Батырша – башқұрт жігіт, қырға орыс-казактармен бірге шабуылдамақ болады,
дегенмен Шәпи оны райынан қайтарады
Есаул Ферапонтов- форпост бастығы, казак, Қаршидың есаулы
Апақ сұлтан - Айшуақ сұлтанның баласы
Айшуақ- жасы алпысты алқымдаған, Нұралы ханның туған інісі, Жетірудың
ұлысбасысы, сұлтан Айшуақ Әбілқайырұлымын деген кейіпкер, Апақ деген
ұлы Назаровтың отрядының қолынан қаза болады. Еңсегей бойлы, жасы
алпысты алқымдап қалса да, әлі тіп-тік, кісіге шаншыла қарайтын қазақ.
Назаров - орыс-казак отрядын басқарушы, қатал, озбыр.
Александр Александрович Пеутлинг-Уфадағы правитель қызметіндегі
генерал-майор
Нұралы хан – 37 жыл билеген, алғашқы 8 сегіз ата дәстүрін сақтаған, кейіннен
өзгеріп кеткен, «Хан кеңесін» таратып жіберген. Нұралы туралы айтатын Беріш
Алдар би
Орманбет - Ұлы Ноғайдың ең соңғы ұлы биі. 18 жыл бойы Тасобада атысып
өлген.
Дәуқара батыр мен Бармақ батыр - бір-бірімен айқасып, ерлікпен қаза тапқан
батырлар. Дәуқара - ерегесте опат болған Сырымның өз атасы, әлтеке байбақты,
Бармақ - табын руынан.
Пугаш батыр - Емельян Пугачев, Сырым бірге соғысқан көтерілісті бастаушы
Шағынгерей - Қырық таңбалы қайран Қырымның ең соңғы ханы.
Суорып деген батыр жандарал (Суворов) - осы Орыс-Түрік соғысында көзге
түскен генерал, Пугачев көтерілісіне атысқандарды қан сасытып қырған қолба-
сы. Сол кезде жас шамасы қырықтың үстіне шығып кеткен, әйтсе де, сақал-мұр-
тын үнемі тап-таза қылып қырып жүретіндіктен, шанаш беті көзаязданып, қат-
пар-қатпар боп тұратын, қапсағай бойлы, қайыстай қатып қалған арықша кісі.
Бірақ сол нәзіктеу, әлжуаз түріне қарамастан, діні де қатты, ділі де берік. Қимы-
лы да шалт, ширақ. Көкшіл сұр көзі тіпті суық, тым сұсты.
Табын Барақ - Еділ қалмақтарымен ұрыстардағы ерліктері туралы талай
әңгімелері бар батыр. Ірілік танытып, елдің алды болып көмек қолын созуға
келген азамат.
|