38
39
қаған мемлекет ішінде тыныштық орнатып, бар күшті батыстағы
арабтарға қарсы жұмылдыруға мүмкіндік алады. 723 жылы
түргештер Ферғана қарлұқтарымен жəне Шаш тұрғындарымен
бірігіп арабтарға күйрете соққы берді. Бірақ та арабтар 732 жылы
түргештерді ығыстырып, Бұхара қаласын басып алады. 737 жылы
Сұлу қаған арабтарға қарсы жорық ұйымдастырып Тохарыстанға
дейін жетті,
бірақ көп ұзамай жеңіліп, қайтар жолында өзінің
қолбасшыларының бірінің қолынан қаза табады. Сұлудың орны-
на оның баласы Тұқарсан Құтшар қаған болды. Оның тұсында
қағанат ішінде сары жəне қара түргештер арасында билік үшін 20
жылға созылған ұзақ күрес басталып, қағандықтың саяси жəне
экономикалық жағдайы мүлдем əлсірейді.
Осы алауыздық кезінде Жетісуға Алтайдан қарлұқ тайпалары
көшіп келіп қоныстана бастайды. Түргештер қарлұқтарға лайықты
қарсылық көрсете алмады. Осы жағдайды
пайдаланған Қытай
империясының Шығыс Түркістандағы билеушісі 748 жылы Суяб
қаласын басып алып, содан кейін Шаш қаласының билеушісін
жазаға тартады. Оның баласы көмек сұрап, арабтарға барады. 751 ж.
Тараз жанындағы Атлах қаласы түбінде
Зияд-ибн-Салық бастаған
араб əскері мен Гао Сяньжи басқарған қытай əскерлері арасында
5 күнге созылған үлкен шайқас болды. Шешуші сəтте қарлұқтар
арабтар жағына шығып, қытай əскерлері ауыр жеңіліске ұшырады.
Қытай əскері Жетісуды ғана емес, Шығыс Түркістан
жерін де тастап
өз иеліктеріне кетуге мəжбүр болды. Сондай-ақ арабтар да Талас
өңірінде тұрақтай алмай Шаш қаласына шегінді. Осыған қарамастан
іштей əлсіреген Түргеш қағанаты қайтадан қалпына келмей, 756 ж.
қарлұқ тайпаларының қысымына шыдамай, біржола құлайды. Осы-
дан кейін бұрынғы Батыс түрік қағанатының орнына төрт мемлекет:
Төменгі Поволжье мен Солтүстік Кавказ жеріндегі Хазар қағанаты,
Сырдың орта жəне төменгі ағысы мен Арал өңірінде Оғыз мемлекеті,
Қазақстанның Солтүстік, орталық, шығыс аймақтарында Қимақ
мемлекеті, Жетісу жерінде Қарлұқ мемлекеті пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: