МЕДИЦИНАЛЫҚ ВАЛЕОЛОГИЯ
40
басталып омыртқа жоталарымен көтеріліп, бастың
жебе жіктеуі арқылы өтіп, мұрынның қырымен
төмен түсіп, жоғарғы еріннің тілшігінде аяқталады.
Жұптың ІН бөлігінің арнасы бұттың ортасынан
басталып құрсақтың ақ сызығымен көтеріліп, төстің
және мойынның ортасы арқылы өтіп иектің ойығы-
на барып аяқталады.
Кісідегі төрт мүшеден тұратын «басқарушы» блок
бейтараптық принцпіне байланысты екі жұп құруы-
на байланысты барлық талдауларда адамда 28 мүше
емес 26 мүше бар деп қарастырылады.
Жеті чакраның қалған алтауы: бір «реттеуші»
блоктікі және бес «орындаушы» блоктікі бірігіп бір
тұтас он екі мүше құрайды. Бұл чакралардың әрқай-
сысының адам денесінің оң және сол жартысында
жеке орталықтары бар. Олар өздеріне тән дененің
сәйкес мүшелерінен ақпарат жинайды және олар-
ды өңдейді. Бұдан басқа әрбір чакраның оң және сол
түйіндерінің қызметін үйлестіретін орталық түйіні
бар.
Сонымен бұл жүйе құрамындағы алты чакралар-
дың әрқайсысы үш түйінен тұрады: орталық негізгі
түйін, дененің оң және сол жартылары түйіндері.
Бұл алты чакралардың аттас түйіндері ұзына бойы
өзара байланысып негізгі үш түтікті қалыптастыра-
ды. Олар орталық түтік (сушумна нади), оң жақ түтік
(пингала нади) және сол жақ түтік (ида нади).
Оң және сол жақ түтіктер құйымшақтың жа-
нынан басталып алтыншы чакраға барып әрқай-
сысы өз жағындағы танауда ашылады. Мұрынның
ақпарат қабылдағанда жаңылыспайтын себебі және
иістің жандының күн көруінде зор маңызы барлығы
осыған байланысты. Мысалы, ұрпақтың пайда бо-
луын қамтамасыз ететін жыныстық байланыс еркек-
тің ұрғашының күйлегенін иісі арқылы білуі және т.б.
Сондықтан қазақта: «мұрны иісін сезбейді», «мұр-
нына май құйсыңда мал болмайды» деген мәтелдері
осының негізінде туындаған.
Орталық түтік құйымшақтан басталып барлық
орталық чакраларды біріктіріп төбенің артындағы
ойықшада орналасқан «сүйкеу, құтқару (месих)» нүк-
тесіне барып жалғасады. Адам бойында бұл негізгі
үш түтіктен таралатын организмдегі барлық құ-
былыстар және құрылымдарды өзара байланыстыра-
тын көптеген түтікшелер бар.
Адам денесінің жоғарғы бөлігінде (қол) және
төменгі бөлігінде (аяқ), оң және сол жартыларында
орналасқан алты чакралардың әрқайсысының ас-
паннан да, Жер ғаламшарынан да ақпарат қабылдай-
тын мүшелері бар. Сондықтан адам денесінің әрбір
жартысында он екі (6х2) мүшеден болады. Осыған
байланысты қазақта адамда 12 мүше бар деген ұғым
қалыптасқан. Қазақтың тілек айтқанда «он екі мү-
шең сау болсын» -деп тілеуі осыған байланысты. Ал
адамды емдеу үшін осы осы онекі мүше арқылы әсер
етеді. Сондықтан қазақта: «Он екі мүше алпыс екі
тамырыңа әсер етеді»-деп айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |