БаршағА Қолжетімді сапалы білім



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата14.03.2024
өлшемі0.8 Mb.
#495516
1   2   3
Ұлттық баяндама Баршаға қол жетімді сапалы білім

Бірінші. Мектептердің бәрін жылдамдығы жоғары, халықаралық талаптарға сай ин-
тернетпен қамтамасыз ету. Бұл ретте интернет елді мекенге тартылып қана қоймай, мек-
тепке дейін жеткізілуі керек және мектепте ішкі желі қосылуы қажет.
Екінші. Мектептер оқушылардың қажеттігін толық өтейтін интерактив құрал-жаб-
дықпен қамтамасыз етілуге тиіс. «Ақтөбе облысында цифрлы технологияның көмегімен 
шағын ауыл мектебінің мүмкіндігін толық ашу» жобасы аясында әр мектептің ерекшелі-
гіне қарай интерактив құрал-жабдықтар мен интернет жылдамдығы қандай болу керек-
тігі анықталып жатыр.
Үшінші. Мектептердің барлығы сапалы цифрлы интерактив білім беру контенті бар 
платформаларға қосылуы шарт. Оларда мектеп ісі толық цирфландырылуы қажет. Бұл 
ретте цирфлы контент тиісті сараптамадан өтуі керек. Цифрлы ресурстарға қойылатын 
талаптарға өзгерістер енеді. Мектеп бюджетінде ұстаздар мен оқушылар тегін қосылуы 
үшін цифрлы білім беру ресурстарына жазылуға қажетті қаражат болуға тиіс.
Төртінші. Білім беру мақсаттары мен білім нәтижесін нақтылау қажет; жаңа педа-
гогикалық құралдар дайындау; цифрлық технологиялар қолданылатын педагогикалық 
тәжірибені зерттеу нәтижелері базасында жаңалау.
Бесінші. Ұстаздарымыздың бәрі цифрлы тәжірибе қалыптастыру бойынша оқып, өз 
білімі мен білім беру әдістерін үнемі толықтырып отыруы керек.
Алтыншы. Білім беру ісін мемлекеттік басқарудың ақпараттық жүйесіне қосып, ата-а-
намен кері байланыс орнату, сол арқылы сабақтағы жетістіктер, оқылатын материалдар 
ауқымы, әр пәнде тақырып таңдау, ұстаз мәліметі туралы ақпарат беріп отыру қажет


26
ТжКБ - жұмысшы 
кадрларды 
дайындау ордасы
Технологиялық прогресті дамыту перспективаларын, экономиканың жаһандануын, 
жүйенің дағдарысқа түсу қаупін, тұрақтылық пен экологиялық жауапкершілікті қамта-
масыз етудің маңызын ескере отырып, кадр даярлау жүйесі алдыңғы шепте болуы керек, 
еңбек нарығының құрылымы мен мазмұнына дәл қазір не қажет екенін біліп, оны және 
болашақтағы қажеттіліктерді қанағаттандырып отыруға тиіс.
Бүгінде әлемнің жаһандық және ұлттық бейнесіне тән ерекшелік – жұмысшылардың 
кәсіби біліктілігі мен дағдыларына жаңа талап қоятын технологиялық революция, адам-
ның еңбек белсенділігі мерзімін арттыру және алдағы 5 жылдықта жыл сайын 400 мыңға 
жуық жасты еңбек нарығына шығару
29

Ол үшін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту керек. Колледждер ал-
дағы уақытта:
• қазіргі қарапайым экономика және жаңа білім экономикасы үшін жұмысшы кадр-
лар даярлайтын негізгі орталыққа;
• аймақтардағы еңбек нарығының өзгеріп жатқан құрылымын ескере отырып, қа-
жетті дағдылар мен қабілеттер қалыптастыруды көздейтін біліктілікті арттыру 
және қайта оқыту орталықтарына;
• стартаптар мен бизнес-идеяларды, әлеуметтік лифтті іске асыруға арналған 
алаңға айналады. 
Мемлекет еңбек нарығында бағыт-бағдарын айқындай алмай жүрген жастарға қол-
дау көрсетеді. Алғашқы мамандығын алуға қол ұшын созумен қатар, еңбек нарығында 
сұранысқа ие екінші мамандығын тегін алуын да қамтамасыз етеді. 
Тегін онлайн-курстар еңбек жолы табысты болу үшін үнемі біліктілікті арттырып 
отыруға, қайта дайындықтан өтуге мүмкіндік береді.
Тәжірибеден және тағылымдамадан өткен кезең еңбек өтіліне қосылады (ҚР ЕК 2015 
жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ.)
30
.
Жастарды, соның ішінде оқып жүргендерді жүйелі түрде қолдап отыру үшін жеңіл-
дікпен несие беру, жастар кәсіпкерлігі мен стартаптарды ынталандыру мақсатында 
шағын несиелер мен гранттар ұсыну ауқымы кеңи түседі. Сонымен бірге оқып жүріп, 
әлеуметтік жобаларды (әлеуметтік кәсіпкерлік) жүзеге асыратын жастарға қайтарымсыз 
гранттар беріледі. 
29
2028 жылға дейінгі еңбек нарығын дамыту туралы кешенді жоспар.
30
«Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ.


27
Ерекше қажеттіліктері бар шәкірттердің жеке мүмкіндіктері мен мұқтаждығы ескеріле 
отырып, заманауи еңбек нарығында сұранысқа ие мамандық алуы үшін механизмдер жа-
сақтау жоспарланған.
Мемлекет жастардың жұмысқа орналасуына мейлінше көбірек мүмкіндік беру мақса-
тында аймақтағы экономика құрылымын ескеретін жаңа жұмыс орындарының ашылуы-
на жағдай жасайды. 
Сапалы білім алуға, әртүрлі ұйымдар мен кәсіпорындарда, оның ішінде шетел-
де тәжірибеден өтіп, қажетті дағдыларды иеленуге мүмкіндіктер ұсыну мақсатында 
жастарға арналған алмасу бағдарламалары іске асырылады.
Жұмыс берушілердің жұмысқа орналастыруға кепілдік беретін өтінімдері бойынша 
ТжКБ-да бір білім беру бағдарламасы шеңберінде 2-3 мамандық алып шығатын кадрлар 
даярлауға мемлекеттік тапсырыс артады.
Осы шаралардың бәрі жастарды сапалы біліммен кең қамтуға мүмкіндік беріп, еліміз-
де жұмыссыз жүрген және NEET жастар азаяды. 
Оқу мазмұны – сапалы кадр дайындаудың негізі
Қазіргі уақытта ТжКБ жүйесі 1 жылдан 4 жылға дейін оқыту мерзіміне байланған қа-
таң регламенттегі типтік бағдарламалардан бас тартты. Колледждер жұмыс берушілер-
мен бірлесіп, кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлейтін
олардың мазмұны мен оқу мерзімдерін анықтайтын академиялық дербестікке ие болды.
Кадр дайындау мен қайта дайындау жұмыс берушілердің салалық қауымдастықтары 
әзірлеген кәсіптік стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Салалық мемлекеттік орган-
дар қауымдастықтармен бірлесіп, кәсіптік стандарттарды жүйелі түрде жандандырып 
отырса, колледждер әлеуметтік әріптестермен бірлесіп, білім беру бағдарламаларына 
тиісті түзетулер енгізіп отырады. 
Білім беруге арналған мемлекеттік тапсырыс кәсіптік стандарттарды басшылыққа 
алып, білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын колледждерде орналастыратын бо-
лады. 
Білім беру бағдарламаларының басты ерекшелігі – олар жастарды өзгерістерге дай-
ын болуға үйрететіндей икемді келеді.
Білім беру бағдарламаларының тізілімі ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Ұлт-
тық біліктілік жүйесі әзірленіп жатқан цифрлық платформада орналастырылады. Ақпа-
рат жұмыс берушілер мен мамандық алғысы келетіндер үшін пайдалы.
Сұранысқа ие дағдыларды қысқа уақытта меңгеруге мүмкіндік беретін модуль-
дік-құзыреттілік әдісті енгізу бойынша жұмыс ары қарай жалғасады. Мамандық бойын-
ша бір модульді немесе микробіліктілік формасында белгілі бір оқу нәтижелерін меңге-
руге, сертификаттаудан өтуге және жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі. Болашақта 
жастар оқу мен микробіліктілік нәтижелерін жинақтай отырып, басқа модульдер бойын-
ша оқуды жалғастыра алады.
Бұл әдістің институттық негізі білім берудің балама формасын, соның ішінде тәуелсіз 
сертификаттау жүргізе отырып, бейресми және ақпараттық оқыту нәтижелерін мойын-
дайтын ҚР «Кәсіптік біліктілік туралы» Заңында қарастырылған (2023 жылғы 4 шілдедегі 
о № 14-VIII ҚРЗ)
31

31
«Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 4 шілдедегі № 14-VIII ҚРЗ


28
Қызмет барысында инновациялар мен IT шешімдерді пайдалануға қабілетті білікті 
мамандарды даярлауда маңызды рөл атқаратын білім беруді цифрландыру мәселелері-
не ерекше назар аударылады.
Онлайн-оқытуды енгізу колледждердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, мобиль-
ділік пен жоғары нәтижелерге қол жеткізуге, ал студенттерге жұмыс орнында оқу арқылы 
уақыт пен шығындарды үнемдеуге мүмкіндік береді.
ТжКБ жүйесін дамытудағы инновациялық қадамдар
Студенттер мен педагогтердің академиялық мобильділігі (ауыл - қала, өңір - өңір, 
халықаралық), сондай-ақ жетекші колледждер мен құзыретті орталықтар базасында 
студенттерді практикалық оқытуды көздейтін оқытудың желілік әдістері кеңінен қол-
данылады. 
Практикалық оқыту мәселелерін шешу үшін экономикамыздың ерекшеліктерін 
ескере отырып, дуальді оқытуды енгізу бойынша жұмыс жандандырылады және оны 
колледждердің практикасына кеңінен енгізу жөнінде шара қабылданады. Колледждер 
шағын кәсіпорындар құрады, соның арқасында нақты тәжірибеге қатысатын студент-
терді еңбекақымен қамтуға мүмкіндік туады. Бұл қызметке «Жас Маман» жобасы бойын-
ша жабдықтарын жаңартқан 180 колледждің қолы жетіп отыр (ҚР БжҒМ 2018 жылғы 26 
қарашадағы № 646 бұйрығы)
32
.
Колледждерде кәсіпкерлік дағдыларды қолдауға, жеке бизнесін ашуға арналған сту-
денттік бизнес-инкубаторлар құрылады. Бұл инкубаторлар әлеуметтік серіктестермен 
бірлесіп жұмыс істейді және студенттердің бизнес-идеялары мен стартаптарын жүзеге 
асыруына мүмкіндік береді.
Ауылдық аймақтарды жетілдіру, «ауыл кәсіптерінің» кадрлық әлеуетін қалыптастыру 
және ауыл жастарын қолдау мақсатында мобильді оқу орталықтарының («көшпелі оқы-
ту») жұмысы жолға қойылады. Бұл орталықтар ауылдық жерлерде тұратын адамдарды 
қысқа мерзімді курста оқытып, даярлайды. Ал кәсіптік дағдыларды үйрететін колледж-
дері жоқ елді мекендерде 10-11 сынып оқушыларын оқытатын болады.
Колледждерді инвентарлаудан өтіп, оларды бейіндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл са-
лалық оқу орындарында барлық академиялық және өндірістік қуаттарды шоғырланды-
руға және барынша назарға алуға мүмкіндік береді.
Ауылдық жерлердегі шағын колледждерді жетекші колледждермен біріктіру, әлеу-
меттік серіктестермен бірлесіп аграрлық салада заманауи оқу шаруашылықтары мен 
шағын кәсіпорындар құру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, осы саладағы мемлекеттік 
тапсырыстарды ынталандыру және ірі кәсіпорындар мен колледждер арасындағы серік-
тестікті қолдау да жоспарда бар. 
Өңір мен сала кәсіпорындарындағы үздік тәжірибелерді қалыптастыру, кәсіби мо-
дульдердің мазмұнын байытуға арналған база ретінде колледждерде салалық құзырет 
орталықтарын дамытуға бағытталған жұмыстар жалғасады. Құзырет орталықтарында 
азаматтар біліктілік алып, біліктілігін арттырып, бейресми оқиды және дағдыларын 
дамыта алады. Олардың алған құзыреттерін біліктілікті тану орталықтары растайды. 
Мұндай құзырет орталықтары бар колледждер кәсіпорындардың жұмыс істеп жүрген 
қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау салалық орталықтарының 
32
«Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржылан-
дыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР БжҒМ 2018 жылғы 26 қарашадағы № 646 бұйрығы


29
функцияларын атқара алады. Бұл тәсіл өмір бойы оқу принципіне сәйкес келеді. Мұндай 
колледждер үшін жан басына шаққандағы қаржыландырудың ынталандырушы коэффи-
циенті көзделетін болады.
Колледж болашағының жарқын болуы кадрлық әлеуетін дамытуға тікелей байланы-
сты. Кәсіби дайындық аясында ТжКБ жүйесін білікті оқытушы-профессорлар құрамымен 
қамтамасыз ету үшін ЖОО студенттеріне minor-бағдарлама арқылы педагогикалық ком-
понентті меңгеру мүмкіндігі беріледі.
Педагогтердің кәсіптік біліктілігін үздіксіз арттыру аясында біліктілікті арттыру кур-
старының форматы мен құрылымы қайта қарастырылатын болады. Мұнда негізінен 
тәжірибеге бағдарлану және өндірісте жүріп оқу мен кәсіпорындарда тағылымдамадан 
өту, тәлімгерлік және өзін-өзі тәрбиелеудің басқа да нысандары көбірек негізге алынады.
Тәжірибеге бағытталған кәсіптік даму бағдарламалары мұғалімнің мансапта сатылап 
өсуіне ықпал етеді. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырудың векторы кәсіби құзы-
реттіліктерден басқа цифрлық, инклюзивті, гибридтік оқыту дағдыларын дамыту және 
жұмыс орнында оқытуды жетілдіру болады.
Оқытушылар мен колледж басшыларының құрамын сапалы ету мақсатында «маман-
дыққа көлденең кіру» (PGCE) (Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, тех-
никалық және кәсіптік білім беруді дамытудың тұжырымдамасы, 2023)
33
мүмкіндіктер 
қарастырылған, сол арқылы өндірістен арнайы пән оқытушылары мен шеберлерді тарту 
қарастырылады. Еңбек етуге тиісті жағдай жасау мен икемді жалақы жүйесі мамандыққа 
келіп, сонда қалыптасуды қамтамасыз етеді.
Кадрлық қамтамасыз етудің стратегиялық міндеттерін іске асыру үшін биылдан 
бастап «ТжКБ ұйымдары басшыларының кадрлық резерві» жобасы жоспарланады. Жоба 
оқытушылар және экономика мен бизнестің басқа да салаларының өкілдері арасынан 
кандидаттарды іріктеуді, оқытуды және резервке алуды көздейді. Жұмыс болашақ бас-
шылардың бойында колледжді тиімді басқаруға қажетті тұлғалық, кәсіби, басқарушылық, 
аналитикалық дағдылар мен құзыреттерді дамытуға бағытталады. Осының нәтижесінде 
кадрларды даярлау жүйесі мен кадрлық резервті жаңғыртуға қабілетті басшылардың 
кәсіби корпусы қалыптасады.
Аттестаттау форматында жалпы білім беретін пәндер мен арнайы пәндер оқытушы-
ларының және өндірістік оқыту шеберлерінің ерекшеліктері ескеріледі. Біліктілікті баға-
лау сала бойынша мамандықтың ерекшелігі мен бейінін қарастыра отырып жүргізіледі.
Экономика секторларына кадр даярлаудың стратегиялық маңызын түсіне отырып, 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ТжКБ департаменті, Комитетке ай-
налады.
Сапаны қамтамасыз ету
Ішкі және сыртқы бағалауды кіріктіретін сапаны қамтамасыз ету бағдарламасы ен-
гізіледі. Ішкі бағалау колледжішілік бақылаудың бірыңғай әдістемесі мен механизмі 
арқылы, сонымен қатар жұмыс берушілердің тәуелсіз салалық бірлестіктері мен кәсіби 
қоғамдастықтарды тарта отырып, демо емтихандар өткізу арқылы жүзеге асырылады.
33
«Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға 
арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 қаулысы, 
https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2300000249


30
Сыртқы бағалауды қамтамасыз ету үшін білім алушылар мен түлектердің кәсіби құ-
зыреттілік деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін қолданыстағы ББЖМ механизмі қайта 
қарастырылады. Онда EQAVET (кәсіптік білім беру мен оқыту сапасын қамтамасыз ету 
жүйесі) (European Commission)
34
құралдары мен қағидалары ескеріледі. 
Бітірушілердің оқу нәтижелерін біліктілікті тану орталықтарында тәуелсіз бағалау – 
сапаны қамтамасыз ету жүйесінің ажырамас элементі болады. Мемлекеттік аттестаттау 
міндетті болып қала береді.
Колледждердің кадр даярлауға қойылатын халықаралық талаптарға сәйкес ерікті са-
лалық аккредитациялаудан, сондай-ақ халықаралық аккредитациядан өтуі білім беру 
сапасын қамтамасыз ету жүйесін дамытудағы маңызды қадам болмақ.
Егер халықаралық аккредитация сәтті аяқталса және түлектердің жартысынан көбі 
халықаралық сертификаттаудан өтсе, бір студентке бөлінетін қаржы көлемін арттыра-
тын ынталандыру төлемдері енгізіледі. 
Аталған сапа көрсеткіштері ескеріле отырып, колледждерді саралау жүйесі енгізіледі.
34
European Commission. The European Quality Assurance Reference Framework for Vocational Education and Training (EQAVET). [Онлайн 
ресурс] Доступно по ссылке: https://ec.europa.eu/social/main.jsp?catId=1536&langId=en


31
Жоғары білім 
және жоғары оқу 
орнынан кейінгі білім
Бүгінде ЖОО саласы цифрлық трансформацияның дамушы ықпалымен ұшырасып 
отыр. Бұдан көптеген мәселе туындап, өткірлене түсті – университеттер цифрлы білім 
беру нарығындағы жаңа ойыншылармен бәсекелес болуға мәжбүр. 
Сонымен қатар, университет білімі тек қана оқыту мен бағалау жүйесі ретінде қа-
растырылмай, сондай-ақ «жанама білім», дәстүр, тәжірибелік жұмыс, ғылыми процестің 
құндылықтарын трансляциялау процесі болуы тиіс. ЖОО – ең алдымен, студент пен 
оқытушының бейресми сөйлесуі, әлеуметтік байланыстар құру мен бекіту кеңістігіне, 
негізінен әрі қарайғы өмірдің сапасына әсер етеді.
Қоғамдағы цифрлық трансформациялардың соншалықты қажеттілігіне қарамастан, 
ЖОО оқытушы мен студенттің бетпе-бет сөйлесу мүмкіндігін сақтауы, ғылым мен 
шығармашылыққа шабыттандыруы, оқуға ынталандыруы, жоғары адамгершілік және 
жоғары құзыреттілікке тәрбиелеудің ерекше атмосферасын ұсынуы қажет.
Адамның экономикалық белсенді қызметінің кезеңі 35-40 жастан 50-60 жасқа дейін 
ұлғайғанын атап өту керек, соған орай өмір бойы білім алуға деген қажеттілік те артады, 
бейресми білім берудің маңыздылығы да жоғарылайды (Қазақстан Республикасында 
жоғары білімді және ғылымды дамытудың тұжырымдамасы, 2023)
35
.
Жоғары оқу орындары жүйесін трансформациялау талап етіледі. Бұл ретте басты на-
зар еңбек нарығының талаптарына бағдарланған білім беру мазмұнын өзгертуге, техни-
калық қайта жарақтандыруға ғана емес, сонымен қатар бүкіл мүдделі тараптарды бел-
сенді түрде қамтуға да аударылуы қажет.
Адами капиталды қалыптастыру тұрғысынан университеттердің басты функцияла-
ры:
• инновациялардың, технологиялық прогресс пен ғылымның дамуын ескере оты-
рып, жоғары білім алған және жоғары оқу орнынан кейін де білімін толықтырған 
кадрлар даярлау;
• экономика құрылымындағы өзгерістерді ескере отырып, жұмыс істейтін маман-
дардың жаңа дағдылар мен құзыреттерде біліктілігін арттыру және кадрларды 
қайта даярлау;
• үшінші миссияны орындау: жұмыс берушілермен серіктестік, күміс университет-
тер, білім беру болады.
Соның нәтижесінде жоғары оқу орындары, технологияның ұжымдық трансферінің 
орталығы ретінде, ғылыми білімді жинақтау арқылы елдегі экономиканың қарапайым 
моделінен күрделі, жоғары технологиялық экономикаға көшуіне ықпал етуге тиіс.
35
«Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын 
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысы


32
Білім беру мазмұнын өзгерту
Жоғары оқу орындары студенттер мен жұмыс істейтін адамдар қажет ететін кәсіби 
дағдыларды қысқа мерзімде игеруге, оқытудың жеке-дара бағдарын құруға және білім-
дегі олқылықтарды жоюға, азаматтардың қосымша білім алуға деген қажеттілігін қа-
нағаттандыруға мүмкіндік беретін оқытудың жинақтаушы жүйесін іске асыруды баста-
ды.
Бакалавриаттың білім беру бағдарламасы аймақтық және салалық қажеттіліктерге, 
еңбек нарығының сұраныстары мен жаһандық өзгерістерге бейімделе бастады. Бака-
лавриатта оқу мерзімдерін регламенттеу қазірдің өзінде жойылды, енді академиялық 
кредиттің қажет көлемін игеру талап етіледі.
Бакалавриат бағдарламасы білім берудің minor және (немесе) микробіліктілік бағдар-
ламалары арқылы дербес модульдер жиынтығы ретінде жасалады.
Студенттер minor-бағдарламалар арқылы өзара жақын салаларда қосымша міндет-
терді немесе жеке сұраныстар бойынша тілдік, цифрлық және өзге де біліктіліктерді иге-
ре алады.
Микробіліктілік бағдарламасы студенттердің кәсіби стандарт бойынша (немесе тиісті 
мамандық аясында) жеке еңбек функциясын орындауына жеткілікті жаңа дағдылар мен 
біліктілікті игеруін қамтамасыз етеді.
Осындай бағдарламаларды аяқтаған соң студенттер Ұлттық біліктілік шеңберінің 
4-5 деңгейі бойынша сертификаттаудан өтуге құқылы болады. Білім беру бағдарлама-
сының модульдік құрылымы оқудың 2-3 жылынан бастап біліктілік сертификаты бар 
студенттердің еңбек нарығына шығуына мүмкіндік береді.
Екінші оқу жылынан бастап кәсіптік практикадан өту міндетті болып саналады. Бака-
лавриат бағдарламаларының практикалық бағдарын күшейту кәсіби модульдерді оқы-
туға тәжірибелі практиктерді тарту арқылы да қамтамасыз етіледі. Бұл жерде кадр да-
ярлауға қатысатын өнеркәсіп пен бизнестің жауапкершілігін күшейту қажет. Жоғары оқу 
орындары өндіріс пен ғылымға жасанды интеллект енгізуді ескере отырып, жаңа жұмыс 
орындарын құруға қабілетті кадрлар әзірлейді.
Студенттер оқудың 2 және 3-жылында қолданбалы бакалавриат дипломын алу үшін 
оқу нәтижелері бойынша жеткілікті көлемді меңгереді. Бұл кезде жоғары оқу орындары 
бағдарламасы бойынша жоғары колледждердің қолданбалы бакалавриат бағдарламала-
рына қолжетімділік сақталумен бірге, орта білімнен кейін білім алу әдістері кеңейтіледі. 
Сол себепті, азаматтарға қолданбалы бакалавриат бағдарламаларын игеру бойынша екі 
модель ұсынылады: жоғары оқу орындарында және жоғары колледждерде білім алу. 
Жұмыс берушілердің осы бағдарламалар бойынша оқыту нәтижелерін мойындауын 
заңнамалық тұрғыдан бекіту және еңбекақы төлеудің тарифтік торы мен Мамандық 
классификаторына өзгерістер енгізу қажет.
Жоғары оқу орындары оқытудың бірінші жылында – дағдыларды, ал зерттеу, циф-
рлық, тілдік және өзге де құзыреттіліктерді, кәсіби құзыреттіліктерді – 2-3 курста, қол-
данбалы зерттеу дағдыларын білім берудің соңғы жылында қалыптастыруды ескере 
отырып, білім беру бағдарламаларының құрылымын қайта қарауға тиіс.
Мұндай құрылым оқу нәтижелерін, сөзсіз, қайта кредиттеуді және колледж бітірген-
нен кейін оқуға түскендерге ЖОО-да оқу мерзімін қысқартуды қамтамасыз ете отырып, 
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдар-
ламалары оңай үйлестіреді. 
Жоғары білім күндізгі және онлайн нысандарда берілуі мүмкін. Бұл ретте жоғары оқу 


33
орындары білім алу шекарасын кеңейте отырып, қашықтықтан білім беру технологияла-
рын белсенді қолданады.
Студенттерге оқу нәтижелерін қайта кредиттей отырып, жаппай онлайн-білім беру 
курс (Coursera, EdX, Open University және т.б.) жүйелері арқылы жекелеген біліктілікті 
игеруге мүмкіндік беріледі.
Барлық студенттер үшін әлемдік кітапханалардың қолжетімді болуы тегін қамтама-
сыз етіледі және жоғары оқу орындарында цифрлық экожүйе кеңейтіледі.
Келешекте жоғары оқу орындарында бүкіл процестердің цифрландырылуын және 
студенттердің академиялық ізін ескеретін «smart-университеттер» моделіне көшу мін-
деті тұр (Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың тұжы-
рымдамасы, 2023)
36
.
Цифрлық трансформациялау
Цифрлық технологиялар қазіргі әлемнің ажырамас бөлшегіне айналды және жоғары 
білім беруді сәтті жүзеге асыруда әлеуеті зор. Виртуалды және толықтырылған шынай-
ылық, интерактивті платформалар мен жасанды интеллект тәсілдері арқылы симулятор-
ларды оқу процесіне енгізу студенттерге теория мен тәжірибелік дағдыларды тиімдірек 
меңгеруге мүмкіндік береді.
Онлайн-білім беру – студенттерге сабақты өздеріне қолайлы уақытта және үйрен-
шікті қарқында оқу мүмкіндігін берудің тиімді құралы. Онлайн-курстар, вебинарлар мен 
қашықтан оқудың басқа да формалары студенттерге түрлі елдердің жетекші маманда-
рынан білім алуға, сондай-ақ халықаралық деңгейде өзге студенттермен тәжірибе алма-
сып, әріптестік орнатуға мүмкіндік береді. 
Жоғары білім саласында цифрлы трансформацияны сәтті жүзеге асыру үшін дәстүрлі 
оқу модельдерінен жобалық қызметке екпін қоя отырып, оқудың белсенді амалдары-
на көшу қажет. Жобалық оқу студенттерге алған білімін тәжірибеде қолдануға, шығар-
мышылық ойлауды, топтық дағдыларды дамытуға және күрделі мәселелерді шешуге 
мүмкіндік береді, ал бұл заманға сай инженер үшін басты қасиеттер саналады. 
Білім беру сапасын қамтамасыз ету
«Кәсіптік біліктілік туралы» ҚР Заңын (2023 жылғы 4 шілдедегі о № 14-VIII ҚРЗ)
37
қа-
былданған соң реттелетін кәсіптер бойынша біліктілікті тану жүйелендірілді, бұл жоға-
ры оқу орындарының білім сапасы үшін жауапкершілігін күшейтеді. Реттелетін кәсіптер 
тізбесін жаңарту қажет.
Университеттер өз үлгісіндегі дипломдарды, сертификаттарды және куәліктерді, өз 
түлектерін аттестациялау нәтижелерін және біліктілігін арттыруды мойындау үшін то-
лық жауапкершілік алуға тиіс.
Жоғары оқу орындарында сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесі 10 стандартпен 
36
«Қазақстан Республикасында жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын 
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысы.https://adilet.zan.kz/rus/docs/
P2300000
37
«Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 4 шілдедегі № 14-VIII ҚРЗ. https://adilet.zan.kz/rus/
archive/docs/Z2300000014/04.07.2023


34
анықталады. Олар жоғары білім берудің еуропалық кеңістігінде жоғары және жоғары 
оқу орнынан кейінгі білім сапасын қамтамасыз ету үшін халықаралық стандарттар мен 
нұсқаулықтарға негізделген (ENQA, 2015)
38
. Жоғары оқу орындарының академиялық са-
ясаты мен ғылыми зерттеулері академиялық адалдыққа негізделеді.
Халықаралық жетекші академиялық рейтингілік агенттіктермен (QS, THE) серікте-
стікте өткізілетін Жоғары оқу орындарының тәуелсіз ұлттық рейтингі жоғары білім са-
пасын бағалау құралдарының бірі болады.
Халықаралық аккредитациялау да, бүгінгідей, білім беру сапасын тәуелсіз бағалау 
болып қала береді.
Жоғары білім сапасы оқытушы-профессорлар құрамының біліктілігі мен мотивация-
сына тікелей байланысты.
Жоғары оқу орнының оқытушысы мен ғалымның ерекше мәртебесі мойындалады. 
Жоғары оқу орындарына ғылыми жетістіктері жоғары, өндірістік тәжірибесі жеткілікті, 
білікті мамандарды тарту үшін оларды лайықты жалақымен қамтамасыз ету қажет.
Оқытушы-профессорлар құрамына еңбекақы төлеу жүйесі жоғары оқу орнының 
әділдік пен теңдік қағидаларына бейілділігін көрсетуге тиіс. Лауазымдарды жіктеудің 
нақты және ашық жүйесі жалақының өсуі нақты ғылыми нәтижелерге, біліктілік талап-
тарына байланысты болуы мүмкін еңбекақы төлеудің әділ жүйесін жасаудың маңызды 
шарты болып саналады.
Бұл жоғары оқу орындарына, қызметкерлердің тұрақтылығы мен сенімін сақтай 
отырып, қолданыстағы жүйе мен жоспарлы жаңартулар арасындағы алшақтықты жоюға 
мүмкіндік береді.
Талантты жастарды жоғары оқу орындарына оқытушылық қызметке және ғылыми 
жұмыстарға тарту үшін докторантура мен постдокторантурада ғылыми кадрларды да-
ярлау жүйесі қайта қарастырылатын болады.
Докторанттар контингентін қалыптастыру өтініш берушілердің зерттеу дағдыларын 
бағалау негізінде және жоғары оқу орындарының ғылыми мектептерін есепке ала оты-
рып жүзеге асырылатын болады. Зерттеу бағыттарының сабақтастығын қамтамасыз ету 
үшін ғылыми мектептерді қолдау механизмдері пысықталу үстінде.
Жас ғалымдар үшін шетелдік жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми орта-
лықтарда оқыту мен зерттеуге арналған бағдарламаларды жүзеге асыру, сондай-ақ 
ғылыми зерттеулерді қаржыландыру жалғастырылатын болады.
Шетелдік жетекші университеттердің филиалдарын құру саясаты жалғасады. Бұл 
отандық жоғары оқу орындарының дамуына және олардың институттық трансформаци-
ясына, білім беру бағдарламаларын үздік тәжірибелер мен ғылыми зерттеулер арқылы 
жақсартуға, оларды әлемдік стандарттарға жеткізуге ықпал етеді.
Шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының тәжірибесіне көңіл бөле отырып, 
білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде «зерттеуге бағдарланған білім беру» (ROS) 
тәсілі енгізіледі. Бұл, ең алдымен, жаратылыстану бағытындағы мұғалімдерді даярлауда 
қажет, өйткені зерттеуші-оқытушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарына өздері де қатысуға 
тиіс және студенттердің стандартты білім беру бағдарламаларының материалдарымен 
шектеліп қалмауын қадағалай отырып, оларды ғылым мен техниканың соңғы жетістік-
теріне зейін қоюға, зерттеу ортасына бағыттауы керек.
Ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерци-
38
Еуропалық жоғары білім сапасына қамтамасыз еті қауымдастығы (2015). Еуропалық жоғары білім беру кеңістігіндегі (ESG) 
сапаны қамтамасыз ету стандарттары мен ұсыныстары. https://www.enqa.eu/wp-content/uploads/fi lebase/esg/ESG%20in%20
Russian_by%20NCPA.pdf.Брюссель, Бельгия.


35
яландыруға арналған грант аясында өндіріске енгізуге және нарыққа шығаруға дейін 
жеткізуіне мүмкіндік беріледі.
Ғылыми дамудың ашық моделіне көшу жүзеге асырылады, онда ғылыми ұйымдар 
мен бизнес шоғырланған зерттеу университеті негізгі элемент болып саналады, ал ол 
жас кадрлардың үздіксіз келуін қамтамасыз етеді.
Технологиялардың жылдам өзгеріп отыруы жоғары оқу орындарының ғылыми және 
материалдық-техникалық базасына қойылатын талаптарды арттырады. Мемлекеттік 
жоғары оқу орындарын инфрақұрылым тұрғысында дамытуға базалық қаржыландыру 
көзделуі қажет.
Еліміздің 20 жоғары оқу орнының базасында құрылатын Академиялық артықшылық 
орталықтары оқытушы-профессорлар құрамының ғылыми-инновациялық белсенділі-
гінің өсуін, кадрлар мен инновацияларға өңір экономикасының қажеттіліктерін ескере 
отырып, білім беру бағдарламаларын, біліктілікті арттыру және қайта даярлау курста-
рын сәйкестендіруді, эндаумент-қорлар құруды қамтамасыз етеді.
Елдің инновациялық дамуы үшін дарынды және креативті азаматтардың әлеуетін 
толық іске асыру мақсатында өңірлік университеттер барлық облыс орталықтарында 
нақты сектормен өзара тығыз әрекеттестікке бағытталған тұтас инновациялық экожүйе 
қалыптастырады.
Оқыту және тағылымдамалар бағдарламасында зерттеу құрылымын күшейте оты-
рып, оны іске асыруда қазіргі заманның шындығы мен 30 жылдық тәжірибесі негізінде 
халықаралық «Болашақ» бағдарламасын трансформациялау, оған еңбек нарығын есепке 
алу, дарынды жастарға арналған квота, стипендия берілген сәттен бастап мансаптық 
сатысын әзірлеуді қамтитын өңірлерде дәлме-дәл жұмысқа орналастыру жөніндегі ша-
ралар кешені кіреді.
Бағдарламаны іске асыру жылдарында шетелдік серіктестер пайда болды, олармен 
қаржыландыруда жеңілдіктер беру, сондай-ақ қазақстандық жоғары оқу орындарымен 
бірлесіп сплит-бағдарламаларды іске қосу (яғни жетекші шетелдік университеттердің 
академиялық бағдарламаларын оқшаулау) туралы стратегиялық келісімдер жасау бой-
ынша келіссөздерді бастау қажет. 
Халықаралық аккредитация ұлттық рейтинг, мемлекеттік тапсырысты орналастыру 
шарттары және тәуекелдерді басқару жүйесі білім беру сапасын бағалаудың негізгі ме-
ханизмдеріне айналады.
Жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі мемлекеттік 
реттеу стационарлық модельден цифрлыққа ауысады. Тәуекел дәрежесін анықтау рәсім-
дері Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы арқылы толық автоматтандырылады. 
Соған орай мемлекеттік бақылау сапалы білім беретін жоғары оқу орындарына әкімшілік 
жүктемелерді азайта отырып, әлеуетті тәуекелі жоғары жоғары оқу орындарына ғана 
баса назар аударады.


36
Білім жүйесіндегі 
басқару тетіктері
Білім беру саласында соңғы 25 жылда мұндай қиын кезең ешқашан бол-
маған. Дегенмен, мәселе мен мүмкіндіктің қатар туатыны белгілі: бізде білім 
беруді түбегейлі өзгертуге арналған білім мен құралдар бар. Сондай-ақ, бұл 
білім беру мекемелеріндегі материалдық-техникалық базаны жөндеу мен 
жақсартуға ғана қатысты мәселе емес. Басқару мен бақылаудың көпсатылы 
жүйесінен икемді әрі қазіргі жағдайға тез бейімделетін түріне ауысуымыз қа-
жет.
Нақты деректерге негізделген, жеке тұлғалардың мүддесіне жұмыс істе-
мейтін басқару жүйесін енгізу маңызды. Жалпы, басқарудағы тұрақтылық 
пен тиімділікті қамтамасыз ету үшін қоғамның мүддесі ескерілуге тиіс. Бұл 
мекемелердің жүйелі әрі тұрақты дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғам 
игілігі үшін қызмет етуге қабілетті құнды кадрларды ұстап қалуға септігін 
тигізеді.
Білім беру саласындағы саясат стратегиялық жоспарлау негізінде жүзе-
ге асады. Жоспар сапалы болуы үшін білім беру ортасын жан-жақты зерт-
теп, үнемі талдап отыру қажет. Сондықтан білім беру ортасын жақсарту үшін 
қолжетімді деректер қоры бар ауқымды мониторинг жүйелерін әзірлеу қажет. 
Даму жоспарларын қайта қарауға негіз болатын білім беру ұйымдарының 
есептеріндегі деректердің тазалығын қамтамасыз ету қажет.
Басқару органдары қызметкерлерінің міндетіне жатпайтын функциялар 
бойынша білім беру мекемелерінің қызметіне «араласуын» азайту және олар-
дың негізгі және қосымша функцияларының аражігін белгілеу үшін қажет-
ті іс-шаралар қолданылатын болады. Бұл көпсатылы басқару мен бақылау, 
жоғарыдан төменге жіберілетін бюрократия, сондай-ақ басшылық нұсқау-
ларының көлемі мен олардың орындалуын бақылау нәтижесі ретінде «үлкен 
көлемді есеп беру» қысымын төмендетуге ықпал ететін болады.
Сонымен қатар, білім беру мекемелерінің ұйымдық-құқықтық формасына 
қатысты мәселелерге көңіл бөлген абзал. Қазірде экономиканың барлық са-
ласында пайдаланылатын жалпы заңнамалық тәсілдер жиі қолданылады да, 
көбінесе Кәсіпкерлік кодекстің аясында шешім табады. Дегенмен, бұл тәсіл 
халыққа білім беру қызметтерін ұсынудағы ерекшеліктерге сәйкес келе бер-
мейді.
Білім беру мекемелерінің ерекшеліктерін ескеріп, коммерциялық және 
шаруашылық белсенділікті шектемей, әлеуметтік бағдары бар білім беру қы-
зметтерін икемді әрі тиімді түрде ұсынуға мүмкіндік беретін маманданды-
рылған ұйымдық-құқықтық формаларды әзірлеу мүмкіндігі қарастырылады.
Білім беру саласындағы коммерциялық және әлеуметтік қызметті эконо-
миканың басқа салаларынан бөліп алу мәселесін қарастыруды жалғастыра 
отырып, мемлекеттік-жекеменшік серіктестікке тоқталған жөн. Қазақстанда 


37
жекеменшік балабақшалардың салынып, іске қосылуы еліміздің барлық ай-
мақтарында мектепке дейінгі білім берудің қолжетімділігін айтарлықтай жақ-
сартқан мектепке дейінгі білім берудің құнды тәжірибесі бар.
Білім беру саласындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын 
заңнамалық нормаларға бейімдеудің маңызын атап өткен жөн. Бұл мемле-
кеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын әзірлеу және жүзеге асыру кезінде 
ескерілу қажет маңызды жағдай. Сондықтан мұндай жобаларды сәтті жүзе-
ге асыру пайданы көздемеуге тиіс. Білім берудегі мемлекеттік-жекеменшік 
серіктестік, ең алдымен, қоғамдық мүдде-мақсатқа бағытталған ынтымақта-
стық. Мемлекет пен жеке ұйымдар арасындағы серіктестік білім беру сапа-
сын жақсартуға, қолжетімділікке және инновацияларды дамытуға ықпал етуі 
қажет. Жекеменшік серіктестердің қаржылық пайдасы білім берудің әлеумет-
тік мақсатына нұқсан келтірмеуге тиіс. Бұл жағдай мемлекеттік-жекеменшік 
серіктестікті реттейтін заңдық нормалар мен ережелерде нақты көрсетілгені 
абзал.
Білім берудегі мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобалары жеке серік-
теске қысқамерзімді пайда әкеліп қана қоймай, білім берудің қауіпсіздігі мен 
сапасын, сондай-ақ стандарттар мен нормалардың сақталуын қамтамасыз 
ете отырып, ұзақмерзімді мүдделерге қызмет етуі керек.
Жеке инвестициялары бар білім беру инфрақұрылымын дамытудан басқа, 
білім беру бағдарламаларын бірлесіп құру, білім беру сапасын сыртқы бақы-
лау және мониторингілеу, цифрлы технологияларды енгізу бағытында мем-
лекеттік-жекеменшік серіктестікті қарастыру қажет. Бұл ретте педагогтерді 
оқытуға және ғылыми зерттеулер жүргізуге көңіл бөлген дұрыс. Жүйелі қай-
ырымдылық жобалары да мемлекеттік-жекеменшік серіктестік екенін ұмыт-
пау керек, мұнда жекеменшік серіктес қаржылық пайда көздемейді. Назарбаев 
зияткерлік мектебі мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Қазақстан 
Халқына» қоры мен Білім беруді тұрақты дамыту қоры жүзеге асыратын 
тірек ауылдардағы мектептер желісін дамыту жобасы осындай серіктестіктің 
жарқын мысалы бола алады. Бұл қадамдар білім берудің қолжетімділігі мен 
сапасын сақтай отырып, қоғамдық мақсаттарға жетуге ықпал етеді.
Басқарудағы маңызды қадам – ресурстарды әділ бөлуді қамтамасыз ете 
отырып, білім беру мекемелерін дамытудың жергілікті басымдықтарына қа-
тысты шешімдер қабылдау. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында 
жергілікті атқарушы органдардың қаражатты бөлудегі дербестігі туралы ай-
тылды. Білімге жеткілікті ресурстарды бөлу, оларды пайдаланудың айқын 
тиімділігін ескере отырып, білім сапасын арттыруға ықпал етеді.
Білім басқармасының жаңа моделінде білім беру саласындағы уәкілетті 
орган мен жергілікті атқарушы органдар арасында міндеттерді бөлу мәселе-
сін ескеру қажет. Білім беруді бес негізгі блокқа бөлуге болады: білім беру 
мазмұны, инфрақұрылым, менеджмент пен басшылық, кадрларды қамтама-
сыз ету және бағалау.
Бұл ретте оқу ғимараттарын салу және күтіп ұстау, оқытуға арналған 
транспорттар мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты инфрақұрылым жа-
сау жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде. Олар өз юрисдикциясы 
шеңберінде білім беру мекемелерінің адекватты жұмыс істеуін қамтамасыз 
ете отырып, жергілікті ерекшеліктер мен қажеттіліктерді тиімдірек қарастыра 
алады.


38
Одан өзге, білім беру жүйесіндегі менеджмент пен басшылық – уәкілетті 
және жергілікті атқарушы органдар арасындағы өзара байланысты функция 
болуы керек. Бұл білім беру мекемелерін тиімді басқаруды, жоспарлауды, ка-
дрлармен қамтамасыз етуді, олардың құзыреттері мен ресурстарына байла-
нысты оқу процесін ұйымдастыруды және үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Осылайша, білім берудің бес негізгі блогі шеңберінде уәкілетті орган мен 
жергілікті атқарушы органдар арасындағы міндеттерді бөлу ұлттық стан-
дарттарды да, жергілікті ерекшеліктер мен қажеттіліктерді де ескере отырып 
білім беру жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне ықпал етуі тиіс.
Оқу орындарының дербестігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыру 
қажет. Дербес білім беру мекемелері инновациялар мен білім берудің икемді 
тәсіліне арналған бірегей мүмкіндіктер ұсынады. Олар оқушылардың өзгер-
мелі қажеттіліктеріне тез бейімделе және озық білім беру әдістерін енгізе 
алады. Мұндай ұйымдардың негізгі жетістігі – көрнекті педагогтер мен ға-
лымдарды тарту қабілеті, бұл білім беру процесін инновациялық зерттеулер-
мен және озық педагогикалық әдістермен байытуға мүмкіндік береді.
Ауылдарда автономды мектептер желісін құру да маңызды қадамдардың 
бірі болуы мүмкін. Олар ауылдың нақты қажеттіліктері мен сипатына сәйкес 
келуі керек. Автономдық әр түрлі бағыттардағы: жаратылыстану-ғылыми, гу-
манитарлық, инженерлік, IT желілік мектептер бейінді бағыттардағы мықты 
мектептер қатарында болады.
Уәкілетті орган мен басқа да тиісті ведомстволардың, мемлекеттік 
құрылымдардың жұмысын тәуелсіз бағалау олардың білім беру саласындағы 
іс-қимылдарының тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай бағалау 
бюджеттік қаржыландыруды, стратегиялық жоспарлауды және білім беру 
жүйесіне өзгерістер енгізуді талдауды қамтуы мүмкін. Білім беру жүйесін-
де ашықтық пен жауапкершілікті қамтамасыз ету – басты мақсат болмақ. 
Жүйенің қазіргі жай-күйі туралы өзекті ақпаратқа ие болу үшін мемлекет-
тік құрылымдардың білім беруі мен жұмыс сапасын әрдайым бағалап отыру 
керек. Бағалау нәтижелері қоғамға қолжетімді болғаны және білім беру са-
ласындағы стратегиялар мен шешімдерді түзетуде пайдаланылғаны дұрыс. 
Бағалау кезінде мүдделі тараптардың, соның ішінде ата-аналардың, оқушы-
лардың, мұғалімдердің және білім беру мекемелерінің пікірін ескерген абзал. 
Олардың кері байланысы объективті бағалау мәселесін толықтырып, білім 
беру жүйесіндегі проблемалар мен қажеттіліктерді анықтауға көмектеседі.
Білім беру сапасын, әсіресе ауылдағы білім беру сапасын арттыру мақ-
сатында бір-біріне жақын орналасқан бір немесе бірнеше елді мекен ау-
мағындағы ресурстарды желілік өзара іс-қимыл негізінде шоғырландырып, 
тәжірибе алмасу қағидатына орай білім беру округін (кешендер) құру арқылы 
бірнеше білім беру ұйымының мүмкіндіктері пайдаланылады. Бұл тәжірибе 
алмасуға жол ашады және оқушылардың білім сапасын арттыру үшін білім 
беру округіндегі (кешендердегі) қолжетімді ресурстарды тиімді пайдалану 
мәселесін қамтамасыз етеді. Олардың құрамына мектептер, шығармашылық 
үйлер, спорт залдары, музыкалық мектептер және басқа да мектептен тыс 
ұйымдар кіреді.
Әртүрлі ұйымдарды біріктіру балаларға білім беру мүмкіндіктерінің 
ауқымды және әртүрлі спектрін құруға жол ашады. Ауыл мектептері қосымша 
білім беру функциясын да орындайды.


39
Білім беру округі (кешендер) оқу мен қосымша білім беру ұйымдары ара-
сында серіктестік орнату үшін тәжірибе алмасуға, ресурстарды біріктіруге 
жағдай жасап бере алады. Бірлескен іс-шаралар балалардың әлеуметтенуіне, 
көшбасшылық дағдыларын дамытуына, қоғамдық өмірге араласуына септе-
седі.
Ата-аналар балаларының білімі мен сыныптан тыс жұмыстарын оңай 
бақылап, үйлестіре алады.
Әртүрлі білім беру ұйымын біріктіру олардың арасындағы оқу жоспарла-
рын, күнтізбелерді және ресурстарды жақсырақ үйлестіруге мүмкіндік береді, 
бұл неғұрлым келісілген және тиімді білім беруге ықпал етеді.
Осы мәселелерді шешсек, заманауи әлем талаптарына сәйкес келетін ин-
новациялық әдістерді білім беру ұйымдары енгізе алады.


40
Қорытынды
Бұл баяндама біздің өз балаларымыз үшін, олар балабақшаларда болсын, 
мектепте, колледжде не университетте оқысын, не тілейтініміз тұрғысынан 
ұлттық мақсаттар, білім беру талпыныстарын қоғамның кеңінен талқылауы-
на түрткі болуы керек. Баршамыз өзіміздің балаларымыздың болашағы үшін 
армандайтын білім берудің нағыз жалпыұлттық басымдықтарын анықтау мен 
саланың дамуына жауапкершілікті теңдей бөлу үшін мемлекет пен қоғам ара-
сында қоғамдық келісім орнататын уақыт келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет