Балалар аурулары пәні



Pdf көрінісі
бет40/65
Дата15.03.2024
өлшемі3.24 Mb.
#495630
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65
СТАНДАРТТАР жинағы балалар аурулары

Манту сынамасын қою.
 
Мақсаты: диагностикалық, БЦЖ ревакцинасына іріктеу. 
Көрсетепе:
1. Туберкулез ошағындағы науқаспен қатынаста болған балаларға; 
2. Қатерлі топтағы баларға
3. 2 айдан асқан балаларға вакцина егу алдында; 
4. 6-7 жастағы балаларға БЦЖ ревакцинасын қайта егу алдында
Ресурстар: 
-залалсыздандырылған мақта шариктері 
-пинцет, резеңке қолғап, туберкулин 
-ампуланы қоюға арналған мензурка 
- туберкулин шприці 
-медициналық қалдықтарға арналған «А», «Б» сынып контейнерлері 
- 70% этил спирті, лоток. 
Іс-әрекет алгоритмі: 
1. Анасына процедура барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. 
2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. 
3. Процедуралық столға қажетті құралдар мен дәрілік заттарды қойыңыз 
4. Ампуланың атауын, сақтау мерзімін, бүтіндігін, мөлдірлігін тексеріңіз 
5. Пинцетпен 2 мақта шаригін алып, спиртке батырыңыз. 
6. Ампуланың мойнын спиртке малынған мақта шаригімен сүртіп, кескішпен 
кесіңіз 
7. Ампуланың мойнын мақта шаригімен өзіңнен сыртқа қарай сындырыңыз 
8. Ампуланың сынған басын қауіпсіз жою контейнеріне тастаңыз. 
9.Асептика ережелерін сақтап отырып туберкулин шприцін ашыңыз 
10. Туберкулині бар ампуланы алып, шприцке 0,1 мл (2 ТЕ) сорғызып 
алыңыз. 
11. Шприцті стерильді орамасына қайта салып, лотокқа қойыңыз 
12. Пинцетпен қолыңа 2 мақта шаригін алып, спиртке батырыңыз 


13. Бірінші мақта шаригімен баланың білегінің ішкі бетінің терісін қең 
аумағын сүртіңіз, екіншісімен инъекция жасайтын орынын сүртіңіз (білектің 
ортаңғы 1\3 бөлігі). 
14.Шприцті орамадан шығарып алыңыз 
15. Сол қолыңмен білектің терісін астынан тартыңыз. 
16. Шприцтің инесін қиығын үстіне қаратып, 5 градус бұрышпен тері ішіне 
енгізіңіз (лимон қабықшасы тәрізді папула пайда болуы керек). 
17.Инені шығарыңыз. Инъекция жасаған жерді спиртпен сүртпеңіз. 
18.Туберкулин шприцін қауіпсіз жою контейнеріне тастаңыз. 
19.Резенке қолғапты шешіп, қауіпсіз жою контейнеріне тастаңыз. 
20. Анасына 72 сағаттан (3 күн) кейін келуін айтып, келесі кеңестерді 
түсіндіріңіз: 
-инъекция жасаған жерді сулауға болмайды 
- инъекция жасаған жерді қасуға болмайды 
-синтетикадан жасалған ұзын жеңді киім кимеу 
-3 күнге дейін аллергенді рационнан аулақ болу 
Есте сақта! 
Манту сынамасының нәтижесі пластмассадан жасалған мөлдір сызғышпен 
өлшенеді. 
Нәтижесі баланың 112\у және 063\у формаларына жазылады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет