соң, танаудың жарғақты қабаттарының
шеттерін 1-2 үзінді түйіндіні кетгут тігісімен қосып тігеді. Жіптердің
ұштарын кесіп алады, ал тігістерді біржолата шешпейді. Содан соң танаудың
үзілген ұлпаларының қалыңдығына 6-7 нүктеден сұйық пластмасса немесе
БФ -6 желімін таза түрде немесе пенициллин қоспасымен 1:100
қатынаста
енгізеді. Жара беттеріндегі артық желімді және қан ұйындыларын анжымен
тазалап алады. Инъекциялаған желім ұлпаларда тыртықтардың дамуына
жағдай жасайды және танаудың соңғы бөлімдерінің беріктігін арттырады.
125
Жараның бетіне стрептоцид ұнтағын мол қылып сеуіп, танау-ерін
айнасына капрон (лавсан) № 4 – 6 жібімен 3 – 4 ілмектік тігіс салып ұштарын
шешілмеу үшін, күйдіріп бұрап қояды. Операциядан 1 – 2 тәулік кейін тесік
тарылмау үшін оған қатты резенке түтіктерді өткізіп қояды. Тігістерді 10 – 14
тәулік
өткенде алады, танау сақинасын 45 күннен кейін салады.
2- ші түрі И. И. Магда, Е. Н. Пономаренко, О. Б. Бондаренко тәсілімен
(сурет 100
б). Ақау беттерін өңдеуден кейін және қан кету тоқтатқаннан
кейін жуасытатын сақинаны салып оны тоқыма баумен, жіппен мүйіздерге
бекітеді. Қорыта келгенде сақина кейінгі манипуляцияларға кедергі
болмайды. Содан соң екі еселенген кетгутпен № 8 жіптермен үш
құрық
тәрізді тігіспен танаудың жырылған шеттерін қосып тігеді. Кетгуттың тарауы
барысында (2 апта) жара жазылуынан кейін, тігістерді алу қажет болмайды.
Операциядан 45 күннен кейін мүйіздерге сақинаны байлаған тоқыма бауды
тіліп алып тастайды, бұл операция 15 минут арасында тамамдалады.
Операциядан кейін екі тәсілде де бұқаларының рационынан ұнды
азықтарды, сабанды алып тастайды. Суаруды қолмен суаруға ауыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: