Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§6 Мерзімді басылымдар – өлкетанулық зерттеулер үшін жазба дерек



Pdf көрінісі
бет23/94
Дата19.03.2024
өлшемі1.82 Mb.
#496006
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   94
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

§6 Мерзімді басылымдар – өлкетанулық зерттеулер үшін жазба дерек 
көздерінің маңызды түрі. 
§6.1 Мерзімді басылымдардың дерек көзі ретіндегі ерекшелігі мен 
маңызы. 
Қазақстан тарихының жазба деректерінің үлкен бір тобын мерзімді 
басылымдар құрайды. Қоғамда болып жатқан әр алуан, ірілі-ұсақты оқиғалар 
туралы дер кезінде оқырмандарына мәлімет жеткізу міндетін атқаратын 
мерзімді басылым, уақыт өте келе баға жетпес құнды деректер көзіне айналды. 
Халыққа болған оқиға туралы жедел ақпарат таратқан мерзімді басылым, сол 
оқиға туралы өз бойына қажетті мағлұматтарды да жинайды, сөйтіп уақыт өте 
келе өзі де тарихи дерек көзі ретінде ғылымға қызмет етіп, оқиғалардың кейбір 
қырларын ашуға көмектеседі. 
Газет не журнал белгілі бір мерзімділікпен өткенді өз бетінде бейнелейді. 
Сондықтан олар қоғам өмірінің өткені жазылған өзіндік күнделік міндетін 
атқарады. Демек, уақтылы шығып тұрған газеттер өткеннің белгілі бір кезеңдегі 
үздіксіз даму тарихын қалпына келтіруге көмектесе алады. Газет жадығаттары 
өзінің құрамы жағынан әр алуан болып келеді. Онда ақпараттық мәліметтермен 
қатар өзінің мазмұны жағынан әр түрлі жанрларға жататын жеке адамдық 
деректер: хаттар, күнделіктер, естеліктер, т.б. ресми құжаттар, статистикалық 
мәліметтер, көркем шығармалар т.б. кездеседі. Баспасөз жадығаттарының 
өзінің құрамы жағынан күрделілігі оның басты деректік ерекшелігі болып 
табылады. Баспасөз мәліметтерінің формасы жағынан да, мазмұны жағынан да 
әр түрлі болып келуі, олардан ұлт өміріне қатысты жан-жақты мәлімет алуға 
мүмкіндік береді. 
Мерзімді басылымды деректанушылық талдауға жататын мәселелерді 
зерттеуші И.Я. Биск төмендегідей төрт топқа бөлуді ұсынады: 
1) сыртқы белгілеріне қарай: қағазы, мерзімділігі, таралымы, 
оқырмандардың әлеуметтік құрамы, таралым жолдары және аймағы; 
2) иелеріне, қызметкерлеріне және экономикалық базасына қарай: 
баспагер-шығарушы, редакторы, редакция және оның ақпарат көздері, танымал 
авторлары, баспаханасы, қағаздың және басқа да қажетті шикізаттардың 
бағасы, қызметкерлердің жалақысы мен қаламақысы, сату бағасы және жарнама 
төлемі, жалпы ақша қоры, бәсекелестері; 
3) мерзімді басылым тарихы ретінде: қашан шықты, атының өзгеруі, бұрын 
кімдердің иелігінде болғандығы, әр түрлі кезеңдегі қоғамдық өмірдегі алған 
орны, дәстүрі; 
4) мазмұнына қарай: мерзімді басылымның таптық сипаты және партиялық 
бағыты, әр түрлі жадығаттар мен бөлімдердің ара салмағы, қарастырылып 
отырған кезеңдегі күнделікті өмірдегі негізгі мәселелерді, қоғамдық ой-пікірді 
көрсете білу дәрежесі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет