Практикум бастапқы кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу процесінде оқу



Pdf көрінісі
бет9/83
Дата16.03.2024
өлшемі3.07 Mb.
#495826
түріПрактикум
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   83
Косолапова-Н.В.-Тіршілік-қауіпсіздік-негіздері

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
 
1. 
ТЖ-дан азаматтарды қорғау дегенді қалай түсінесің? 
2. 
Қандай жағдайда азаматтарды қорғау бойынша дайындық жəне іске асу 
шараларын пайдалану туындайды? 
3. 
Азаматтарды қорғау бойынша кешенді шаралар дегенге не жатады? 
4. 
Азаматтарды хабардар ету дегеніміз не? 
5. 
Хабардар етудің қай деңгейі негізгі юолып саналады? 
6. 
Қауіп-қатер жайлы шартталған дабылдың қайсысы негізгі құрал болып саналады? 
7. 
Дыбыстық ақпарат беруде қандай талаптар қойылады? 
8. 
Хабар беру уақытын қандай құралдар қысқарта алады? 
9. 
ТАХЖКЖ дегеніміз не? 
10.
ТАХЖКЖ құрылуы тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қандай пайдасы бар? 
№3 тапсырма. Эвакуациялық шараларды зерделеуді, инженерлік 
қорғау шараларын оқыңыз жəне бақылау сұрақтарына жауап беріңіз.
Эвакуациялық шараларға жатады: 
 
Азаматтар мен қызметкерлер эвакуациясы; 
 
Азаматтар мен қызметкерлердің бытыраңқы орнаналасуы. 
Эвакуация төтенше жағдайларда адамдар өмірін сақтау үшін 
атқарылатын əрекет. Әр қилы зардаптар (апаттық су басу, 
радиоактивті ластану) кезінде бұл қорғау тəсілі өте тиімді болады. 
Эвакуация мəні халық пен материалдық құндылықтарды төтенше 
жағдайлар аймақтарынан ұйымдасқан түрде əкету (шығару). 
Бытыраңқы орналастыру – қалада жұмыс жасайтын 
ұйымдасқан шақырту жəне соғыс кезінде де жұмыс жасайтын 
қауiпсiз аймаққа ауыстыратын шара. Қауіпсіз аймаққа жеткен соң 
олар өздерінің жұмыс орнына кезекшілікпен келеді. Әрбір ұйым 
жұмыс объектісі мен кезекшілік жұмысы аралығына қатынауға аз 
уақыт кетіру үшін теміржол, автокөлік жолдарына жақын жерден 
орын алады.


14
 
Инженерлік қорғау - туындайтын зиянды жағдайлардың əсері 
мен көлемін азайтуды көздейтін жəне төтенше жағдайлардың алдын 
алу шаралары зерделенген жəне инженерлік-техникалық кешені. 
Инженерлік қорғаудың негізгі мақсаты: адам өлімін жəне 
материалдық зардаптарды азайту, жедел апаттық-құтқарушы 
жұмыстардың деңгейін көтеру. 
Азаматтарды инженерлік қорғау құрылыс жұмыстарына жəне 
қирауға жақын, радиациялық жəне химиялық ластану апат 
орындарына қорған салуға негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет