113
«Қақтығыс» жаттығуы
1. Әртүрлі жіктеу бойынша
қақтығыстардың себептерін
талдаңыз: пайда болу көзі; көлемі; ұзақтығы, шиеленісі бойынша
және т.б.
2. Қақтығыстардың себептерін олардың негізгі факторлары-
на – ақпаратқа, құрылымға, құндылықтарға, қатынастар мен мі-
нез-құлыққа сәйкес ашып көрсетіңіз. Өз өміріңізден, әлеуметтік
педагогтың іс-әрекетінен мысалдар келтіріңіз. Жұмысты шағын
топтарда ұйымдастырыңыз.
3. Төмендегі 15-диаграмманы пайдаланып, «қақтығыс тауын»
құрыңыз:
14-сызба
Қақтығыс тауы
4. Берілген жағдай үшін қақтығыстың даму кезеңдерін (дина-
микасын) талдаңыз. Шағын топтардың
әрқайсысы кезеңдердің
бірін талдайды. Сараптау тобы қақтығыстарды басқару алгорит-
мін қолдана отырып, талдау нәтижелерінен қорытынды жасайды:
1-қадам –
қақтығыс жағдайын талдау:
–
тараптарды, қақтығыс объектісін, тақырыбын, көзін анық-
тау;
–
себептерін талдау;
–
қақтығысқа қатысуға не түрткі болғанын талдау;
–
қақтығыстың даму сатысы;
–
кезең (деструктивті, конструктивті);
114
–
қақтығыстағы күштерді теңестіру;
–
нақты күрделі мәселені түсіну;
–
өзінің ұстанымын анықтау;
–
қақтығыс тараптарының сипаттамалары, ұжымның даму
деңгейі, оның ұйымдастық деңгейі.
2-қадам –
мақсат қою (мен нені қалаймын?
Яғни шиеленісті
жеңілдету,
кейінге қалдыру,
қарама-қайшылықты жою және
т.б.). Одан әрі іс-шаралар мақсатқа байланысты жоспарланады.
3-қадам –
қақтығыс тараптарының
ықтимал іс-әрекетін,
оның даму салдарын болжау. Осыған байланысты қақтығыстағы
өзіміздің мінез-құлқымыздың стратегиясын анықтаймыз.
4-қадам –
таңдалған стратегия
мен тактиканы іске асыру,
кері байланысты ұйымдастыру.
5-6 қадам –
тактикалық тәсілдерді бақылау, реттеу, рефлек-
сия және түзету (қажет болған жағдайда стратегияны өзгерту).
Достарыңызбен бөлісу: