Матрикстік металлопротеиназа-8 (MMP-8)
MMP-8 ( нейтрофильдік коллагеназа және колла-
геназа 2 деп те аталады) полиморфтыядролық лей-
коциттердің маманданған көпіршіктерінде (PMNs)
активсіз профермент түрінде болады. (PMNs) фага-
цитоз кезінде өте маңызды рөл атқарады.
Матрикстік металлопротеиназа-10 (MMP-10)
MMP-10 ( стромелизин-2 және транзин-2 деп
те аталады) остеокластармен, бастың ісік жасуша-
ларымен, адамның мойны мен өкпесінде экспрес-
сияланады. Активті MMP-10 жараның жазылуына
қатысатын нәруыздарды ыдыратады: III және IV
типті коллагендер, желатин, нидоген, ламинин-1,
эластин және протеогликандар [2 кесте].
ММР шамадан тыс немесе нашар экспрессия-
лануы жоғарыда атап өтілген патологияға мысал
бола алады, осылайша жасушаның ретсіз бөлінуі-
нен ұлпалардың морфологиясының өзгеруіне, ар-
трит немесе дәнекер ұлпаларының бұзылуына,
нейродегенеративті бұзылыстарға мысалы, скле-
роз, Альцгеймер ауруы, жүрек-қантамырларының
бұзылуы мысалы, атеросклероз, өкпе аурулары
мысалы, эмфизема және муковицидоз, сепсис
және аутоиммундық бұзылыстар .
Металлопротеазалар артрит кезінде буындар-
дың деструкциясына қатысады. Ревматоидты ар-
тритпен ауыратын адамдардың қан плазмасында
ММП белсенділігінің жоғары екендігі анықталды.
мРНК гиперэкспрессиясы ММП-1,-3 нәтижесінде
қабынғандығы анықталған. Ферментердің активті
белсенділік дәрежесі шеміршекте буынның ауыр-
лық зақымдануна байланысты [8].
Глюкоза концентрациясының жоғары болуы
ММП секрециясын төмендетеді және диабет кезін-
де протеолитикалық белсенділігін азайтады.
Ферменттердің белсенділігін азайту мезан-
хиальдық жасушалардың пролифирациясына,
ММ нәруыздарының көбеюіне, базальдық мем-
брананың қалыңдауына және капиллярлардың
жинақталуына әкеледі. Бұл бұзылулар диабет-
тік нефропатия бар науқастарда сүзу мүмкінді-
гін және шумақты гемодинамиканың бұзылуына
әсер етеді [9].
Соңғы жылдары ММП-ға фиброздың маркері
ретінде көп көңіл бөлінуде [10]. Вирустық гепатит
С ауыратын науқастарда бауырдың токсикалық
зақымдануы кезінде ішімдікті шамадан тыс қол-
дануға байланысты, созылмалы қабыну кезінде
бауыр церозының дамуында металлопротеазалар
және олардың эндогендік ингибиторларның ара-
|