7
Адам мен қоршаған орта өзара үйлесімділікте əрекеттеседі жəне
толықанды заттар легі, энергиялар мен ақпараттарды адамдар мен
қоршаған орта жақсы қабылдағанда дамиды. Кез келген қалыпты
деңгейдің жоғарылауы адам мен қоршаған ортаға кері əсерін тигізеді.
Бұндай өзара əрекеттесудің табиғи шарттарында климаттың өзгеруі
жəне апаттық залалдың пайда болуы бақылауда болады.
Техносфера жағдайында жағымсыз əсерлер оның түрлі
элементтерімен (көлік,
ғимараттар, өндірістік құрылғылар) жəне
адамдар əрекеттерімен шартталады.
Заттар, энергия жəне ақпараттар легі көлемі минималды жəне
максималды болып өлшенеді. «Адам – қоршаған орта» жүйесінің
сипаттық жағдайы заттар легі көлемінің негізінде анықталады.
«Адам – қоршаған орта» жүйесінің өзара əрекеттесуін мынандай
түрде жіктеуге болады:
Ыңғайлы (оптималды)
- заттар, энергия жəне ақпараттар легі
əрекеттер мен демалыстардың оптималды шарттарын жəне
адамдардың денсаулығын сақтауға кепілдік жасау, жоғары
жұмысқа қабілеттігінің пайда болу алғышарттарын құрайды.
Ұйғарынды - заттар, энергия жəне ақпараттар легі денсаулыққа
кері əсерін тигізбейді, бірақ адам əрекетінің қабілеттілігін
төмендетіп, қолайсыздық туғызады.
Қауіпті - заттар, энергия жəне
ақпараттар легі ұйғарынды
деңгейді көтереді, ұзақ уақыт əсер ететін аурулар туғызатын,
қоршаған ортаның құлдырауына əкеп соғатын денсаулыққа кері
əсер тудырады.
Төтенше жағдайдағы залал – қысқа уақыт аралығында жоғары
деңгей легінде жарақат алуы мүмкін, адамды өлімге алып келуі
де мүмкін жəне қоршаған ортаның бұзылуына алып келеді.
Жоғарыда көрсетілген адам
мен қоршаған ортаның өзара
əрекеттесу жіктемесіндегі тек алғашқы екеуі ғана (ыңғайлы жəне
ұйғарынды) күнделікті тіршіліктегі позитивті шарттарға сəйкес.
Қалған екеуі (қауіпті жəне төтенше жағдайдағы қауіпті) қоршаған
ортаның дамуы мен сақталуында, адам тіршілік етуіне жарамсыз.
Осылайша, адам мен қоршаған орта өзара қатынасы оң
(позитивті) жəне теріс (позитивті емес) болып бөлінеді. Өзара қатынас
сипаты адамдардың түрлі өндірістік, шаруашылық жəне басқа да
əрекеттерінің нəтижесінде
пайда болатын заттар, энергия жəне
ақпараттар легінің деңгейін анықтайды.