Балалар аурулары пәні



Pdf көрінісі
бет45/65
Дата15.03.2024
өлшемі3.24 Mb.
#495630
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65
СТАНДАРТТАР жинағы балалар аурулары

 
 
 
 
 
 


ҚҰРТТЫ АНЫҚТАУҒА ҚЫРЫНДЫ АЛУ 
 
Мақсаты: диагностика.
Көрсетпе: энтеробиоз 
Дайындаңыз:
1. Резеңке қолғап 
2. ағаш шпатель немесе таяқша. 
3. 50% глицерин ерітіндісі немесе 1% гидрокарбонит натрий ерітіндісі 
4. стеклограф
5. Лабораториялық 2 әйнекше 
6. Крафт қағаз, резеңке, жолдама 
Іс- әрекет алгоритмі: 
 
1. Анасына зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын 
алыңыз. 
2. Лабораториялық әйнешені стекографпен номерлеп маркировка жасаңыз
номер жолдамадағы номермен сәйкес болуы тиіс. 
3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғап киіңіз. 
4. Баланы сол қырына жатқызып, жоғарғы аяғын тізесінен бүгіңіз. 
5. Лабораториялық әйнекшеге 1 тамшы 50% глицеринді тамызыңыз. 
6. Ағаш таяқшаны 50% глицеринге батырып алыңыз. 
7. Сол қолдың 1-2 саусағымен баланың бөксесін ашып, таяқшамен аналь 
тесігі айналасындағы қыртыстардан қырынды алыңыз. 
8. Таяқшаны глицерин тамызған әйнекшенің үстіне салып, екінші әйнекшені 
бетіне сал.
9. Оны крафт қағазына орап, белін резеңкемен қыстыр. 
10. Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз. 
11. Жолдама жазып, 1 сағат ішінде лабораторияға жібер.
Ескертпе: 

анализ зерттеуге таңертеңгілік мезгілде жүргізіледі. 

Зерттеу алдында баланының аралығын жууға болмайды! 


ЖАҢА ТУҒАН ЖӘНЕ ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ АСҚАЗАНЫН 
ЖУУ 
Мақсаты: емдік 
Көрсетпе: баланың улануы 
Дайындаңыз: залалсыздандырылған асқазан зонды №6,8,10 (жіңішке зонд), 
пинцет, салфетка, лоток, шайынды суды анализге жинау үшiн 
залалсыздандырылған ыдыс, 24-26* С физиологиялык ертiндiнi немесе 
қайнатылған су, 20 мл. немесе Жане шприцтерi, резин қолғап, алжапкышты, 
клеенка, жаялық, жуылған суды төгетін ыдыс, дезерітіндісі бар ыдыс, 
ветошь. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   65




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет