Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


  §3.2 Этнографиялық зерттеудің мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет14/94
Дата19.03.2024
өлшемі1.82 Mb.
#496006
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   94
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

 


44 
§3.2 Этнографиялық зерттеудің мақсаты мен міндеттері. 
Этнографиялық тәжірибенің мақсаты – біріншіден, студенттердің дәріс 
және семинар сабақтарында алған білімін бекіту; екіншіден, тәжірибеші-
студентті экспедиция жұмыстарына қатыстыра отырып, оның бойында далалық 
жағдайдағы жұмыстарды ұйымдастыру мен кәсіби-этнограф дағдыларын 
қалыптастыру; үшіншіден, этнографияны игеруге көңіл аударған студент-
тәжірибешілердің алдына ғылыми тапсырмалар қойып, кәсіби дағдыларын 
қалыптастырып, олардың ғылыми зерттеулеріне алғышарттар жасайды. 
Студенттердің ғылыми жұмыспен айналысуы, студенттік ғылыми-тәжірибелік 
конференцияларға қатысып, ғылыми баяндама оқуы мен оны қорғауынан 
басталады.
Этнографиялық зерттеу жүргізілетін аймақ жөнінде мәліметтер жинау ең 
маңызды іс болып табылады. Гуманитарлық ғылымдардың өзге салаларының 
ішінде этнографияның өзгешілігі, ең алдымен, бастапқы фундаменталды 
дайындықты, яғни нақты тақырыпты анықтап алу, зерттеудің бағдарламасы мен 
әдістемесін құрастырып алу, теориялық білімді игеруді қажет етеді. Алдын-ала 
дайындықсыз далалық тәжірибеге шығудың да қажеті шамалы. 
Негізгі әдістемелік ережелер. Далалық этнографиялық зерттеулер 
жүргізілетін тәжірибелер барысында жадығат жинақтаудың негізгі екі тәсілі 
қолданылады: тұрақты және маусымдық. 
Тұрақты тәсілмен этнографиялық зерттеу әдістерін жүргізу өз алдына сол 
зерттелетін аймақтағы этникалық топтың ішінде, неғұрлым ұзақ уақыт тіршілік 
етуге бейімделу. Бұл тәсіл аз зерттелген немесе мүлдем зерттелмеген этностар 
туралы әр түрлі мәліметтер жинауда кеңінен қолданылады. Мерзімі бір 
этнографиялық жылдан кем емес уақытқа созылуы тиіс. Алғашқы 2-3 айлар 
этнографқа танысу мен жаңа ортаға бейімделуі үшін қажет. Бұдан соң 
зерттеуші жылдың барлық маусымдарында этникалық бірліктің немесе оның 
жеке бөлігінің өмірін бақылайды. Мәселен, Л.Морган көп жылдар бойы 
ирокездер арасында өмір сүрді, тіпті олардың рулық ұйымына қабылданды. Ал, 
Н.Н. Миклухо-Маклай Жаңа Гвинеидегі папуастар арасында бірнеше жылдар 
бойы өмір сүрген. Екеуі де ғылыми құнды жадығаттар жинады. Өйткені 
тұрақты тәсіл барысында этнограф зерттеп отырған тайпаның немесе рудың 
күнделікті өміріне тікелей қатысады. Міне, сондықтан бұл тәсіл маусымдық 
әдіске қарағанда біршама дәл, әрі толық мәліметтер алуға мүмкіндік береді 
және этнографты асығыс, әрі кездейсоқ қорытынды жасаудан сақтандырады. 
Маусымдық тәсілдің ерекшелігі жоспар бойынша көбінесе қысқа уақыт 
ішінде маңызды мәселелерді қарастырып, далалық жадығаттарды жедел 
жинақтауға мүмкіндік береді. Бірақ этнографқа отбасылық немесе әлеуметтік 
тұрмыстың күрделі жақтарын жете түсінуіне мүмкіндік бермейді, ал тілді 
білмеу кездейсоқ мәліметтерді жинау қаупін туғызады. Бұл тәсіл өз ішінде 
мақсаты мен мерзіміне, зерттеу қамтылатын территория көлеміне қарай 
бөлінеді. Бұның бірі – жалпы маршруттық тәсіл. Үлкен территорияда алдын-ала 
жасақталған маршрут бойынша белгілі бір этносты зерттеу жұмыстарын 


45 
жүргізуге арналған. Мұндай далалық зерттеу жұмысы этнографқа толыққамды, 
жүйелі, дәлелді және салыстырмалы жадығаттар жинақтауға мүмкіндік береді.
Жалпы маршруттық зерттеу тәсілінің алдына қойған мақсатына жетуі 
дұрыс құрылған маршрутқа байланысты. Оны құру үшін бұрын жүргізілген 
зерттеу туралы әдебиеттердегі мәліметтермен танысу керек және жекеленген 
аудандар мен этникалық топтың этнографиялық зерттелу дәрежесін анықтау 
керек.
Маршрутты зерттеу жүргізу экспедицияның қозғалысын «желілік» 
маршруттағы тәсілмен жүріп отыру немесе әр тоқтаған аялдамада екі-үш күн 
болып жадығаттар жинақтаумен жүргізіледі. Келесі тәсіл – шоғырланған тәсіл, 
зерттеу барысында басты базалық пунктіні (белгілі бір ірі немесе аудан, облыс 
орталығы болып саналын елді-мекен – Ж.М.) негізгі зерттеу объектісіне алып, 
ал қалған көршілес ауылдарды сол жиналған жадығаттарды бекітіп, 
салыстырып алуға жеңіл-желпі қарастырылады. 
Тақырыптық экспедицялық тәсіл – белгілі бір өзекті мәселені немесе 
этностың мәдениеті мен тұрмысының аз зерттелген жақтарын жан-жақты 
зерттеуге арналады. Көбіне зерттеу пункттерінде салыстырмалы ұзақмерзімді 
аялдамалардан тұратын маршрутпен сәйкес келеді. 
Панельді немесе қайталамалы экспедициялық тәсіл – этно-мәдени 
құбылыстардың даму динамикасын немесе этно-әлеуметтік өзгерістерді 
анықтау үшін белгілі бір уақыт интервалымен бір объектіні бірнеше рет 
зерттеуге арналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет