Практикум бастапқы кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу процесінде оқу



Pdf көрінісі
бет76/83
Дата16.03.2024
өлшемі3.07 Mb.
#495826
түріПрактикум
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   83
Косолапова-Н.В.-Тіршілік-қауіпсіздік-негіздері

130
 
басталады. Бұл уақытта жан сақтауға арналған, зардап шегушіні əлі 
де сақтап қалу мүмкіндігі бар. 
Жан сақтау - адам өмірін арашалап қалатын кешенді əдістер. 
Терминалды жағдайда зардап шегуші жағдайының ауырлығын 
анықтауға 10-15 с. ғана уақыты бар. Ол үшін есін, тынысын жəне 
жүрек қағысын тексереді. Тексерістен соң тез жан сақтау əрекетіне 
көшу керек. 
Жүрек-өкпе жан сақтауы кенеттен болған ж.рек жəне тыныс 
алудың тоқтауы кезінде жүргізілетін шұғыл шара болып табылады.
Кенеттен жүрек тоқтап естен танған жағдайда не болады?
Мысалы: электр тогы қатты ұрғанда, тыныс алу əлі де 30-40 с 
сақталады. Егер жүрек жұмыс істемесе, тыныс алу да тоқтайды. 
Егер зардап шегуші естен танса, оны арқасымен жатқызу керек
басын артқа жібереді. Астыңғы жақты алға тартып ұстайды. Тыныс 
алуын, дем алу, дем шығару дыбыс тексереді, кеуде тұсындағы 
қозғалысын бақылайды. 
Зардап шегушінің тыныс алуы тоқтап қалса немесе жоқ болса
дереу жүрек-өкпе жан сақтауын жасау қажет, сондықтан жан сақтау 
кезіндегі жасанды дем берумен қатар жүрек соғуын қайтару үшін 
жүрек массажын жасайды. 
Бірінші кезекте жүрек соғысын қалпына келтіруге тырысу керек. 
Оны кедені ұру арқылы іске асырады, ол прекардионалды соққы деп 
аталады. Оны қолдану алғашқы 10 секунда нəтижесін береді. 
Прекардионалды соққыны уақытында, жүрек тоқтағаннан кейінгі 1 
минут ішінде жасаса, жүрек жұмысының қалпына келу мүмкіндігі 50 
% құрайды.
Экстремалды жағдайларда прекардионалды соққы сақтап қалудың 
үлкен мүмкіндігі болады. Бірақ оны тамыр соққы жоқ болған 
кездеқолданылатынын ескеру керек. Қателік жасау жүректің 
тоқтауына, жағдайдың қатты нашарлауына алып келеді.
Прекадионалды соққыдан соң тамыр соғысын жəне артерияны 
тексеріңіз. Егер тамыр соғысы жоқ болса жүрекке массаж жасаңыз
егер тыныс жоқ болса, жасанды дем беріңіз.


131
 
«Адам өлімі сəттерін анықтау жəне жан сақтандыру шараларын 
тоқтату туралы нұсқаулығы» РФ Денсаулық сақтау министрлігінің 
2003 жылғы 04 наурызда бекітілген №73 нұсқаулығы жан сақтау 
шарлары тек адам өлімі анықталғанда тоқтатылатынын қарастырады. 
Биологиялық өлім белгілері кезінде жан сақтау шаралары 
қолданылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет