Оқулық "Білім беруді дамытудың федералдық институты" Федералдық мемлекеттік автономдық мекемесі "



Pdf көрінісі
бет24/169
Дата07.03.2024
өлшемі4.38 Mb.
#494642
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   169
SHishmarev-lsheu-raldary-.-O-uly-

2.2.5. 
МКСА жүйесі 
Бұл жүйенің негізін 1901 жылы итальяндық ғалым Джорджи 
болжаған 
(сондықтан 
жүйе 
1958 
ж.Халықаралық 
электротехникалық комиссия қабылдаған, бірақ кеңінен таралуға ие 
болмаған «Джорджи жүйесі» деген екінші атауға ие). МКСА 
жүйесінің негізгі бірліктері метр, килограмм, секунд жəне ампер 
болып табылады. МКСА жүйесінде күш ньютонмен, жұмыс пен 
энергия - джоульмен, қуат - ваттпен өлшенеді. 
МКСА жүйесінде механикалық бірліктер толықтай электрлік 
жəне магниттік бірліктердің абсолюттік тəжірибелік жүйесінің 
бірліктері - ампер, вольт, ом, кулон жəне т.б. толықтай келісілген. 
МКСА жүйесі Халықаралық бірлік жүйесінің (БЖ) бөлігі болып 
табылады. 
37 


2.2.6. 
Жүйеден тыс бірліктер 
Әртүрлі жүйемен анықталатын бірліктердің қолданысын беретін 
белгілі артықшылықтарға қарамастан, қазіргі уақытқа дейін 
жүйелердің біріне де жатпайтын əртүрлі бірліктер кеңінен таралған. 
Жүйеден тыс бірліктер деп аталатындардың саны біршама көп 
жəне олардың көпшілігінен оларды белгілі салаларда қолданудың 
қолайлығына қарай бас тартуға болмайды, қалғаны тарихи 
дəстүрлер күшімен сақталған. 
Осылайша, қысым бірлігі - 1 см2 ауданға 1 кгс күшпен 
жүргізілетін қысымға тең атмосфера қысымы туындады, себебі 
атмосфера өлшемі бойынша теңіз деңгейіндегі атмосфералық 
ауаның орташа қысымына жақын. 
Кеңінен қолданысқа ие маңызды жүйеден тыс бірліктердің 
қатарына ұзындық бірліктері - ангстрем, жарық жылы, парсек 
кіреді; аудан бірліктері - ар, гектар; көлем бірліктері - литр; салмақ - 
карат; қысым - атмосфера, бар, сынап бағанының миллиметр, су 
бағанының миллиметрі; жылу мөлшері - калория; электрлік 
энергияның - электрон-вольт, киловатт-сағат; акустикалық шамалар 
- децибел, октава; иондаушы сəулелер - рентген, рад, кюри. 
Жүйеден тыс бірліктердің келесі тобын ондың принцип 
бойынша емес жүйенің негізгі бірліктерінен құрылған бірліктер 
құрайды. оларға бірінші кезекте минут пен сағат сияқты уақыттың 
кеңінен таралған бірліктері жатады. 
соңында, соңғы топты қандай да бір жүйемен байланысты емес 
бірліктер құрайды. Мұнда орысша, ағылшынша жəне т.с.с. барлық 
ескірген ұлттық бірліктер кіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   169




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет