37
- археологиялық ескерткіштер: қалашықтар, қорғандар, ежелгі қоныс-
мекендердің, бекіністердің,
өндірістің, каналдардың, жолдардың, ежелгі
молалардың, тас мүсіндердің, тас суреттерінің (петроглифтер), ежелгі
заттардың қалдықтары кіреді.
Тарихи-мәдени ескерткіштер әр түрлі болып келетіндіктен, онда сақталған
мәліметтердің сипаты да түрліше болып келеді. Оларға ортақ нәрсе –
заттай
дерек көзі болып табылатындығы және әрқайсысының айналадағы ортаға
сәйкес немесе құбылысқа сәйкес көңіл-күй қалдыратындығы. Осындай
ерекшеліктері өлкені зерттеп-танып білуге зор ықпал етеді.
Тарихи-мәдени ескерткіштер бір-біріне қарама-қарсы екі қызметтен
тұрады. Біріншісі, жаңа мәліметтер іздеу мақсатында субъектінің (адамның)
белсенділігін арттыру рөлін атқарады.
Екіншісі, олардың өздері теориялық
білімді өз бойына жинақтаған объекті рөлін атқарады.
Тарихи мәдени ескерткіштердің көп бөлігі анықталып, қорғауға алынған.
Алайда, кейбір маңызды ескерткіштер, әсіресе жергілікті мазмұндағы
ескерткіштер әлі де белгісіз болып отыр.
Өлкетанушылардың маңызды
міндеттерінің бірі
осындай
ескерткіштерді
мемлекет
қорғауындағы
ескерткіштер тізіміне енгізу үшін зерттеу жұмыстарын жүргізу, оларды
анықтау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: