Практикум бастапқы кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын білім беру мекемелерінің оқу процесінде оқу



Pdf көрінісі
бет75/83
Дата16.03.2024
өлшемі3.07 Mb.
#495826
түріПрактикум
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   83
Косолапова-Н.В.-Тіршілік-қауіпсіздік-негіздері

Жасанды дему беру түсінігіне зардап шегушінің өзіндік тыныс 
алуы кенеттен бұзылса немесе мүлде болмаған жағдайда жасалатын 
жасанды дем беру əрекеті жатады.
Жасанды дем беру зардап шегуші ағзасында газ алмасу процесін 
жүргізуді қамтамасыз етеді. Ол үшін оның қанын оттекпен толтырып, 
ағзадан көшірқышқыл газын шығару. Сонымен қатар, жасанды дем 
беру ми орталығына рефлекторлы түрде əсер етеді, зардап шегушінің 
өздігінен тыныс алуын орнына келтіреді.
Жүрек жиырылып, барлық ағзаға, ұлпалар мен жасушаларға
оттекпен қаныққан қанды жібереді. Соның арқасында олардың 
дүрыс жұмыс жасауы мен өмір біршілігін қамтамасыз ететін 
тотықтырғыш процестер жалғасады.
Кəдімгі тыныс алуға қарағанда жасанды дем берудің 
физиологиялық маңыздылығы төмен, алайда ол тыныс алу қызметінің 


129
 
ауыр түрде зақымданған жағдайларында зардап шегушіні құтқарудың 
жалғыз жолы болуы мүмкін.
Жасанды дем беру керектігінің көрсеткіштері. Жасанды дем беру 
жасалады, егер:
 
табиғи тыныс алу болмаса; 
 
табиғи тыныс алу бірден бұзылса (тым сирек дем алу, ритмнің 
бұзылуында , сирек үзік-үзік дем алу, көгеруде тыныс тереңдігінің 
бірқалыпсыз болуы); 
 
тыныс алудағы үзілістер (периодты тыныс), əсіресе ол көгеру 
(еріннің жəне беттің көгеруі) кезінде кездеседі жəне естен танып 
қалған зардап шегушіде болады. 
Периодтық тыныс алу – бұл беткі жəне сирек тыныс алу 
қозғалысы, максималды бес –жеті рет тыныс алады, содан соң тыныс
əлсіреп кетеді, əрі қарай да тыныс алады, сосын үзіліс (тоқтайды) 
жасалады. Содан кейін тыныс алу циклы сол ретпен қайталанады жəне 
кезекті тыныс алу паузасына ауысады.
Периодтық тыныс алудың бір формасы ретінде біркелкі кезекпен 
ритмді тыныс алу жəне ұзақ (жарты минут, одан да көп) тоқтау 
сипатталады. 
Зардап шегушіде осы белгілер анықталған кезде оған ілкірместен 
қажеттілік туған жерде жасанды дем беру керек.
Соғыс кезінде егер ауа ластанған болса, зардап шегушіге газға 
қарсы құрал кигізіп жасанды дем беру керек. Соғыс алаңында немесе 
бейбіт уақытта жасанды дем беру зардап шегуші өзі табиғи жолмен 
тыныс алмағанға дейін жасалу керек. Зардап шегунің өмір сүруге 
мүмкіндігі жоқ, өлім белгілері болған кезде жасанды дем беруден бас 
тартуға немесе оны тоқтатуға болады.
Өмір мен өлім арасындағы жағдай 
терминалды деп аталады. Ағза 
тыныс алутоқтағанда қатар өлмейді. Жүректің жəне тыныс алудың 
тоқтауы оттекті жеткіліксіздігін хабарладйы, одан бірінші кезекте ми 
қыртысы жасушалары өледі. зардап шегуші естен танады,
клиникалық өлімге түседі (ұзақтығы 3-5 минут), сосын жанталас 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   83




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет