Балалар аурулары пәні



Pdf көрінісі
бет41/65
Дата15.03.2024
өлшемі3.24 Mb.
#495630
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65
СТАНДАРТТАР жинағы балалар аурулары

 
Манту сынамасы нәтижесі: 
Жұп жылдары- оң жақ білекке жасалады. 
Тақ жылдары- солжақ білекке жасалады. 
1. Манту сынамасының реакциясы: 
1) теріс - инфильтраттың (папулдар) немесе гиперемияның толық 
жоқтығы және шаншу реакциясы бар болған кезінде (0-1 мм); 
2) күдікті - инфильтратта көлемі 2-4 мм немесе тек инфильтратсыз кез 
келген көлемдегі гиперемия кезінде; 
3) оң - 5 мм және одан да астам диаметрмен инфильтраты болған кезде –
(нормергия); 
4)Гиперергиялық-
0-14 жастағы балаларда- 15 мм және одан жоғары диаметрмен; 
15-17 жастағы балаларда -17 мм және одан жоғары,
Ересектерде - 21 мм және одан жоғары диаметрмен инфильтрат, 
Барлық 
бөртпе-некроздық 
реакция, 
лимфангоитпен 
немесе 
инфильтраттың көлемінен тәуелсіз. 


Егер балада 2, 3, 4 реакциялар болса фтизиатрдің кеңесіне жіберіледі. 
Қатерлі топтағы балалар: 
1. Әлеуметтік нашар жанұя балалары (ата-анасы маскүнем, нашақар) 
2. Амбулаторлы, ауруханалық емделудегібалалар, егер 2 аптадан ұзақ 
жөтелсе, түнде тершеңдік, тәбетінің нашарлауы, салмағының азаюы 
байқалса; 
3. Лимфа түйіндері ұлғайған балалар; 
БЦЖ вакцинасын егу техникасы 
Мақсаты: туберкулездің алдын-алу. 
 
Ресурстар: залалсыздандырылған мақта шариктер,пинцет,резеңке 
қолғап,БЦЖ вакцинасы ерткішімен,ампуланы қоюға арналған мензурка қара 
қағаздан жасалған конус,екі шприц,бір туберкулин және 2 гр арнайы вакцина 
шприці,шприц тастайтын контейнер,дез ертіндісі бар ыдыс,70%этил спирті. 
Іс-әрекет алгоритмі: 
 
1.Анасына жасалып жатқан процедураны түсіндіріңіз және келісімін алыңыз. 
2.Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. 
3. Вакцинасы мен еріткіші бар ампулаларды қорабынан алып, түсін, сақталу 
мерзімін, бүтіндігін тексеріңіз.
4. БЦЖ вакцинасы бар флаконның метал, резин қақпақтарын және еріткіші 
бар ампуланың мойнын спиртке малыныған мақта шаригімен өңдеңіз. 
5.Мақта шаригімен ампуланың мойнын кескішпен кесіңіз, сыртқа қарай 
сындырыңыз. 
6. Пайдаланған мақта шариктерін контейнерге тастаңыз. 
7.Асептика ережелерін сақтап отырып, 2гр шприцті ашып, инесін 
канюласына бекітіңіз, иненін қалпағын алыңыз. 
8.Ампулағы еріткішті 2,0 шприцке сорғызып алыңыз, ампуланы контейнерге 
тастаңыз. 
9.Вакцинасы бар флаконды алып, 2,0 шприцтегі еріткішті флаконның 
қабырғасымен жайлап жіберіңіз,қайта сорғызып, қайта жіберу арқылы 
вакцинаны араластырыңыз. 


10.2гр шприцті қауіпсіз жою контейнеріне тастаңыз. 
11.Асептика ережелерін сақтап отырып туберкулин шприцін ашыңыз. 
12.Флакондағы вакцинаны туберкулиншприціне 0,2 мл сорғызып алыңыз. 
13.Қалған вакцинаны бетін қара қағаздан жасалған ыдысқа салып, бетін 
жабыңыз. 
14.Шприцтегі ауаны стерильді мақта шаригіне шығарып, шприцте 0,1 мл 
вакцина қалдыңыз, мақта шаригін контейнерге тастаңыз. 
15.Шприцті стерильді лотокқа салыңыз. 
17. Стерильді 2 мақта шаригін алып, спиртке малыңыз. 
18.Сол қардың ортаңғы 1/3 бөлігін спиртке малынған мақта шаригімен
бірінші кең аумақты, сосын инъекция орынынын өңдеңіз. 
19. Сол қолдың 1 және 2 саусағымен қардың астыңғы жағынан инъекция 
орынының терісін тартыңыз.
20.Шприцтің инесін қиығымен үстіне қаратып, тері ішіне 5º-та енгізіңіз
вакцина енгізілген орында 5-6 мм лимон қабығы тәрізді папула пайда 
болады. Ол 15-20 минуттан кейін кетіп қалады. 
21.Инені шығарыңыз. Инфекция жасаған жерді спиртпен сүртуге болмайды.
22.Туберкулин шприцін қауіпсіз жою контейнеріне тастаңыз. 
23.Қолғабыңды шешіңіз, қолыңызды жуыңыз. 
24. Вакцинация туралы мәліметтерді профилактикалық екпелер журналына-
064/е нысанына, баланың даму тарихы- 112/е нысанға, профилактикалық 
екпелер картасы - 063/е нысанға жазыңыз. 
Нәтижесінде 1,3, 6, 12 айдан кейін дәрігермен мейірбике қарап ф №112 
баланың даму тарихы және Ф №063 алдын-ала егу картасына, 064 жергілікті 
реакцияны папула тығыздалумен, пустула бөлініс бөлінуімен, қабықша түзу, 
тыртық, пигментация түзіледі деп қорытындысын жазу керек. 
6 айда мөлшері 2 мм-ден жоғары тыртық пайда болуы керек. Егер 2 мм-ден 
аз болса нәтижесіз тыртық деп бағаланып, үстеме вакцинация жасалады. 
Үстеме вакцинация Манту сынамасы теріс нәтижелі болғанда жасалады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет