БаршағА Қолжетімді сапалы білім



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата14.03.2024
өлшемі0.8 Mb.
#495516
  1   2   3
Ұлттық баяндама Баршаға қол жетімді сапалы білім



БАРШАҒА
ҚОЛЖЕТІМДІ
САПАЛЫ БІЛІМ
Педагогтердің I съезіне
Ұлттық баяндама жобасы
Қазақстан Республикасы 
Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстан Республикасы Ғылым 
және жоғары білім министрлігі
Астана қ., 2023 ж.


2
Мазмұны
 3
Баршаға қолжетімді сапалы білім
3
 
Кіріспе

 9
Балабақша – өсіп жетілудің жайлы мекені
9
Баршаға қолжетімді мектепке дейінгі білім мен тәрбие
11
Дамыту, тәрбие және білім беруге қатысты ұстанымды өзгерту
11
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын бағалау
13
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі педагог
14
Ата-аналармен қарым-қатынас
 
15
Әр мектеп – үздік мектеп
19
Мұғалім баланы табысқа жетелейдіі
22
Орта білім беру мазмұны
24
Мектепті дамыту жоспары
25
Цифрлы трансформация
26
ТжКБ - жұмысшы кадрларды дайындау ордасы
27
Оқу мазмұны – сапалы кадр дайындаудың негізі
28
ТжКБ жүйесін дамытудағы инновациялық қадамдар
29
Сапаны қамтамасыз ету
31
Жоғары білім және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
32
Білім беру мазмұнын өзгерту
33
Цифрлық трансформациялау
33
Білім беру сапасын қамтамасыз ету
36
Білім жүйесіндегі басқару тетіктері
40
Қорытынды


3
Баршаға қолжетімді 
сапалы білім
Кіріспе
Әлем бір орында тұрмайды әрі дамылсыз дамудың бұл динамикасы үдей 
түскенін байқаймыз. Заманауи технологиялар, ғылым мен гуманитарлық са-
ладағы жетістіктер адамға шабыт беретіні рас, бірақ осы құбылыстардың бар-
лығының негізінде білімі, білігі, құндылықтары мен мақсаты бар жеке тұлға 
тұрғанын есте ұстаған абзал.
Бұл процестегі шешуші тетік – заманға сай өзгеріп отыруы тиіс білім беру 
саласы. Дәл қазір бұл салада қолға алынатын іс-шаралар үш негізгі міндетке 
бағытталуы қажет, олар:
• технологиялық және демографиялық қатерлерді ескере отырып, ада-
ми капиталдың сапасын жоғарылату;
• технологиялық, цифрлық жаңғырту, еңбек өнімділігі мен жұмыс орын-
дарының өсуі;
• өзгерістердің белгісіздігі мен шапшаңдығы жағдайында қоғамның 
өміршеңдігі.
Мемлекет мұғалімдердің мәртебесін көтеру, мектеп, балабақша, мектеп-
тен тыс мекемелер, колледждер мен жоғары оқу орындарын салу бойынша 
міндеттемелерін орындап келеді. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізуге қа-
жетті жағдай жасалып отыр. Білім беру саласында бәсекелестік орта қалып-
тасып, көптеген жаңа орталықтар мен мамандар пайда болды. Олар оқу мате-
риалдарын, оқыту әдістемелерін, мектепті қаржыландыру модельдерін, білім 
беру ортасын ұйымдастыруға инновациялар енгізіп жатыр. Мұның барлығы 
терең әрі саналы дамуға, бала да, ата-ана да, мұғалім де сезінуі тиіс сапалы 
нәтижелерге бастайтын сан-салалы жұмыстың алғышарттары ғана.
Қазақ халқы ежелден білімнің ең асыл қазына, адамды арманы мен үкілі 
үмітене жеткізер басты құндылық екенін мойындаған. Біздің ұлттық санамыз 
өзгеріске ашық, жасампаздыққа құмар, танымды шектейтін тосқауылдардан 
тыс.
Бізде өте мықты білім беру жүйесін құруға қажетті алғышарттар жеткілікті. 
Білім беру саясаты ұлттық және халықаралық объективті өлшемдер негізінде 
құрылады. Бізде озық ойлы педагогтер жасаған оқыту тәжірибелері аз емес.
Осы алғышарттар, атап айтсақ кәсіби мамандар, отбасылар, мектептер, 
ресурстар кең байтақ еліміздің кез келген бұрышында әр бала үшін ең жақсы 
мектебі бар мемлекетке айналуына мүмкіндік береді. Қазақстан тап осындай 
ел бола алады. Осыған үлес қосу – Отанын сүйетін әр азаматтың еліміздің 
гүлденуіне қоса алатын ең ізгі де сауапты амалы болмақ.


4
Сапалы білімге қол жеткізуді жеңілдету үшін білім берудегі олқылықтарды, 
соның ішінде пандемия тудырған кемшіліктерді жою қажеттілігі ескеріледі. 
Енді жекелеп оқытуға көбірек күш салу қажет болады, әсіресе, үлгерімі төмен 
оқушыларды ілгерілету қажет.
Технологиялардың, интернеттің және Big Data, яғни деректер базасының 
рөлі барған сайын артып, адамдардың, жалпы қоғамның тыныс-тіршілігіне 
ықпал ететіні анық.
ХХ ғасырдың екінші жартысында әлем әлдеқайда тұрақты, анық та қара-
пайым еді (World Bank, 2020)
1
. Ол бүгіні таныс, ертеңі де айқын әлем болатын. 
Ол кезде мектептегі білім беру моделі барлық оқушыны бірдей мазмұнмен 
және барлық балаға бірдей уақыт бөлінетін жаппай оқытуға негізделді. Алай-
да, ол дәуір өтті. Өйткені, технологиялардың даму жылдамдығы уақыттың 
ұрпақтан-ұрпаққа өтуіне қарағанда анағұрлым тез.
Өткен ғасырдың 90-жылдары басында болжам жасауға үлгертпей тез өз-
геретін, тосын кезеңге аяқ бастық. Бұрын-соңды көрмеген ақпарат тасқыны 
шешім қабылдауды қиындатып, не нәрседе де белгісіздікке әкеледі. ХХІ ға-
сырдың алғашқы 14 жылында адамзат тұтас ХХ ғасырдағы жетістіктерге па-
рапар прогреске қол жеткізді. Сарапшылардың пікірінше, бұл ғасырдағы іл-
герілеу өткен ғасыр жетістіктерінен мың есе асып түсуі мүмкін*.
Еңбек ету формасы қазір әртүрлі, ол барған сайын біркелкі және бірқалып-
ты болудан қалып барады, «үлгіге сай» шешуге болатын міндеттер азайды. 
«Оқыдым – мамандық алдым – білігімді арттырдым – қызметте өстім» деген 
үйреншікті парадигма өткеннің еншісінде. Болашақтың мамандығы деген – ең 
алдымен, экономика және еңбек нарығындағы өзгерістердің ықпалына қарай 
дағдылар мен білім мазмұнын қайта қарау, содан кейін ғана мамандық неме-
се кәсіп түрінде іске асырылатын нақты форма. Сондықтан, мамандықтар-
дың қалыптары бұзылды, енді мульти-потенциалды, яғни сан қырлы адамдар 
дәуірі басталады.
Кейінгі жылдарда жасанды интеллектінің дамуы еңбек нарығында айтар-
лықтай күңгірттік тудырды. Жасанды интеллектінің (ЖИ) (IBM, 2023)
2
ма-
мандық бойынша жұмыс істеуге тигізетін әсері туралы IBM-нің сарапшылық 
есебінде екі негізгі мәселе аталып өтеді, олар:
Біріншіден, жасанды интеллект саласындағы революция жаңа бетбұрыс 
кезеңіне жетті, осыдан кейінгі өзгеріс жылдамдығы бірнеше есе артады.
Екіншіден, жасанды интеллект адамдарды алмастырмайды, ЖИ-ді қол-
данатын адамдар оны қолдана алмайтын немесе қолданғысы келмейтіндерді 
алмастырады.
Технологиялардың дамуы жақын арада бір сарынды қызмет түрлерін ғана 
емес, жоғары біліктілікті қажет ететін күрделі міндеттердің де автоматтан-
дырылуына әкелетіні белгілі болды. Жасанды интеллект барған сайын көп 
нәрсеге дағдыланып, болашақта экономиканың барлық салаларында маман-
дарды алмастырып, кадр қажеттілігін айтарлықтай азайтады. Технологиялық 
инновациялардың ықпалына ілікпейтін мамандық түрі жоқ.
1
World Bank (2020). Kazakhstan-COVID-19: Impact on learning loss. https://thedocs.worldbank.org/en/
doc/307511594086679993-0080022020/
2
IBM (2023). Augmented work for an automated, AI-driven world. https://www.ibm.com/downloads/cas/NGAWMXAK


5
ДЭФ (ДЭФ, 2023)
3
сарапшыларының болжамына сенсек, алдағы 4 жылда 
барлық сала қызметкерлерінің жартысына жаңа дағдыларды меңгеру қажет 
болады, ал болашақта қайта оқып, біліктілік алып отыру қалыпты дүниеге ай-
налады.
Бірқатар сарапшылардың болжамы бойынша, жасыл экономикаға көшу 
және кейінгі жылдардағы геосаяси процестерді ескерсек, еңбек нарықтары 
ұлттық экономиканың ішкі мүддесіне қарай шоғырланып, дағдылар қайта 
бағытталады (ДЭФ, 2023)
4
.
Мұндай жағдайда білім беру жүйесі тез өзгеретін әлемге ілесе алмай, са-
ладағы кейбір процесстер кешеуілдеуі ықтимал:
• мойындау: к
елешектегі қоғамдық және әлеуметтік сын-қатерлерді, 
білім беру жүйесінің қазіргі жай-күйі мен ықтимал қиындықтарын 
анықтау және талдау қаншалықты тиімді жүреді?
• шешім қабылдау: 
болашақта қоғамдық және әлеуметтік сын-тегеурін-
дер мен өзекті мәселелер туындаған жағдайда, оқу бағдарламаларын 
жасақтауда жоспарлай алу және шешім қабылдау процестері қанша-
лықты тиімді жолға қойылған;
• жүзеге асыру: 
білім беруде жаңа мақсаттар мен рәсімдерді енгізу қан-
шалықты тез және тиімді жүреді, жүзеге асыруды қандай факторлар 
жеделдетеді немесе баяулатады;
• ықпал ету: 
қайта құрылымдау мақсаттарға қол жеткізуде, оқу нәтиже-
лерін арттыруда, қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда қанша-
лықты тез және тиімді болады.
ХХІ ғасыр табалдырығында жетекші ұлттық білім беру жүйелері мен ха-
лықаралық ұйымдар (ЮНЕСКО, ЭЫДҰ, Дүниежүзілік банк) ұлттық білім беру 
жүйелерін реформалау қажет деген анық ұйғарымға келді. Барлығы тұрақты, 
бәрін де болжауға болатын ХХ ғасырдың екінші жартысында оң нәтиже бер-
ген білім беру моделін ендігі пайдалану тиімсіз.
Сарапшылардың пікірінше, алдағы уақытта жаһандық қауіп-қатер-
лерді шешуге қатыса алатын, жасампаздығы, эмоционалды бейімділігі мен 
тұрақтылығы, жауапкершілігі мен эмпатиясы бар, түрлі әлеуметтік топтар-
дың, мәдениеттер мен ұлттардың өкілдерімен қарым-қатынас орната алатын 
адамдарға деген қажеттілік өседі.
Маманға қойылатын талаптар жиынтығы өзгереді, оның ішіндегі ең өзек-
тісі: аналитикалық ойлау мен инновацияға ашықтық, ұдайы оқуға дайын болу, 
мәселе шешуге кешенді көзқарас, сыни ойлау мен талдау, шығармашылық 
пен ерекше ойлау қабілеттері.
Орташа өмір сүру жасының ұзаруы және әлеуметтік өзгерістер жеделде-
ген сайын үздіксіз оқып-үйрену мәдениетіне көшу жалғасады, оның ішінде 
біліктілікті арттыру, кросс-оқыту т.б. бар.
3
World Economic Forum (2023). Future of Jobs Report 2023. https://www3.weforum.org/docs/WEF_Future_of_
Jobs_2023.pdf
4
World Economic Forum (2023). Future of Jobs Report 2023. https://www3.weforum.org/docs/WEF_Future_of_
Jobs_2023.pdf


6
Адамзаттың жаһандық мәселелерін шешудің ең тиімді құралы мен теті-
гі – қазіргі адамды трансформациялық және жасампаз қызметтің субъектісі 
ретінде дамытуға бағытталған білім беру болмақ. Бұл орайда, қазіргі жағдай-
дың маңызды ерекшеліктерінің бірі – білім берудің әмбебап жалпыадамзат-
тық миссиясын түсіну.
Қазіргі заманғы тенденцияларды ескере отырып, білім берудің жаңа мо-
делін енгізу бағытында жұмыс істеу қажет. Ол «білім беру – оқу» ұстанымынан 
«білім беру – тұлғаның қалыптасуы мен дамуы» ұстанымына көшуді көздейді.
Осы модельге сәйкес, әр адам бойындағы қабілеті, мүмкіндіктері мен қа-
жеттіліктеріне қарай оқудың барлық кезеңінде – балабақшадан бастап, мек-
теп, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімге дейін жеке білім беру 
бағдарламасына ие болады. Өз бетінше оқыту құзыреттілігін дамыту, өмір 
бойы үздіксіз білім беру жүйесі шеңберінде даму траекториясын құру бірінші 
кезекте тұрады. 
Білім беру моделін толыққанды трансформациялау үшін бізге таяу арада 
келесі мәселелердің шешімін табу қажет: 
Демографиялық өзгерістер
Елімізде жылына орта есеппен 400 мыңнан астам бала туады (ҰСБ 
СЖжРА, д.б.)
5
. Алдағы үш жылда елдегі колледждер мен жоғары оқу 
орындарына 1,5 млн астам студент барады. 2030 жылға қарай жұмыс 
күшінің 80 пайыздан астамы жастар болады. Бұл үшін білім беру ме-
кемелерінің инфрақұрылымын кеңейту, ресурстық қамсыздандыруды 
инвестициялау, оқытудың аралас моделіне көшу қажет болады. Со-
нымен қатар, білім беру сапасын төмендетіп алуға болмайды. 
Кадрмен қамтамасыз ету
Білім беру саласында кадр тапшылығы, соның ішінде білікті маман-
дардардың жетіспейтіндігі сезіледі. Жыл сайын 5 мыңнан астам педа-
гог жетіспей жатады. Білім алушылар қатарының қалыңдауына байла-
нысты кадр тапшылығы үнемі арта бермек. Жылына педагогикалық 
білім алған түлектердің 20 пайызы мамандығы бойынша жұмыс істе-
уге бармайды. Педагогтердің тек 16,2 пайызы ғана жоғары санатқа ие 
(зерттеуші педагогтер, педагог шеберлер) (Талдау, 2023)
6
.
Кадр дайындау және қайта дайындау бағдарламаларын өзгерту та-
лап етіледі, білім берудің барлық деңгейінде және педагогикалық қыз-
метінің соңына дейін педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының рөлі күшей-
іп келеді.
Білім сапасы
Мектеп оқушыларының сапасын тексеру бойынша шығарылған қо-
рытынды білім беру сапасының төмендігін көрсетті. Айталық, PISA-
5
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы 
(б. д.). Туу коэффициенті. https://bala.stat.gov.kz/rozhdaemost/
6
«Ахмет Байтұрсынұлы атындағы талдаудағы ұлттық білім беруді зерттеу және бағалау орталығы» АҚ (2023). 
Қазақстанның білім статистикасы. Ұлттық жинақ. Астана


7
2018 қорытындысы бойынша, қазақстандық оқушылар әлемнің 78 елі 
ішінде 69-орыннан көрінсе (OECD)
7
, PIRLS-2021 нәтижесі – 65 елдің 
ішінде 35-орын (IEA)
8

Колледждердің 15 жастағы студенттері арасында жүргізілген баға-
лау (PISA-2018), олардың мектепте оқитын қатарластарынан 27 балға 
артта екенін көрсетті (OECD)
9

PIAAC мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанның жоғары білімі бар ересек 
тұрғындарының нәтижесі ЭЫДҰ мемлекеттеріндегі ересектерден оқу 
бойынша да, математикалық сауаттылық бойынша да 35 балға төмен 
(OECD) 
10
.
Демек, кәсіптік оқытудың Қазақстанда базалық дағдыларды дамы-
туға айтарлықтай әсері жоқ. Орта, жоғары кәсіби және жоғары оқу ор-
нынан кейін де білім алған қазақстандықтар шамамен математикалық 
және оқу сауаттылығы бойынша тек екінші деңгейге ғана жеткен. 
Қазіргі жағдай білім беру сапасын көтеру үшін тиімділігі жоғары ке-
шенді шаралар қабылдауды, сонымен қоса білім беру жүйесінің бар-
лық деңгейін қамтитын білім сапасын бағалаудың тәуелсіз жүйесін 
енгізуді талап етеді. 
Жаңа технологиялар және цифрландыру
ICILS-2018 (Fraillon et al., 2020)
11
, зерттеулері бойынша қазақстандық 
мектеп оқушылары цифрлық сауаттылықтықтан 14 қатысушы мемле-
кеттің ішінде ең соңғы 14-орында. Оқушылардың 54 пайызы компью-
терлік және информатикалық сауаттылық бойынша ең төменгі 1-дең-
гейге де жете алмаған. 
Сонымен бірге, оқулықтардың 20 пайыздан астамында цифрлы ба-
лама жоқ, мектептердің тек 18,5 пайызында ғана интернет талапқа сай. 
Жүйе цифрлы контенттің өте аздығымен, цифрлы орта тиісінше дамы-
мағандығы және цифрлы мәдениеттің төмендігімен сипатталады. 
TALIS-2018 (АТО, 2019) халықаралық
12
зерттеулерінде педагогтердің 
30 пайызы сабақ беруде пайдалану үшін АТТ дағдыларын дамыту бой-
ынша біліктілікті арттыру курстарына «жоғары» сұраныс білдіргені ай-
тылады. 
PIAAC зерттеулері бойынша ересек тұрғындардың (16-65 жас) 16,2 
пайызы жоғары технологиялық ортада мәселелерді шешу жөнінен 
7
OECD. PISA-2018 results, https://www.oecd.org/pisa/publications/pisa-2018-results.htm
8
IEA. PIRLS-2021, PIRLS-2021 International Report, https://www.iea.nl/news-events/news/pirls-2021-international-
report-and-results-now-online
9
OECD. PISA-2018 results, https://www.oecd.org/pisa/publications/pisa-2018-results.htm
10
OECD. Kazakhstan: Adult skills, Survey of Adult Skills, PIAAC, 2018 https://gpseducation.oecd.org/CountryProfi le?prim
aryCountry=KAZ&treshold=5&topic=AS
11 
Fraillon, J.A., Ainley, J., Schulz, W., Friedman, T.,& Duckworth, D. (2020). Preparing for life in a digital world. IEA 
International Computer and Information Literacy Study 2018: International report, IEA
12
АТО (2019)TALIS-2018 оқыту мен білім берудің х.алықаралық зерттеуі: Қазақстанның алғашқы нәтижелері. 
Ұлттық есеп, бірінші том / Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, «Ақпараттық-талдау орта-
лығы» АҚ, Нұр-Сұлтан, 155 бет


8
екінші және үшінші деңгейді көрсете алған. Орташа көрсеткіш ЭЫДҰ мемлекет-
терімен салыстырғанда екі еседей төмен (29,7 %) (OECD)
13

Аталған тенденциялар басқару жүйесі мен оқу процестерін цифрландыру үшін 
жағдай жасауды талап етеді. Білім беру және оқу процестеріне цифрлы техноло-
гияларды толыққанды енгізу мақсатында білім беру мекемелерінің компьютер-
лермен және интернеттің тиісті жылдамдығымен жоғары қамтамасыз етілуі ғана 
маңызды емес, сондай-ақ цифрлы мәдениетті көтеру қажет.
Басқару жүйесі
Мектептерде кадрдың жиі ауысатыны байқалады, 1 мыңға жуық директордың 
орны 1 жылдан астам уақыт бос тұр. 
Педагогтерге қоғам тарапынан қатты қысым көрсетілетіні сезіледі. Білім беру 
мекемелерінің стейкхолдерлермен, инвестор, бизнес, атқарушы билік, түлектер, 
демеушілер, ата-аналар және жергілікті қауымдастықпен өзара әрекеттесуі төмен 
деңгейде екені білінеді. Олар білім сапасы үшін жауапкершілікті бірге көтеру мәсе-
лесінде белсенді емес. 
Stakeholder management принциптеріне негізделген білім беру жүйесінің басқа-
ру моделін түпкілікті түрде қайта қарау керек.
Еліміздің балалары мен жастарының білім сапасын жақсарту бойынша бірігіп, 
бірлесіп диалог және қолдау форматында жұмыс істеуге келісетін кез келді. Ал-
дағы онжылдықта жастар мен балаларды сапалы білім берумен қамтамасыз ету 
мәселесі ұлттық идеяға айналуы тиіс.
Осы мәселенің бәрі әдіс-тәсілдеріміз бен білім беру жүйесін толығымен транс-
формациялауда жаңа көзқарас талап етеді. 
Білім берудің шын мәнінде жалпыұлттық басымдықтарын анықтап, балалары-
мыз үшін, жаңа ұрпақ үшін кемел келешекке жол ашар, бәріміз армандайтын білім 
беру жүйесін құруда ортақ жауапкершілік алатын кез келді. Алдағы он жылдықта 
балалар мен жастарға сапалы білім беру мәселесі Ұлттық идеяға айналуғы тиіс.
13
About PIAAC. (n.d.). https://www.oecd.org/. Retrieved August 16, 2023, [Онлайн ресурс] Доступно по ссылке: https://www.oecd.org/
skills/piaac/


9
Балабақша – өсіп 
жетілудің жайлы мекені
Қолжетімді және сапалы мектепке дейінгі білім БҰҰ-ның (БҰҰ) тұрақты
14
даму мақ-
саттарының тізіміне кіреді. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту жүйесіндегі мем-
лекеттік саясат түрлі әлеуметтік топ пен тұрмыстық жағдайы әрқилы отбасылардан 
шыққан балалардың бастапқы мүмкіндіктері тең болып, сапалы білім алуына жағдай жа-
сауға бағытталған. Соңғы 10 жылда балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту-
мен қамту мәселесі негізінен шешілді
15

Бүгінде мектепке дейінгі мекеме дегеніміз:
• баланы күтіп, оған қарайтын орын ғана емес, ең алдымен және негізінен жайлы 
әрі қауіпсіз жағдай жасалған, балалардың қажеттілігін жан-жақты қанағаттанды-
руды мақсат ететін дамытушы оқу ортасы;
• балаларды дені сау, интеллектуал, адамгершілігі мол, эмоциялы етіп, әлеуметтік 
дамыту мәселелері бойынша отбасының серіктесі;
• әрбір педагог – баланың досы және оның даму жолындағы көмекшісі болатын 
қуаныш пен игілік аумағы.
Осы ұстаным мектепке дейінгі мекемелердің іргетасы болуға тиіс.
Баршаға қолжетімді мектепке дейінгі білім мен тәрбие
Басты міндеттердің бірі – барлық бала үшін сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен білім 
алуға теңдей қолжетімділікті қамтамасыз ету (ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы 
№ 249 Қаулысы)
16
. Балаларды 2 жасынан бастап мектепке дейінгі біліммен қамтуға қаты-
сты шаралар қабылданып жатыр, бұл ретте ата-ананың формат таңдау құқығы бар: үйде, 
орталықтарда немесе балабақшаларда тәрбиелеп оқытуына болады. 
Мектепке дейінгі мекемелердегі орын санын одан әрі көбейту үшін мемлекет меншік 
түрі (мемлекеттік, жеке, мемлекеттік оқу тапсырысын орындайтын жеке), қаржыландыру 
мен балабақшада болу уақытына қарай әртүрлі форманы қолдайды. 
Сонымен бірге, мектепке дейінгі бейресми мекемелердің қызмет көрсету саласын, 
яғни әртүрлі таңдауға сай және ата-аналардың қаражаты есебінен қызмет көрсететін 
балаларды дамыту орталықтарын өркендету қажет. Бүкіл әлемде мұндай қызметті 
14
БҰҰ, БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары. https://www.un.org/sustainable-development-goals
15
О. Томюк, М. Дьячкова, Н. Кириллова, А. Дудчик (2019). Цифровизация образовательной среды как фактор личностного и 
профессионального самоопределения обучающихся
16 
«Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға 
арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 249 қаулысы, 
https://adilet.zan.kz/rus/docs/P2300000249


10
жеке, қоғамдық ұйымдар немесе жеке кәсіпкерлер көрсетеді. Біздің елімізде де осындай 
тәжірибе бар. Олар сапалы болуы үшін және қауіпсіздік кепілдігін қамтамасыз ету мақ-
сатында осы қызметтерді заңдық тұрғыда бекітіп, олар үшін рұқсат тәртібін белгілеу 
керек. Ата-аналар балаларына алаңдамауы керек және олардың қауіпсіз жерде екеніне, 
дүниетанудың алғашқы дағдыларын лайықты жағдайда меңгеріп жатқанына сенімді бо-
луға тиіс.
Тұрмысы төмен отбасылардың балаларына мектепке дейінгі тәрбие және білім мем-
лекет қолдауымен, яғни мемлекеттік оқу тапсырысын және тамақтандыруға кететін 
шығындарды өтеу есебінен қолжетімді болады.
Отбасылық тәрбие принциптерін ұстанатын және балаларын балабақшаға беруді қа-
ламайтын ата-аналар үшін кеңес орталықтары ұйымдастырылады. Бұл – «Отбасы ше-
берлік мектебі» арнайы бағдарламасы аясындағы отбасыларды қолдау орталықтары. 
Бағдарлама балаларды жас ерекшелігіне сәйкес дамыту, оның ішінде күтім мен дұрыс 
тамақтандыру, қауіпсіздік шаралары т.б. мәселелерді қамтиды. 
Мектепке дейінгі тәрбиенің дәстүрлі институттары жанындағы кеңес орталықтары 
балалар клубтары, академиялар, балаларды ойынмен қолдау орталықтары және ата-а-
налардың өзіндік білімін көтеруге бағытталған ерте әлеуметтену сияқты жаңа форма-
лармен толықтырылып отыруға тиіс. 
Мектепке дейінгі ұйымдардың оқыту-тәрбиелеу процесінің нәтижелілігіне ата-ана-
лардың ортақ жауапкершілігін арттыру өте маңызды. Мемлекет балаларды тәрбиелеу 
мен оқытуға арналған оқу тапсырысын, оның ішінде қарау мен күтуді де (тамақтану-
дан басқа) қаржыландырады, ал ата-ананың міндеті – баланың балабақшадан қалмауын 
қамтамасыз ету. Мектепке дейінгі мекемелерге жолдама алған балалар белгілі себепсіз 
сабақтан қалмауға тиіс, себепсіз қалған күндердің ақысын ата-аналар өз есебінен өтеуі 
керек. Осылайша, мемлекет қаржысының дұрыс бағытталуы, нысаналы мақсаты, сон-
дай-ақ тиімді жұмсалуы қамтамасыз етіледі, ондай жағдайда ата-аналардың рөлі мен 
жауапкершілігі де артады. 
Мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектептің үйлесімділігін мазмұндағы, 
оқыту әдістеріндегі және жасы кіші балаларды тәрбиелеудегі сабақтастықты қамтама-
сыз ету жолымен іске асыру керек. Оқытудың әр кезеңінде балалардың міндеттері, қа-
жеттіліктері және жасына сай мүмкіндіктері ескерілуі тиіс. 
Баланың даму картасы негізінде оны оқытудың жеке траекториясы анықталады. 
Барлық бала қабілетті және барлық бала тең. Сондықтан, мектепке қабылдау үшін ірік-
теу мақсатындағы тестілер өткізілмеуі керек.
Түрлі себеппен балабақшаға бармаған немесе педагог пен ата-ананың пікірі бойынша 
мектепке дайын емес, бірақ 1-сыныпқа қабылдануға жасы жеткен балаларға мектептер-
де бейімделу бағдарламасы ұсынылады. Бірақ, балалар бөлек топтастырылмауы керек. 
Бірінші сыныпқа бейімдеу жұмыстарын мұғалімінің ассистенті атқаруға тиіс. Осы штат-
тық бірлікті бөлу мүмкіндігі заңнамалық деңгейде қарастырылады: әрбір білім беру ме-
кемесінің өз қажеттілігіне сай штаттық кестені бөлінген еңбекақы қорының 15%-ы шегін-
де өзгертуіне мүмкіндігі болады. 
Жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемін анықтауға өзгерістер енгізіліп, оған 
оқыту бағдарламалары мен балаларды дамытуға арналған құралдарды алу шығыны қо-
сылады (ҚР БжҒМ 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығы)
17
.
17
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техни-
калық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту 
туралы» ҚР БжҒМ 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығы https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1700016137


11
Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің типтік оқу бағдарламасы аясында арнайы 
педагогтер мен психологтердің қатысуымен түзету құрамы жасақталады (ҚР БжҒМ 2022 
жылғы 14 қазандағы №422 бұйрығы)
18
. Мүмкіндігі шектеулі балаларды алып жүру және 
балабақшада оқыту процесін ұйымдастыру қажеттігі көбейіп бара жатқанына байланы-
сты типтік штатқа педагог-ассистент қызметкерін енгізу жоспарланып отыр
19
.
Дамыту, тәрбие және білім беруге қатысты ұстанымды өзгерту
Мектепке дейінгі мекемелерге даму бағытын өзінше анықтау мүмкіндігі беріледі, оның 
негізінде педагогикалық кеңесте әзірленіп, бекітілетін жеке, бейімделген, дамытушы 
бағдарламалар, оқытудың түрлі әдістемесі және технологиясы, балалардың қауіпсізді-
гін қамтамасыз ететін оқыту процесін ұйымдастыру әдістері болады. Бұл ретте басты 
назар баланың ішкі психикалық-эмоциялық тұрақтылығын, оның толыққандылығын қа-
лыптастыруға аударылады. Әрбір ата-ана және баламен жұмыс істейтін адам бала тәр-
биешісімен және басқа да ересектермен қарым-қатынаста барынша еркін болса, оның 
психикалық-эмоциялық күйі соншалық дамитынын түсінуге тиіс.
Оқыту қызметін ұйымдастыруда бала процестің белсенді қатысушысы ретінде қа-
былдануы керек. Баланың қызығушылығын бақылау, оның өзі таңдаған белсенді ша-
раларын басшылыққа ала отырып, педагог алдын ала жоспарлаған әрекеттермен ғана 
шектемеу өте маңызды. Ұйымдастырылған оқу қызметінен бастап, әрбір баланың жеке 
ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оның әлеуетін барынша дамыту үшін 
жағдай жасау бағытында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың рөліне көзқарас өз-
геруі тиіс.
Мектеп жасына дейінгі балалар белсенді қимыл-қозғалыс пен тәжірибе арқылы үй-
ренеді. Сондықтан, оқу қызметі ойын форматында өткізілуі керек. Педагог әр балаға же-
ке-жеке көңіл бөледі, әрекеті мен ой-пікіріне шынайы қызығушылықпен қарайды, оны 
тыңдап, жылы сөйлейді. Тәрбиешінің бала тарапынан жасалған дербес қадамдарды 
бағалауы, тұлға ретінде қабылдауы және қолдауы оның болашақта табысты болуының 
кепілі саналады. 
Соның нәтижесінде мектепке дейінгі мекеменің түлегі – білімге құштар, ақ жарқын, 
қатарластарымен және айналасымен тіл табыса алатын, мектепте оқуға дайын, өзі 
жүріп-тұратын әрі әлеуметтенген бала.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын бағалау
Мектепке дейінгі білім беру сапасын анықтау үшін 2017 жылдан бері Қазақстанда 
мектепке дейінгі мекеменің өзі өткізетін мектепке жасы жетпеген балалардың дағдысы 
мен икемін дамыту индикаторы жүйесін (мониторинг) (Әдістемелік ұстанымдар, 2018)
20
әзірлеу, мақұлдау және енгізу басталды. Бұл мониторинг балаларды тәрбиелеу мен оқы-
ту процесін реттеу үшін маңызды.
18
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БжҒ министрінің м.а. 2016 жылғы 12 
тамыздағы № 499 бұйрығы https://adilet.zan.kz/rus/docs/V16000142359
19
Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы» ҚР ОМ министрінің м.а. 2023 жылғы 21 
шiлдедегi № 224 бұйрығы
20
«https://rao.kz/223-metodicheskie-rekomendacii-po-monitoringu-razvitija-umenij-i-navykov-u-detej-doshkolnogo-vozrasta.html


12
Мектепке дейінгі білім беру сапасын ішкі бағалауға педагогтердің кәсіби қызметі мен 
білім беру ортасының тиімділігі жөніндегі материалдарды жинау және талдауды қара-
стыратын өзіндік бағалау кіреді. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың дамуын бақылау 
кезеңдерін, балалардың дағдысы мен икемділігінің жас ерекшеліктеріне сәйкес қалып-
тасуын, педагогтің жұмыс процесін реттейтін әрекеттер енгізуін қарастырады. Бала-
лардың қабілеті және меңгерген дағдылары баланың даму картасында көрсетіледі. Ішкі 
бағалаудың осы құралы сақталады.
Мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалауға ішіне ата-аналар арасындағы саулна-
ма кіретін мемлекеттік аттестация арқылы тәуелсіз бағалау және ерікті институционал-
дық аккредитациялау жатады.
Мемлекеттік аттестаттаудың қазіргі жүйесі нысанға барып бақылау формасына ауы-
сады. Ерікті институционалдық аккредитациялау қызмет көрсетудің жоғары деңгейін 
қамтамасыз етуге және оны көрсетуге мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі мекемелерді 
аккредитациялауды тәуелсіз ұлттық немесе халықаралық аккредитациялау ұйымдары 
өткізеді. Аттестациялау және аккредитациялау мойындалған стандарттар мен регла-
менттер негізінде басты үш бағыт, яғни ұйымдастыру сапасы, педагогикалық процесс 
сапасы, нәтиже сапасы бойынша іске асырылады (ҚР БжҒм 2022 жылғы 23 маусымдағы 
бұйрығы)
21

Бұл ретте сапалы нәтиже балалардың эмоциялық, моральдық, менталдық, психоло-
гиялық саулығы мен дамуын, әлеуметтік дағдыларын, әрі қарайғы өмірге дайындығын 
тікелей өлшеуден алынады деген сөз емес. Ол балалардың күні бойғы іс-әрекетін бақы-
лау және ата-аналар арасында сауалнама жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Бізге ба-
лалардың, отбасылардың, қоғамның нақты мектепке дейінгі ұйымнан алатын пайдасы 
және оның балалардың саулығына ықпалының нәтижесі маңызды. 
Педагогикалық процестің сапасы педагогтер қызметін бақылау арқылы зерттеледі:
• олар өз жұмысында балаларды дамытуға бағытталған әрекет қолдана ма;
• балалар ұжымындағы, педагог пен бала арасындағы өзара байланыс қалай 
құрылған, күту мен білім беру күнделікті тәжірибеге қаншалықты кіріктірілген;
• білім беру ортасы баланы қаншалықты жақын тартады және оның қажеттіліктері-
не сай ма;
• педагогтердің әр баланың отбасымен өзара қарым-қатынасы қалай ұйымдасты-
рылған және ата-аналар педагогтердің күнделікті тәжірибесіне қатыстырыла ма. 
Мекеме сапасын бағалауға балабақша жайлы мәліметтер, яғни оның дизайны, 
кеңістіктің ішкі жинақылығы, педагогтердің білімі және кәсіби деңгейі, бағдарлама 
мазмұны, қаржылық реттеу, балалар санының ересектер санына қатысы, балаларға жеке 
көзқарас, балалар қауіпсіздігіне қажет жағдайлар туралы деректерді жинастыру кіреді.
Балабақшаларды сырттай бақылау балаларды оқыту мен олардың қауіпсіздігінің 
сапа стандартын қамтамасыз ету мақсатында ғана іске асырылады. Дәл осы мақсатпен 
қауіпсіздік, балалардың және олардың заңды өкілдерінің құқығын ҚР заңнамаларына 
сәйкес қамтамасыз ету мәселелері бойынша мектепке дейінгі мекемені ашуға және қыз-
метін бақылау тәртібіне қатысты талаптар қайта қарастырылады. 
Педагогтердің дайындық деңгейін, оларға балалармен жұмыс істеуге рұқсат берілуін 
және балалардың ерте дамуы үшін жасалған жағдайды анықтайтын мектепке дейінгі 
білім берудің сапа кепілдігі жүйесін құру қажет. 
21 
«Білім беру деңгейлері бойынша сапаны қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» ҚР БжҒМ 2022 жылғы 22 мау-
сымдағы №292 бұйрығы https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=37431780


13
Сыртқы бағалау нәтижелері бойынша балалардың құқығы мен заңды мүддесі бұ-
зылған жағдайда ақпарат Балалар құқығын қорғау комитетіне беріледі. Балалар құқығын 
қалпына келтіру, жайлы өмірлік жағдайларды қамтамасыз ету мәселелері өкілетті және 
жергілікті атқарушы органдар жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі ко-
миссияның ведомствоаралық жиналыстарында қаралады. 
Осылайша, әлемде бағалаудың кешенді құралы ретінде қолданылатын ECERS ерте 
балалық шақтағы қоршаған ортаның рейтингілік шкаласын пайдалану арқылы Мектеп-
ке дейінгі білім беру сапасын тәуелсіз ұлттық бағалаудың кешенді жүйесі қалыптасады 
(Ибрагимова, 2018)
22
.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі педагог
Елдегі мектепке дейінгі білімді әрі қарай дамыту жөніндегі атап көрсетілген шара-
ларды ортақ мақсатқа біріккен, балабақшаның миссиясын түсінетін және бөлісе алатын 
жоғары білікті педагогтердің біртұтас командасы ғана атқара алады. 
Қазіргі кезде педагогтердің мектепке дейінгі мекемелерден кетіп жатқаны байқала-
ды. Еңбекақының төмендігі және жүктеменің көптігі мектепке дейінгі педагог маман-
дығын тартымсыз етіп тұр. 
Негізгі міндет – педагогтердің жоғары қоғамдық, кәсіби мәртебесін қалыптастыру 
үшін мемлекеттік кепілдік түзу. Ең алдымен, еңбекақы жүйесін өзгерту керек, ол елдегі 
орташа жалақыға сәйкес болады. Бұл ретте мектепке дейінгі мекеме басшысы мен тәр-
биешілер жалақысы арасындағы заңдық тұрғыда бекітілген арасалмақты өзгерту қажет. 
Ерте білім беру жүйесіндегі білікті жас мамандарды ынталандыру, тарту және орнықты-
ру үшін оларға өздері жұмыс істейтін мекемеге балаларын орналастыру мүмкіндігін бер-
ген дұрыс.
Қазір біздегі балабақшаларда бір тәрбиешіге 20–25 баладан келеді, ал ЭЫДҰ елдерін-
дегі қатынас – 1:12. Педагог жүктемесін төмендету үшін кезен-кезенмен ЭЫДҰ ұстанымы 
еңгізілуі қарастырылады.
Бала күтуші міндетін балалардың жас деңгейіне сай ерекшеліктері және олармен қа-
рым-қатынас мәселелері бойынша тиісті дайындығы бар мамандар атқарады. Бұл кадр-
лар техникалық және кәсіптік білім мекемелерінде дайындалады. Жұмыс істеп жүрген 
қызметкерлер қосымша оқиды.
Ерекше білімді қажет ететін балалардың саны артуына байланысты балабақшалар-
дың инклюзивтік топтарында штаттық кестеге педагог ассистенті лауазымы қосыла-
ды. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың және әдістемелік сүйемелдеудің үздік 
тәжірибелерін тарату үшін мектепке дейінгі мекемелер базасында құзырет орталықта-
ры, ал әдістемелік кабинеттер жанынан мобильдік топтар құрылады. Олардың міндеті 
– нақты мәселелер және оларды шешу жолдары айқындалған кезде педагогтерге әдісте-
мелік көмек көрсету. 
Педагогтердің үздіксіз кәсіби даму мәселесін шешу бағытында кешенді қадамдар жа-
салып жатыр. Біліктілік талаптарына сәйкестік аттестациясында педагогтердің жетістік-
тері ескеріледі. 
Педагогтердің тәжірибелік жұмыстары да жетілдіріледі. Оларға балаларды тәрбие-
леу мен оқытудың өзекті мәселелері, балалар аурулары мен инфекциялық ауру түрлері, 
дұрыс тамақтану және т.б. бойынша тәжірибе алмасып, біліктіліктерін көтеруге мүмкін-
дік беріледі. 
22
Г.К. Ибрагимова. 2018. Қазақстандағы өңірлік мектепке дейінгі білім беру сапасын бағалау. № 3 Қазақ мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университетінің хабаршысы (75)


14
Педагогтік командада өз білімін жетілдіру, өзара оқыту, тәжірибеден өту, менторлық 
және басқа да формалар педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының бөлшегіне айналады. 
Мектепке дейінгі білім беретін педагогтерді дайындау олардың кәсіби стандарттары-
на сәйкес іске асырылады. Біліктілік сертификаты жоқ педагог балалармен жұмыс істе-
уге жіберілмейді.
Түлектерінің 40 және одан көп пайызы сертификатттаудан өтпеген жағдайда, педаго-
гикалық колледжер мен ЖОО-ға шаралар қолданылады, тіпті лицензиясынан айырылуы 
да мүмкін. 
«Болашақ» халықаралық шәкіртақысының басым бағыттары тізіміне балаларды ерте 
бастан саласының мамандары енеді.
Ата-аналармен қарым-қатынас
Ата-аналармен күнделікті әңгімелесу және оларды бейімдеу мен оқыту процестеріне 
тарту – мектепке дейінгі мекеме ұжымының басты міндеті.
Балабақшалар базасында медициналық мекемелермен бірге ата-аналарға арналған 
курстар, балаларды тәрбиелеу, тамақтандыру және олардың денсаулығы сияқты мәсе-
лелер бойынша онлайн, офлайн-кеңестер, сарапшылармен кездесулер ұйымдастырыла-
ды.
Мемлекет балалардың бастапқы дамуы (күтім, бос уақыт, балалар ауруларын ерте 
анықтау т.б.) мәселелерін насихаттау үшін телевизияда, радиода және интернет-ресур-
старда мемлекеттік тапсырыстар орналастыруды жоспарлап отыр.
Балалармен жұмысты ата-анасымен және айналасымен өзара байланыста жүргізу, 
баланың әлеуметтік жағдайын, ерекшелігі мен қажеттіліктерін білу өте маңызды. Әрбір 
ата-ана тәрбиешімен үнемі байланысты болуға ұмтылуы керек. 
Ата-аналарды баланы дамыту, тәрбиелеу және оқыту процестеріне тарту оларды мек-
тепке дейінгі мекемелердің қызметіне араластыру, тәрбиеленушілердің отбасыларымен 
серіктестік орнату, қарым-қатынасқа қолайлы атмосфера құру, тәрбиеленушілерді, 
ата-аналар мен мұғалімдерді өзара қолдау.


15
Әр мектеп – 
үздік мектеп
Бірінші индустриалды революция жаппай мектеп құрды. Екінші өнеркәсіптік револю-
ция кезеңінде сынып-сабақ жүйесі жетілдірілді. Үшіншісі орта білімнің массификация-
сын тудырды. Төртінші ерекшелігі оқытуды жекешелендіру болды
23
.
Мектеп – балалар білім алып, оқуын тәмамдаған соң аттестат беретін мекеме ғана 
емес, бүгінгі мектеп – жергілікті қауымдастықпен, ата-анамен, қоғамдық бірлестіктер-
мен, қосымша білім беретін мекемелермен, бизнес және өзге де құрылымдармен ықпал-
дастық орнататын орын. Сондай-ақ, мектеп:
• білім алушылардың әлеуметтік, физикалық, моральдық, эмоциялық, интеллекту-
алдық дамуын қамтамасыз етеді;
• балалар дүниетанымының тұтастығын, сыни ойлауын, өзіне талдау жасап, өзін-
өзі бағалау қабілетін, қайтпас-қайсар мінезін, шығармашылық әлеуетін, әлеумет-
тік-мәдени санасын, танымдық қабілеттерін, білім алуын қамтамасыз етеді; 
• білім алушының жасына байланысты жағымды әсер етеді, мектепте болсын, үйде 
және өзге де қоғамдық жерлерде болсын оқуға ынтасын арттыратын, дамуға 
оңтайлы орта қалыптастырады.
Қазақстанда алға қойған мақсаттар мен принциптерге берік болып, жүйелі түрде 
және рет-ретімен сапалы білім беруге қолжеткізілгенін көрсететін сәтті үлгілер бар. На-
зарбаев зияткерлік мектептері, Білім-инновация лицейлері, республикалық физика-ма-
тематикалық мектептер, «Дарын» облыстық мектептері біздің балалар мемлекеттік және 
халықаралық деңгейде айтарлықтай зор жетістіктіктерге жете алатынын дәлелдеді («Да-
рын» РҒПО)
24
.
Қазақстанның және дүниежүзінің мектептерге сәтті білім беру саясатын енгізген не-
гізгі принциптер: 
• мектептердің дербес болуы және ұстаздарға академиялық еркіндіктің берілуі;
• сенім мәдениеті мен академиялық адалдықтың ілгерілеуі; 
• педагогтерді жұмысқа қабылдау, дамыту және мансап баспалдағымен сатылай 
және деңгейлес негізде жоғарылату барысында меритократия прицинтерінің 
сақталуы; 
• педагогикалық әріптестік пен әр баланың зор жетістікке жетуі жолында ұжымдық 
жауапкершіліктің болуы. 
Қазақстанның заманауи білім беру жүйесінің өте маңызды мақсаттарының бірі – 
әлеуметтік немесе экономикалық жағдайына және тұрғылықты мекеніне қарамастан, 
балалардың барлығына бірдей мүмкіндікті қамтамасыз ету. Мектептер ересек өмірге 
23
О. Томюк, М. Дьячкова, Н. Кириллова, А. Дудчик (2019). Цифровизация образовательной среды как фактор личностного и 
профессионального самоопределения обучающихс
24
«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы https://daryn.kz/


16
қадам басатын түлектері үшін бірдей мүмкіндік жасап, бәсекелестік жағдайында өз ар-
тықшылықтары болатындай дағдыларды мейлінше меңгерте алуы керек.
Мемлекет білім беру ұйымдарының меншік түрі мен бағдарламалардың бағытына қа-
рай алуан түрлі болғанын қолдайды. 
Қазір Қазақстанда шартты түрде алғанда төрт түрлі меншік формасындағы мектеп-
тер бар: мемлекеттік мектептер, тек қана мемлекеттік жан басына шаққандағы қаржы-
ландыруымен қызмет ететін жекеменшік мектептер, мемлекеттің жан басына шаққан-
дағы қаржыландыруымен және ата-аналар қаражаты есебінен қызмет ететін жекеменшік 
мектептер және ата-аналардың жеке қаржысынан жұмыс істейтін жекеменшік мектептер. 
Мемлекет білім беру бағдарламаларының әртүрлі бағытында жұмыс істейтін мектеп-
терді ынталандырады. Ол үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары 
құрамына кіретін міндетті сағаттардың саны мен вариативтік құрамдастардың түрлі 
бағыты белгіленеді. 
Вариативтік құрамы бастауыш мектептен жоғары мектепке қарай ақырындап ұлғая 
түседі. Бұл мектептердің жеке бейіндік бағыты болуына мүмкіндік береді. Соның арқа-
сында білімді ұйымдастыру ісінде алуан түрлі нұсқалар қалыптасып, берілетін білім, 
дағдылар мен білім алушылардың құзыреті артады, мектептер өз бағытына қарай дер-
бестене түседі. 
Ата-аналар мемлекет заңнамасына сәйкес балаларына сай келетін білім беру меке-
месін таңдауға құқылы. Сонымен қатар, әртүрлі білім беру формаларын, соның ішінде 
бекітілген ереже аясында қашықтан және онлайн білім беру түрлерін дамыту үшін де 
іс-шаралар қабылданады. 
Ерекше қажеттіліктері бар балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық түзету 
шараларымен қамтамасыз етуге жеке секторды тарту жоспарланып отыр, бұл аталған 
қызметтерге қолжеткізуге мүмкіндік береді. Жергілікті атқарушы орган мемлекеттік 
білім беру тапсырысын орналастырады.
Оқу бағдарламалары, оқыту әдістері және білім берудің барлық деңгейі мен бағдар-
ламаларындағы оқулықтар тәуелсіз әрі сыни ойлау, зерттеу дағдылары, ой-жүгірту мен 
дәлелдерді саралау, ойды анық жеткізу, материалды түсінуге мүмкіндік береді, сонымен 
қатар алдын ала және білімнің толымсыз сипатына негізделген. 
Әрбір ұстаз бен мектеп басшысы сапасы жоғары ғылыми-негізделген оқыту жүйесі 
қолжетімді және мансабының әр кезеңінде кәсіби тұрғыдан дамуға мүмкіндік беретін 
жүйені пайдалана алады. 
Білім берудегі, оқыту және басқарудағы академиялық дербестік «есеп беру мәдени-
етін» қалыптастыруды қажет етеді. Бұл – мұғалімдердің, директорлар мен басқарушы ор-
гандардың миссиясы мен ортақ мақсатын нақты, өзара ымырыластық негізінде келісіл-
ген және міндеттері түсінікті, сонымен қатар әріптестіктің бағыттары мен есептілікті 
қамти отырып жасақтау болып табылады.
Мемлекет жаңа мектеп салу және қазіргі бар мектептерді модернизациялау, білім 
беру мекемелерінің инфрақұрылымын жетілдіру мен заманауи цифрлық технологиялар-
ды ескере отырып білім беру ортасын жақсартуға қатысты жұмыстарын әрі қарай жалға-
стыра береді. Жергілікті қауымдастықтың, ата-аналардың, қоғам қайраткерлерінің, 
үкіметтік емес ұйымдардың, академиялық мекемелердің, бизнес пен бұқаралық ақпа-
рат құралдарының өз еркімен елдегі білім беру жүйесін жетілдіру ісіне ат салысуына, 
материалдық-техикалық базаны нығайтуға және балаларды дамытуға қатысты өзге де 
сұрақтардың шешімін табуға көмектеседі. 


17
Қазіргі кезеңде және орташа шұғыл перспективада білім беру ұйымы мен қазақстан-
дық педагогтердің кәсіби сапасын артыру ісі, жалпы алғанда бірінші кезекте қарасты-
рылатын мәселе. 
Мектеп білімі саласында жалпыұлттық мақсаттарды бекіту қажет, олар:
• оқушылардың базалық білімінің жалпы деңгейін арттыру; 
• дағдыларды (нақтылар болсақ, алған білімді, шығармашылық және сыни ойлау-
ды, сұрақ қоя білу қабілетін және қолда бар деректерді талдауды іс жүзінде қол-
дану) және функционалдық сауаттылықты дамыту; 
• мектеп білімі аясында ұлттық бірегейлікті жүзеге асыру, бұл қазақ тілін білу, мә-
дени шараларға қатысу, Қазақстанның мәдени, тарихи және интеллектуалдық 
мұрасын меңгеру мен қамқор болу, құрмет көрсету, қонақжайлық секілді ұлттық 
құндылықтарды сақтаудан көрінеді;
• Қазақстанның дүниежүзімен диалог орнатуы, бұл қазақ тілін білу, сонымен қатар 
орыс және шет тілдерінде еркін сөйлеп, халықаралық тәжірибені үйреніп, ғылы-
ми, технологиялық және білім беретін ресурстарға қол жеткізе алуы арқылы жү-
зеге асады.
Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту үшін бірқатар нақты міндеттерді орындау қажет.
Сапалы біліммен қамтамасыз етудің маңызы айтпаса да түсінікті, алайда бұл түсінік 
контекске және көзқарасқа байланысты құбылуы мүмкін. Сондықтан, Қазақстан Респу-
бликасының заңнамасында білім беру саласындағы «сапалы білім» түсінігін құрамдас 
бөліктерімен қоса бірыңғай әрі нақты ұғым ретінде қалыптастырған жөн (Барбер, Мур-
шед, 2012)
25

Сапалы білімнің жан-жақты анықтамасына әр оқушыны дамытуға бағытталған жүй-
ені тиімді басқару, білікті мамандар, оқушылардың денсаулығы мен әл-ауқатын қамта-
масыз ету, білім беру мазмұны, білім беру ортасы мен оқыту процесін ұйымдастыру сын-
ды аспектілер кіреді және кіруі тиіс. 
Білім беру жүйесіне түгелдей сәтті тәжірибелерді тарату үшін Білім беру сапасын 
бағалаудың ұлттық жүйесін (БСБҰЖ) әрі қарай дамыту керек. Ондағы бағалаудың қол-
даныстағы тетіктерін жүйелеу және оны жақсартудың тиімді әдістерін анықтау қажет.
Барлық деңгейдегі білім беру қызметтерінің сапасын бағалайтын ортақ тәсіл болуы 
маңызды, ішкі және сыртқы бағалау арасындағы айырмашылықты қысқарту, білім беру 
процестері мен балалардың әлеуметтік дамуын интеграциялау қажет. Ол үшін білім беру 
процесінің барлық қатысушысы ортақ мақсат – адам әлеуетінің бәсекеге қабілеттілігінің 
арттыруға қолжеткізу үшін жұмыла әрекет етуі қажет. 
Дереккөз, қолданыс аясы және бағалау мақсатына қарай БСБҰЖ құрылымдық эле-
менттеріне ішкі, сыртқы және халықаралық бағалау жатады. 
Ішкі бағалауды оқушылармен тікелей байланысы бар педагогтер жүргізеді. Ішкі баға-
лаудың міндеті – мұғалім әр оқушының жетістігін білім беру бағдарламасының спец-
ификациясы контексінде түсінуі керек. Ішкі бағалаудың анықтығы мен объективтілігін 
арттыру үшін, критериалды бағалау жүйесі енгізіліп, педагогтер қауымдастығында оң 
бағаланды. Оны жүйелеу мен әрі қарай дамыту процесі жалғасады. Сыныпта бағалау 
объективті және сапалы жүруі үшін бірыңғай тәсілдер жасақталып, олар мұғалімдер-
25
М.Барбер., М.Муршед (2012). Создавая будущее: как хорошие образовательные системы могут стать еще более эффективны-
ми в следующем десятилетии.


18
ге арналған нұсқаулық пен талаптар жиынтығы болады (Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА 
зерттеулерінің нәтижелері, 2023)
26
.
Мектептерде қорытынды аттестация өткізу сапасын бақылауды күшейту қажет. Сы-
рттан бекіту талабы қойылмауына байланысты «Алтын белгі», яғни жоғары баға алған 
түлектер санының жасанды түрде көбеюі бұл тәжірибенің объективті еместігін айқындай-
ды. Білім берудің барлық деңгейінде академиялық адалдық саясатын жасақтап, бекіту 
қажет. Оқушылардың, педагогтер, білім беру мекемелері әкімшілігі және процестің өзге 
де қатысушыларының адалдық саясаты бұзылған жағдайдағы жауапкершілігін анықтау 
керек. 
Электронды журнал арқылы жиналған деректер негізінде, «ақылды талдау» қағида-
сын қолдану арқылы ағымдағы бағалау туралы есеп берудің көп деңгейлі жүйесін жа-
сақтау қажет. Бұл нақты уақыт режимінде түрлі деңгейдегі білім сапасы прогресін бақы-
лауға, мектептің ішкі есебі мен сыртқы тәуелсіз бағалауды салыстыруға, заңдылықтарды 
анықтап, осы деректер негізінде білім берудің әрі қарайғы саясатын қалыптастыруға 
мүмкіндік береді.
Сыртқы бағалау – оқушылардың білімі мен дағдыларына мектепке қатысы жоқ, тәу-
елсіз ұйымдардың беретін бағасы. Мақсаты – түрлі білім беру ұйымдарының оқытудағы 
нәтижелерін объективті және салыстырмалы түрде бағалау, олардың жалпымемлекеттік 
стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету.
Оқушылардың білім алудағы жетістіктерін мониторингілеуді (ОБЖМ) Үкімет 
анықтайтын ұлттық үйлестіруші тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып, жаңа форматта 
жүргізеді. ОБЖМ нәтижесі бойынша төмен, орташа және жоғары нәтиже көрсеткен мек-
тептер анықталып, нақты бағытталатын қолдау шаралары қабылданады. 
Нәтижесі төмен мектептерге жағдайды тұзеу үшін түбегейлі шаралар қолдану қажет 
болады. Сондықтан, оларға білім сапасын арттыруға 1 жылдан 3 жылға дейінгі аралықта 
уақыт беріледі. Мұндай мектептің педагогтері пәні, әдіснама мен оқыту технологиясы, 
балалар психологиясы мен жас айырмашалықтарына қарай ерекшеліктерін білуі бойын-
ша тестілеуден өтеді. Сонымен қатар, мұғалімдердің сабақтарына қатысу мен анкеталау 
ұйымдастырылады. Бұл шаралар мұғалімдер ұжымында біліктілікті арттыру қажеттілігін 
анықтау үшін керек. Қайта жасалған ОБЖМ-дан кейін білім беру сапасы жақсармаса, 
мектеп әкімшілігі мен педагогтер ұжымына қатысты шаралар қолданылады. Мектептің 
қамқоршылар кеңесінің құрамы да толықтай өзгертіледі. 
Халықаралық бағалау балаларымыздың, мұғалімдеріміздің және оқу орындарымыз-
дың жетістіктерін өзге елдермен салыстыруға мүмкіндік береді. Мұндай бағалау ұлттық 
білім беру жүйесінің әлемдік стандарттарға сәйкестігін, сонымен қатар мықты және әл-
сіз тұстарын анықтау үшін маңызды. 
Қазақстан әртүрлі халықаралық зерттеулерге белсенді түрде қатысып келеді. Бұл 
білім беру жүйесінің деңгейін талдау мен даму тенденцияларын анықтауға мүмкіндік бе-
реді. Зерттеуді ұйымдастырушылар тарапынан берілетін бастапқы талдау нәтижелерін 
алған соң, деректерді қайта талдау механизмдерін белсенді түрде жасақтау қажет. Тал-
дауды оқушылар, мектеп пен аймақ деңгейіндегі айырмашылықты ескеруге мүмкіндік 
беретін түрлі әдіснамаларды қолдану арқылы жүргізуге болады.
Мұндай зерттеулер басқару шешімдерін қабылдауға қажетті неғұрлым сапалы бол-
жау, интеллектуалдық өзара байланыстарды талдау, заңдылықтар мен құрылымдарды 
анықтауға мүмкіндік беретінін атап өткен жөн. 
26
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА (2023). Жалпы білім беретін мектептердегі қолданыстағы критериалды бағалау жүйесін зертте-
удің негізгі нәтижелері.


19
Бағалау түрінің әрқайсысында өз артықтықшылықтары мен шектеулері бар және 
олардың өзара әрекеттестігі оқушылардың дағдылары мен білімін объективті әрі саналы 
түрде бағалауға мүмкіндік береді. Осы орайда, бағалау түрлерін одан әрі жетілдіру мен 
кеңейтудің өзектілігі бар. Бағалаудың барлық түрінің нысаны тек оқушылар ғана емес, 
сонымен қатар педагогтер, білім беру мекемелері, басқару органдары болуға тиіс. 
Білім беру сапасы туралы объективті ақпарат алу үшін, оқу процесі мен олардың тал-
дауы бойынша статистика түзетін аймақтық қызметтерді дамыту қажет. Өңірлік дең-
гейде білім беру процестеріне мектептен тәуелсіз жасалатын мониторинг мәдениетін 
енгізген жөн. Мониторинг нәтижелері балалардың тоқсандық және жылдық бағасына 
әсер етпейді. Аймақтардың жыл сайынғы бюджетінде осы қызметке және мектептің ха-
лықаралық зерттеулердегі нәтижелеріне терең талдау жүргізуге қаржыландыру қара-
стырылуы қажет.
Сапаны тәуелсіз түрде қамтамасыз ететін механизм – аккредитациялық орган 
БСБҰЖ-ның маңызды бөлігі бола алады.
Дегенмен, елдің мәдени-әлеуметтік контексіне сай келетін стандарттар мен меха-
низмдерді қамтитын ұлттық акредитация жүйесінің әдіснамасын жасақтау маңызды 
аспекті саналады.
Мекеменің аккредитациядан өту ұзақтығы кемінде үш жыл болады, бұл уақыт ара-
лығы сапалы талдау жүргізуге жеткілікті. 
Оқу орындарын аккредитациядан өтуге ынталандыру үшін, аккредитацияланған ме-
кеме дәрежесін алған жағдайда берілетін жан басына шаққандағы қаржыландыру коэф-
фициенті жасақталады. Егер аккредитацияланған мектеп аттестация барысында білім 
берудің төменгі сапасын көрсетсе, аккредитация өткізген органды жауапкершілікке тар-
ту шаралары қаралады.
Мұғалім баланы табысқа жетелейді
Заманауи мектептегі мұғалім – уақытты ұтымды пайдалана алатын, міндеттерді 
нақты анықтай білетін, кез келген мәселені шешудің оңтайлы жолдарын тез табатын, 
қоғамға қызмет ететін және осыған толық жауапкершілікпен қарайтын көшбасшы. Пе-
дагог – ең алдымен, бүкіл оқу процесінің мотиваторы, ол оқушыларға жаңа ақпаратты 
іздеуде бағыт-бағдар берумен қоса, оны қабылдау, өңдеу және игеру дағдыларын қа-
лыптастыра білуі қажет. Қазақстандағы педагогикалық жоғары оқу орындардың жаңар-
тылған білім беру бағдарламалары мектеп мұғалімдерінің осындай кәсіби қасиеттерін 
қалыптастыруға негізделуге тиіс.
Педагогикалық білім беру саласы 4 бағыт бойынша дамиды:
• педагог кадрлардың қажеттілігін болжау. Педагог кадрлар тапшылығының алдын 
алу, болашақ мұғалімдерді кәсіптік бағдарлау бойынша аймақтар деңгейіндегі қа-
жеттіліктерді болжау жүйесін құру;
• біртұтас білім беру кеңістігін құру. Оқытушы-профессорлар құрамының (ОПҚ) 
өзара әрекеттесуі арқылы педагогикалық жүйе шеңберінде интеграциялық про-
цестерді жүзеге асыру, major/minor және double major бағдарламаларын, сон-
дай-ақ шағын жинақты мектептерге арналған оқыту бағдарламаларын енгізу 
арқылы білім беру бағдарламаларының құрылымын жетілдіру;
• іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоса алғанда, ғылыми-зерттеу қы-
зметін бейіндеу және дамыту;


20
• ОПҚ кәсіби әл-ауқатын арттыру. «Болашақ» бағдарламасы аясында педагогика-
лық жоғары оқу орындардың ОПҚ тағылымдамадан өтуіне квота бөлу, оқыту 
профессорлық құрамды магистратурада мақсатты түрде даярлау.
Білім беру бағдарламалары «Педагог» кәсіптік стандартына толығымен сай болуы ке-
рек.
Педагогикалық колледждер мен жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламала-
рының сәйкестігін қамтамасыз ету қажет.
Қызмет етіп жүрген педагогтер қайта даярлау бағдарламалары арқылы сабақтас 
пәндер бойынша қосымша біліктілікті ала алады.
Студенттің негізгі мамандығымен бірге алатын жаңа minor-бағдарламалары мен ми-
кробілікіліктер қазіргі заман талабына сай мұғалім даярлаудың ұзақ жолын қысқартады.
Педагог мамандығына басқа салалардың мамандарын тарту Жоғары оқу орында-
рындағы педагогті қайта даярлау (PGCE) бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.
Жинақталған ғылыми-әдістемелік әлеуетті ескере отырып, мұғалімдердің біліктілігін 
арттырудың инновациялық әдістерін енгізу мақсатында Назарбаев зияткерлік мектеп-
тері негізінде жаңа педагогикалық университет ашу жоспарланып отыр. Университеттің 
ғылыми-зерттеу бағыты дарынды педагогтердің жаңа легін қалыптастыру мен дамыту-
дың негізгі орталығына айналады. 
Қазақстандағы педагогикалық жоғары оқу орындары еліміздің мектептерімен байла-
нысты нығайтуы қажет. Педагогикалық тәжірибемен жоғарғы ғана емес, бастапқы курс 
студенттерін де қамту маңызды. Курстық және дипломдық жобалардың жетекшілері бо-
лып ЖОО оқытушыларымен қатар, мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдер де болғаны 
жөн.
Болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығына дуалды оқыту элементтерінің енгізілуі 
студенттердің шынайы педагогикалық жұмысқа тез бейімделіп, дағдылануына ықпалын 
тигізеді. Педагог мамандығында оқитын жоғарғы курс студенттерінің өз мамандығы 
бойынша жұмысты ерте бастап кетуіне мүмкіндік туады.
Алдыңғы қатарлы мектептерде жүретін ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеуге сту-
денттерді қатыстырудың маңызы зор. Жоғары оқу орындарындағы оқу процесіне ше-
бер-мұғалімдерді, ең алдымен ұстаздық қызметте жоғары атақтар мен марапаттарға қол 
жеткізген тұлғаларды тарту қажет.
Өз кезегінде педагогикалық жоғары оқу орындары мектептерде кәсіптік бағдарлау 
жұмысын ұйымдастыруы керек. Педагогика саласына қызығушылығы бар дарынды 
оқушыларды анықтап, оларды педагог мамандығын таңдауға ынталандырып, өз уни-
верситетіне оқуға түсуге мақсатты түрде дайындау қажет.
Қолданбалы талдаудың (ABA) және ерте диагностика әдістерінің (ADOS) үздік ха-
лықаралық тәжірибесіне сүйене отырып, педагогтерді ерекше білім беру қажеттіліктері 
бар балалармен жұмыс істеуге оқытудың заманауи үлгісі әзірленеді.
Маман даярлаудың сәйкес педагогикалық бағыттары бойынша бакалавр - магистра-
тура - докторантура білім беру бағдарламаларында сабақтастық болуы қажет, ал құзы-
реттілік ұдайы ілгерілеуге тиіс.
Педагогикалық білім беру саласындағы докторлық бағдарламалар аясындағы зерт-
теулер докторанттарды тиісті білім беру мекемелеріне кемінде үш семестрге орналасты-
ру арқылы жүзеге асырылады.
Педагогикалық жоғары оқу орындар мен колледждердің түлектерін міндетті түрде 
тәуелсіз сертификаттау педагогикалық құрамның сапасын арттыруға ықпал етуі тиіс. 


21
Бұл олардың академиялық білімі мен кәсіби педагогикалық құзыреттілігін бағалаудың 
маңызды құралы болады. Мектепте жұмыс істеу құқығы осындай сертификат алғаннан 
кейін ғана берілуі керек. 
Тәуелсіз сертификаттауды аккредитацияланған тәуелсіз ұйымдар жүргізеді.
Жоғары оқу орындарының маман даярлаудағы жауапкершілігін арттыру маңызды. 
Түлек сертификат ала алмаған жағдайда, ол талап етілетін деңгейге дейін жеткізілуі тиіс. 
Бұған қажетті қосымша шығынды ЖОО көтеруі қажет. Сонымен қатар, педагогикалық 
жоғары оқу орындарының түлектерін сертификаттау нәтижелері университеттерге мем-
лекеттік білім гранттарын бөлу және лицензиялау кезінде ескерілуі керек.
«Педагог» кәсіби стандарты (ҚР ОМ 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №500 бұйрығы)
27
мұғалім еңбегін бағалауға, әділ еңбекақы төлеу, моральдық және материалдық ынта-
ландыруға, педагогті сапа жағынан өсуге талпындыруға, оның даму процесін тиімді 
анықтау мен мұғалімнің кәсіби шеберлігінің нақты деңгейін бекітуге объективті негізі 
болуы қажет. Сондықтан ол аттестаттау рәсімінің межесіне айналады. 
Мұғалімнің жұмысын аттестаттау нәтижелері оның шығармашылық дамуына түрт-
кі болуы керек. Педагог еңбегін бағалау критерийлері қолданыстағы біліктілік санатта-
рының жүйесіне парапар енгізілуі тиіс: мұғалім, модератор-мұғалім, сарапшы-мұғалім, 
зерттеуші-мұғалім, шебер-мұғалім.
Құзырлы білім беру органына тәуелсіз мекеме базасында аттестация өткізу бары-
сында педагогтердің біліктілігін тестілеу мәселесін сапалы ұйымдастыру қажет. Білік-
тілік тесті шара қолдану мен педагог қызметін бақылаудың қарапайым құралы болмай, 
оның даму процесін тиімді ашуы маңызды. 
Тест нәтижелері бойынша кәсібиліктің педагогтерге қиындық туғызатын объективті 
тұстары анықталуы қажет.
Осы нәтижелер негізінде педагогтердің күрделі немесе осал тақырыптар бойынша 
білімін тереңдетуге, сондай-ақ олардың педагогикалық құзыреттілігін кеңейтуге бағыт-
талған арнайы оқыту бағдарламалары әзірленеді, олар онлайн және офлайн форматта 
ұсынылады. 
Аттестаттау нәтижелері педагогке қатысты кадрлық шешімдер қабылдауға ғана емес, 
сонымен қатар оның кәсіби дамуын ынталандыруға және қолдауға негіз болады.
Мектеп ішінде де, үздік педагогтердің тәжірибесін таратуға арналған өңіраралық 
және ұлттық платформалар арқылы да тұрақты өзара әрекеттестіктің кең желісін енгізу 
арқылы педагогикалық кадрлардың үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету өте маңыз-
ды.
Педагогтердің фрагменттік оқудан үздіксіз кәсіби дамуға көшуі негізгі шаралардың 
бірі болмақ. Бұл бастама аясында педагогтер өзін-өзі дамытуға, тағылымдамадан өту, 
тәлімгерлік ету, республикалық немесе халықаралық конференцияларға қатысу және 
мектеп ұжымдарымен бірлескен оқуға ынталандырылып, қолдау көрсетіледі.
Қазір әлемде мамандардың біліктілігін арттыруда ваучерлік-модульдік жүйені қол-
дану кеңінен таралған. 2006 жылы ваучерлік тәсіл идеясы ересектерге білім беру жүй-
есіндегі тиімді инновация ретінде Гарвард университетінің сыйлығына ие болды. Бұл 
тәжірибе Финляндияда, Ұлыбритания, Испания, Қытай, АҚШ, Литвада және Ресейде 
жолға қойылған. Оның аясында ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес педагог оқудың ұй-
ымдастырылуы, мазмұны мен мерзімін таңдау мүмкіндігіне ие. Ол мемлекет белгілеген 
жан басына шаққандағы мөлшерлеме негізінде қаржыландырылады және белгілі бір 
ақша сомасымен қамтамасыз етілген жеке құжат (ваучер) түрінде беріледі.
27
«Педагог» кәсіптік стандартын бекіту туралы» ҚР ОМ министрінің м.а. 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығы


22
Ваучерлік жүйе мамандарға біліктілігін арттыру үшін білім беру мекемелерін таңда-
уға мүмкіндік береді. 
Қазақстанда біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесін енгізу бастамасы 
2011 жылдан бері талқыланып келеді. Бұл тәжірибе тез зерттеліп, кезең-кезеңімен қолда-
нысқа енгізіледі.
Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарынан өтуі бойынша электронды база құры-
лады. Цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының 
бірыңғай тәсілін жүзеге асыру қажет.
Педагог мамандардың сапасын арттыруға септігін тигізетін тағы бір тетік – қа-
зақстандық мұғалімдерді жұмыстан қол үзбей, магистратурада даярлау мүмкіндігі бол-
мақ.
«Болашақ» бағдарламасы бойынша педагог мамандықтарына арналған квоталарды 
ұлғайту ұсынылады.
Шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашудың сәтті тәжірибесі педагог 
кадрларды даярлау саласында да қолданылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет