ҒЫЛЫМИ ЕҢБЕКТЕРГЕ ШОЛУ ЖƏНЕ БАС МАҚАЛАЛАР
7
УДК: 577.15:616-01/-099
АБДРАХМАНОВА Б.М.
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы
«Медициналық университет Астана»
АҚ Астана қаласы
МАТРИКСТІК МЕТАЛЛОПРОТЕИНАЗАЛАР: ҚҰРЫЛЫСЫ, РЕТТЕЛУІ,
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ РӨЛІ
Бұл шолуда адам ағзасында кең таралған ма-
трикстік металлопротеиназалар тұқымдасына жа-
татын ферменттердің құрылысы, қызметі, реттелуі
көрсетілген. Әрбір кластың құрылымдық ерек-
шеліктерін көрсететін
ММП жіктелуі келтіріл-
ген. ММП «индукциялық» ферменттерге жатады,
олЛардың транскрипциясы көптеген факторларға
байланысты (стероидтық және тиреоидтық гор-
мондардан, цитокиндерден, өсу факторы және ісік
некрозынан, химиялық агенттерден және т.б.).
Посттрансляциялық деңгейде ферменттердің бел-
сенділігінің реттелуі ММП ұлпалық ингибиторла-
рымен өзара әрекеттесуін пайда етеді. Дәнекер ұл-
паларындағы нәруыздарының
деградациясының
бұзылуы патологиялық жағдайлардың дамуына
әкелуі мүмкін атап айтсақ атеросклероз, диабеттік
нефропатия, артрит, бауыр циррозы және т.б.
Кілттік сөздер: матрикстік металлопротеина-
залар, құрылысы, реттелуі, патологиялық жағдайы.
Көптеген физиологиялық
және патология лық
процесстер жасушаның реттелуіне және қозғалуы-
на байланысты екендігі белгілі. Олардың ішінде
эмбриогенез немесе даму және ұлпалардың жік-
телуі тәрізді
физиологиялық процестер бар, сон-
дай-ақ ағза мүшелерін немесе әртүрлі бөліктерін
зақымдайтын ісіктер немесе бұзылыстар түрінде
кездесетін патологиялық процестер: өкпе, бұл-
шықет, сүйек, тері, сонымен қатар жүйке, асқа-
зан-ішек, бүйрек, жүрек-қантамыр жүйесі және
сол сияқты [1].
Патологиялық және патологиялық емес жағдай-
ларда жасушаның бөлінуі және қозғалуы негізінен
адам ағзасында кездесетін каталитикалық протеаз
класына жататын металлопротеаз цинкның бел-
сенділігіне
байланысты, белгілі болғандай, олар
өздерінің каталикалық сайттарында ион цинктерін
реттейді және нәруыздардың пептидтік тізбек-
терінде амин қышқылдары арасындағы
байланыс-
тарды гидролиздайды [2]
Достарыңызбен бөлісу: