Issn 2226-3551 Қазақстан Республикасының Валеология Академиясы



Pdf көрінісі
бет47/237
Дата06.03.2024
өлшемі3.45 Mb.
#494569
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   237
2017-2

МЕДИЦИНСКАЯ ВАЛЕОЛОГИЯ
37
Абсолютті жетілген жүйенің ақпарат көзі
Жалғыздан шыққан рухты, шынды Жер ғалам-
шары жағдайындағы жанды және жансыз жүйе-
лер толығымен қабылдай алмайды. Себебі Жалғыз 
оларды жаратқанда әрқайсысына өзіне тән қасиеттер 
ғана берілген. Олар өздерінің ішкі мүмкіншіліктері 
жеткенінше сыртқы ортаға бейімделіп, өздерінің тір-
шілік етіп және күн көруін қамтамасыз етеді. 
Осыған байланысты Жер ғаламшарындағы объ-
екттер бейімделе алатындай абсолютті жетілген жүй-
енің Жер ғаламшары моделі (аспан) қалыптасады. 
Жер ғаламшары моделі үшін Жалғыздан шыққан шын-
нан адамды басқаруға қажетті басты ақпараттың жеті 
түрі қалыптасады. Жер ғаламшары моделінде көктен 
келетін жеті басты ақпарат негізінде бес жұп негізгі ас-
пан ақпарат түрлері қалыптасады. Сондықтан Жер ға-
ламшары жағдайындағы үдерістердің барлығы ондық 
негізінде жүзеге асады. Аспанның негізгі он ақпа-
рат түрлері негізінде Жер ғаламшарының өзінің он екі
ақпарат түрлері қалыптастырады. Аспанның бес жұп
элементінен Жер ғаламшарының алтыншы жұп эле-
менті қалыптасқанда оның ақпараттық негізін ыстық
жұбының ІН бөлігі жылу қалыптастырады. 
Жер ғаламшары жағдайындағы барлық объ-
екттер күн көріп және тіршілік етулері үшін осы 
қоршағын табиғи ортаның ақпараттарын қабылдап, 
соларға бейімделулері қажет. Объектер қоршаған ор-
таға бейімделуі үшін олардың ішінде бейімделетін 
ақпаратын қабылдап, соған бейімделуді қамтамасыз 
ететін тектес құрылымдар болуы шарт. 
Қоршаған табиғи ортадан Жер ғаламшарындағы
барлық объектерге екі топ ақпараттар әсер етеді.
Бірінші топ аспанға тән он негізгі ақпараттар. Екін-
ші топ Жер ғаламшарына тән он екі ақпараттар. Ал 
кісіге бұл екеуінен бөлек көктен үшінші топ басты
ақпараттың жеті түрі әсер етеді. Бірінші және екінші
топ ақпараттар табиғаты объективті, ал үшінші топ 
ақпараттар табиғаты субъективті.
Сондықтан Жер ғаламшары жағдайындағы бар-
лық объекттер тіршілік етіп және күн көрулері үшін 
алғашқы екі топтың объективті ақпараттарын қа-
былдап, соларға бейімделулері қажет. Кісі субъект 
есебінде олардан басқа басты ақпараттың жеті түрін 
қабылдап солармен басқарылып отырады. Осыларға
байланысты адам заты бірімен бірі тығыз байланы-
сты және біріне-бірі тәуелсіз екі жүйеден қалыптаса-
ды. Бірінші жүйе объективті. Бұл жүйе организмінің 
сыртқы ортаның табиғи әсерлеріне бейімделуін жү-
зеге асырады. Екінші жүйе субъективті. Бұл жүйе 
кісінің сыртқы ортаның субъективті әсерлерімен
басқарылуын қамтамасыз етеді. 
Адам затының биологиялық қызметтерінің сы-
ртқы ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін бірінші 
жүйенің табиғаты объективті. Сондықтан бұл жүйе 
құрылымдары материалданған. Олар қазіргі кез-
де бұл жүйе толығымен сипатталып жазылған. Бұл 
жүйені организмнің барлық қызметтік-құрылымдық 
жүйелері құрайды.
Адам затындағы кісілік қасиетін басқаруды 
қамтамасыз ететін екінші жүйенің табиғаты субъ-
ективті. Сондықтан бұл жүйені құрытын элементтер 
материалданбаған. Сол себептен адамды басқару 
жүйесі осы уақытқа дейін толығымен сипаттап жа-
зылмаған. Бұл жүйенің негізін үш жүз алпыс нүкте, 
он екі мүше, көздер және адамның рухани қабықша-
лары құрайды. Әртүрлі философиялық ағымдарда 
және дәстүрлі медицинада бұл жүйенің кейбір бөлік-
тері ғана сипатталған. Мысалы Қытайда ақпарат қа-
былдаушы бөлігі, Үндістанда чакралар және ауралар. 
Организмнің сыртқы табиғи ортаға бейімде-
луінің негізін тектік, гендік ақпарат, жан құрайды. 
Ал организмдегі қалған әсерлердің барлығы жанның 
негізінде жүзеге асады. Жер ғаламшары жағдай-
ында сыртқы табиғи ортаның ақпараттары адамға 
физикалық және химиялық факторлер түрінде әсер 
етеді. Адам физикалық факторлерге қысқа уақытты, 
ал химиялық факторлерге ұзақ уақытты бейімделеді. 
Физикалық факторлер адамға жел, ылғал-құрғақ (са-
лыстырмалы ылғалдылық), ыстық-суық (температу-
ра), сәуледен (қараңғы-жарық) қалыптасатын ырғақ 
түрінде түрінде әсер етеді. Химиялық факторлар ор-
ганизмге тамақ, су және ауа құрамында енеді.
Сондықтан бірінші кезекте бейімделуді қамтама-
сыз ету үшін қандай ақпараттарға бейімделу керек 
екенін қабылдайтын және өңдейтін (1) сезім жүй-
елері жұмысқа кіріседі. Одан соң организмге енген 
химиялық қосылыстарды энергия және заттар алма-
суларын жүйкелік және гуморалдік реттеу (2) арқылы 
организм жағдайын сыртқы әсерлерге сәйкестендіру 
жүзеге асады. Осы өтетін үдерістердің талапқа сәй-
кестілігі және сапасы адамның соматикалық сау-
лығының негізін құрайды. Егер бейімделу сыртқы 
орта талабына сәйкес қамтамасыз етілсе дені сау
болады, сәйкес болмаса ауытқу болады. Осындай 
амалға асырулардың (3) нәтижесінде адам организмі 
табиғи сыртқы ортаға бейімделуін қамтамасыз етеді. 
Адам Жер ғаламшарына бейімделу үшін одан 
организмге әсер ететін әрбір бейімделуге қажетті 
ақпарат түрін қабылдайтын және оларды талдайтын
арнаулы бес сезім жүйке орталықтары қалыптасады. 
Ол орталықтар келесілер: көру, есту, иіс, дәм және 
жанасу. Адам денесінде ынталандыратын физикалық 
энергияға сәйкес бес топ қабылдағыштар (рецептор-
лар) бар. Олар: хеморецепторлар, механорецептор-
лар, фоторецепторлар, терморецепторлар, ноцицеп-
торлар. Адамға аспаннан әсер ететін негізгі бес жұп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   237




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет