Оқулық "Білім беруді дамытудың федералдық институты" Федералдық мемлекеттік автономдық мекемесі "


  Электрлік бірліктердің абсолюттік



Pdf көрінісі
бет23/169
Дата07.03.2024
өлшемі4.38 Mb.
#494642
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   169
SHishmarev-lsheu-raldary-.-O-uly-

2.2.4. 
Электрлік бірліктердің абсолюттік 
практикалық жүйесі 
Бұл жүйе 1881 жылы І халықаралық электриктер конггрессімен 
СГСМ жүйесінен туынды ретінде орнатылды жəне СГС жүйесінің 
электрлік жəне магниттік бірліктері тəжірибе үшін (біреулер аса 
үлкен болды, екіншілер өте кішкентай болды) қолайсыз 
болғандықтан тəжірибелік өлшемдер үшін тағайындалған. Бірінші 
тəжірибелік электрлік бірліктер ретінде қабылданды: 
• нəтижесінде ОМ атауын алған СГСМ кедергісінің 10
9
бірліктеріне тең электрлік кедергінің тəжірибелік бірлігі; 
• вольт деп аталған СГСМ электрлік қозғалтқыш күшінің 10
8
бірліктеріне тең электрлік қозғалтқыш күшінің тəжірибелік бірлігі; 
• электрлік ток күшінің тəжірибелік бірлігі - ампер, ол СГСМ 
ток күшінің 10
-1 
электр магинттік бірліктеріне тең; 
• фарад деп аталған СГСМ электрлік сыйымдылықтың 10
-9 
бірліктеріне тең электрлік сыйымдылықтың тəжірибелік бірлігі. 
1889 жылғы ІІ Халықаралық электриктер конгрессі тəжірибелік 
электрлік бірліктердің тізіміне тағы үшеуін қосты: 
• СГСМ 10
7
энергия бірліктеріне тең джоульді энергия бірлігі 
ретінде; 
• СГСМ 10
7
қуаттылық бірліктеріне тең ватт; 
36 


• СГСМ 10

индуктивтілік бірлігіне тең индуктивтілік бірлігі 
ретінде квадрант (кейінде бұл атау генриге ауыстырылды). 
Одан кейін Халықаралық электротехникалық комиссия мен 
басты конференциялардың салмақ жəне өлшем бойынша 
шешімдерімен басқа тəжірибелік электрлік жəне магниттік 
бірліктер бекітілді (вебер, сименс, тесла жəне т.б.). 
1893 жылы Чикагода ІІІ халықаралық электриктер конгрессі 
халықаралық электрлік бірліктерді қабылдады, ол электрлік 
бірліктердің абсолюттік тəжірибелік жүйесі бірлігінен олардың 
бірліктерді 
теориялық 
анықтауынан 
емес, 
эталондарға 
негізделуімен ерекшеленді. 
Конгресс үш негізгі халықаралық электрлік бірліктерді орнатты: 
• халықаралық ом, оны анықтау үшін сынап эталонын 
пайдаланды; 
халықаралық ампер, күміс вольтметр көмегімен анықталды; 
• халықаралық вольт, Кларк элементі бойынша анықталды. 
Қалған электрлік бірліктер (халықаралық кулон, халықаралық 
фарад жəне т.б) олардың туындылары ретінде анықталды. 
Халықаралық электрлік бірліктерді орнату бойынша жұмысты 
аяқтау мен абсолюттік тəжірибелік жəне халықаралық бірліктерді 
анық шектеу 1908 ж.Халықаралық Лондон электрлік 
конференциясының шешімі болды. Тəжірибелік өлшемдер кезінде 
жеткілікті жақындаумен жəне жəне заңнамалық мақсаттардың 
бірліктері ретінде электрлік бірліктерді жаңғыртады, конференция 
халықаралық ом, халықаралық ампер, халықаралық вольт жəне 
халықаралық ватты қабылдауды ұсынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет