13.13-Сурет. Контактілі (а), контактісіз (б) түрлендіргіштері жəне
көпірлік сұлбасы бойынша қосылған (в) түрлендіргіштері бар
термоэлектрлік аспаптар
Конструктивтік термоэлектрлік түрлендіргіштер контактілі,
контактісіз немесе термобатареялар түрінде орындалады (бірнеше
термобулардың ретімен қосылуы). Контактілік түрлендіргіштерді
қолдану жалпы термоЭҚК арттыру үшін
оларды ретімен қосуға
мүмкіндік бермейді. Контактісіз түрлендіргіштерді ретімен қосу
жалпы термоЭҚК арттыруға мүмкіндік береді, бірақ сонымен қатар
аспаптың сезімталдығы төмендейді.
Термобуларды қосудың
көпірлік сұлбасы осы кемшіліктен бос. Өлшегіш аспаптардың
термоэлектрлік түрлендіргіштерінің сұлбалары 13.13-суретте
көрсетілген.
Сыртқы температураның əсерін азайту үшін аспатың əрбір
термобуын ауаны айдалған шыны баллонға орналастырады. Вакуум
термобудағы жылытқыштың жылу беруін азайтады жəне
өлшеуіш
тізбектен түрлендіргіш тұтынатын қуатты азайтуға мүмкіндік
береді.
Жылулық өлшегіш аспаптардың артықшылықтары: үлкен
жиілікті диапазондағы өлшеулердің жоғары дəлдігі жəне
көрсеткіштердің токтың қисық формасына тəуелсіздігі. Аспаптың
кемшіліктері: сезімталдық жəне жүктеме
қабілеті төмен, үлкен
қуатты тұтыну жəне сыртқы температураның өзгеруінің əсері.
Жылулық өлшеуіштік аспаптар өндірістік жəне жоғары жиілікті
токтың синусоидалық емес формасы бар тізбектерде кернеу мен ток
күшін өлшеу үшін пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: