«Ежелгі дәуір әдебиеті» «Алып Ер Тұңға» дастаны


ЕРЛАН ЖҮНІС «МЕНІҢ АТЫМ-ТӘУЕЛСІЗДІК»



Pdf көрінісі
бет194/228
Дата05.03.2024
өлшемі3.69 Mb.
#494339
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   228
Әдебиет пәнінен барлық шығарма талдау 1 (2)

ЕРЛАН ЖҮНІС «МЕНІҢ АТЫМ-ТӘУЕЛСІЗДІК»
« Тақырыбы: Тәуелсіздік
« Идеясы, түйіні: Тәуелсіздікке жету жолындағы қиындықтарды көрсете оты-
рып, тәуелсіздіктің мәні мен маңызын түсіндіру
« Тармақ, бунақ, буын саны: 64 тармақ, 2 бунақ, буын саны әртүрлі
« Ұйқас түрі: шалыс ұйқас
« Әдеби теориялық ұғымдар:
Эпифора, ассонанс, кейіптеу, теңеу, гипербола, гротеск, метафора, жай
қайталау, эпитет, инверсия, метонимия, анафора, синекдоха
Алып қорғанның құлауы, алып таулардың шайқалғаны, алып құрлықтардың
теңселуі, алып мұхиттардың толқуы - кейіптеу, гипербола.
Ат төбеліндей халық, сұлаған жаудай - теңеу
Алып қорған, жас өмір, нзік сезім, темір шымылдық, ұлы қорған - эпитет
Бастарын сүйеп ғасырға, алып ойлардың қорқуы, империяның көз-жасы, бір
тамшы суға байлану,темір шымылдық түрлерін көрдім, ұлы қорғандардың күй-
реуі - гипербола(гротеск)
Тәуелсіздік - мен, ол - менің асқақ аңызым - метафора
Жұмыстан жаңа әнұран айтып оралған - инверсия
Алып жүрек, алып сағат, сахнаға шықты жас өмір - метонимия
Империяның көз жасы, Алып сана мен ой, көзінің жасы сөйлеген түн - синекдо-
ха
Қайталау түрлері кездеседі, «алып» деп бастала береді - анафора, «көрдім» деп
аяқтала береді - эпифора
Ассонанс дауысты дыбыстан бірыңғай басталатын жолдар көп кездеседі.


…Алып қорғанның құлағанын көрдім,
Небары алты жасымда,
Алып тұлғалар жылағанын көрдім,
Бастарын сүйеп ғасырға.
Алып таулардың шайқалғанын көрдім,
Алты жасымда соны ұқтым:
Алып сөздерді айта алғанын көрдім,
Ат төбеліндей халықтың.
Алып кітаптар торыққанын көрдім,
Сол сәтте-ақ одан безінгем,
Алып ойлардың қорыққанын көрдім,
Ең бір нәзік сезімнен.
Алып сағаттар тоқтағанын көрдім,
Өлшенді уақыт жаңадан,
Алып жүректер ақталарын көрдім,
Алты-ақ жасар баладан.
Алып құрлықтар теңселгенін көрдім,
Темір бұғаулар тозғасын,
Алып заңдардың кемсеңдеуін көрдім –
Империяның көз жасын!
Алып мұхиттар толқығанын көрдім,
Бір тамшы суға байланып,
Алып тәждердің балқығанын көрдім,
Елтаңбаларға айналып.
Алып мүсіндер қирағанын көрдім,
Сұлаған жаудай жебеден,
Алып саналар жиналарын көрдім,
Тұрғызу үшін жаңа әлем!
Құрыштардың да шірігенін көрдім,
Сен боса, болат, тас егіл!
Темір шымылдық түрілерін көрдім,
Сахнаға шықты жас өмір!
Алты жасымда!
Жылаған жоқпын,
сұраған жоқпын анамнан,
Сол күні жаңа әнұран айтып оралған,
Сол түні неге ұйықтамай маған бір аңыз айтып шыққанын
Ұл жайлы Күннен жаралған.
Түсінбесем де тыңдаймын,
Онсыз да оны жесірлік салған жасытқан еді мұң-қайғы…
Көзінің жасы сөйлеген түнді ұқпасам да,
Аңыз ұнаған
Жаралған Күннен Ұл жайлы!
Деген де шығар «бодандық жайлы білмесін»:
Сен түсін, дәуір, сонау бір қанды жыл кешір!


Тарихтан дәріс оқитын менің анашым орта мектепте
Ұлына бірақ айтпапты кісен, құлдық пен түрме бүргесін.
Ерлікті айтқан, үйретпеді ол ездікті,
Ұстатқан қалам, ұстатпады ол кездікті,
«Құлыным, сенің тарихың басқа» деген тек,
Ол, бəлкім, менен Сөз күтті!
Ал бүгін, енді,
Тарихты өзім білемін,
Жолдарды сезем жонарқамменен мыңжылдар өткен ұлы елім.
Ұлылық жайлы ойлайды басқа,
Жап-жас шақ
Ұлы қорғандардың күйреуін көрген жүрегім –
Алты-ақ жасында ақырын көрген алыптың!
…Тәуелсіздік ше?
Ол – менің тегім,
ұлдарыма оны дарыттым.
Тәуелсіздік – мен,
ол – менің асқақ аңызым,
Болмысы ол ұлдың өзіңнен туған, Жарық Күн!
УРАА БІТТІМ!!!
ТӘУЕЛСІЗДІК ДЕГЕН СӨЗ ЖАҚСЫ ҒОЙ, ӘРИНЕ, БІРАААҚ УЖЕЕ ЖҮЙ-
КЕМДІ ҚҰРТТЫ)))




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет