Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор


«Қайырымдылық науқаны» жаттығуы



Pdf көрінісі
бет61/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

«Қайырымдылық науқаны» жаттығуы 
1. Балалар үйіндегі балалармен бірге өткізуге болатын 
қайырымдылық шараларының тізімін жасаңыз. 
2. Балаларға көмектесетін іс-шараларды ұсыныңыз және 
ұйымдастырыңыз: «Кітапқа екінші өмір сыйлау», «Балаға ойын-
шық сыйлау», «Баланың күлкісі» және басқа да қайырымдылық 
науқандары, мысалы, «Біздің үйдің жылуы» (демалыс күндері ба-
лалар үйінің балаларымен қонаққа, отбасыларға барған жөн). 
Науқанды өткізуге коммерциялық құрылымдарды, қоғамдық 
ұйымдарды және еріктілер топтарын тартыңыз. 
 


115 
 

тарау
 
БАЛАНЫҢ ГИПЕРАКТИВТІ
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК
ПЕДАГОГТЫҢ ЖҰМЫСЫ 
 
 
 
 
 
XIX ғасырдың ортасында неміс дәрі-
гері, психневролог Хейнрих Хофманн
ең 
алғаш тым ширақ баланы сипаттап және 
оған «ұшқалақ» деген ат берді. 
Гиперактивтілік – ағылшын термині-
нен kyperactivity, (аса/тым белсенді). Ги-
перактивтілікке мектепке бейімсіздену –
білім алу қабілетінің бұзылуы немесе мінез-құлықтың ауытқуы, 
себеп болады.
Гиперактивтілік балаларға әлеуметтік бейімделуде үлкен ке-
дергі келтіреді. Көптеген зерттеушілер гиперактивтіліктің сырт-
қы көріністеріне физикалық белсенділіктің жоғарылауын, ыжда-
һатсыздықты, импульсивтілікті жатқызады. Гиперактивтіліктің 
негізіне жүйке жүйесіндегі қозу және тежелу процестерінің үйле-
сімсіздігі жатады. Гиперактивтіліктің пайда болуының себептері 
туралы әртүрлі пікірлер бар: бұл генетикалық факторлар, мидың 
құрылымдық ерекшеліктері мен жұмыс істеуі, босану кезіндегі 
баланың жарақаты, баланың өмірінің алғашқы айларында жұқ-
тырған жұқпалы аурулар болуы мүмкін, сонымен қатар тамақтан 
уланудан немесе психосоматиканың фонында уақытша көрініс 
табуы мүмкін.
Гиперактивтілік – мидың зақымдану синдромын құрайтын 
бірқатар белгілердің басты ерекшелігі. Ол мидың ауыр зақымда-
луы болмаған жағдайда, көбінесе реттеуші есебіндегі ми құры-
лымдарының көптеген микрозақымдалуымен сипатталады 


116 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет