Дәріс 1- тірі тіршілік иелеріне шолу Жоспар



бет1/13
Дата01.03.2024
өлшемі66.57 Kb.
#493531
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
1 apta, daris 1-2.


Дәріс 1- 2. Тірі тіршілік иелеріне шолу


Жоспар:

  1. Органикалық дүниедегі тірі тіршілік иелерінің пайда болу тарихы

  2. Қарапайымдылар әлемі - Protozoa (Бір клеткалы жәндіктер)

  3. Қарапайымдылардың систематикасы



1. Органикалық дүниедегі тірі тіршілік иелерінің пайда болу тарихы
Органикалық дүниені ұзақ жылдар бойы жануарлар мен өсімдіктер әлеміне бөліп келді. Биология ғылымының қарқынды дамуына байланысты органикалық дүниенің құрылымы хақындағы көзқарастарды қайта қарауға тура келді. Қазіргі уақытта ғалымдар органикалық дүниені екі (өсімдіктер мен жануарлар) емес, төртке бөліп отыр: олар прокариоттар немесе монера - бір клеткалы ядросыздар (мысалы, бактериялар, көк-жасыл балдырлар): өсімдіктер, саңырауқұлақтар және жануарлар.
Жануарлар әлемі - Zoa немесе Animalia. "Zoon" - грек тілінде жануар деген сөз. Қазіргі кезде жануарлардың белгілі түрлерінің жалпы саны 2,5 миллионнан асады, олар тірі организмдердің тіршілік ететін аймағының ерекше қабаты - биосферада кең тараған.
Биосфера - грек тілінде "bios" - өмір және тіршілік, "sphaira" (сфера) - шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған. Биосфераға литосфераның жоғарғы қабаты, бүкіл гидросфера және атмосфераның төменгі қабаты жатады, мұнда жануарлар, өсімдіктер және басқа да тірі организмдер тіршілік етеді.
Палеонтологиялық зерттеулер нәтижесінде, яғни қазбалардан табылған өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын тануға сүйене отырып, ғалымдар биосфераның негізгі пайда болу жолдарын анықтады. Ғалымдар, жердің және сондағы тіршіліктің даму тарихын басты-басты бес эраларға (архей, протерозой, палеозой, мезозой, кайнозой), ал эраларды дәуірлерге, кезеңдерге бөлді.
Архей - биосфераның ең бірінші эрасы. Болжаумен айтқанда, мұнда алғашқы қарапайым тіршіліктің түрі пайда болған. Ал тіршіліктің ең тұңғыш іздері протерозой эрасында болған.
Протерозой эрасында өмір сүрген тіршілік иелерінің қалдықтарынан радиоляриялардың, фораминифералардың іздері, губкалардың қаңқалары, буылтық, құрттардың түтікшелері, моллюскалардың бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың да қалдықтары табылған. Осындай қазбалардың қалдықтарын анықтай отырып, протерозой эрасында жануарлардың біраз типтерінің өмір сүргенін дәлелдеуге болады.
Палеозой эрасы - ертедегі тіршілік эрасы. Бұл эра 6 дәуірге бөлінеді: кембрий, ордовик, силур, девон, тас көмір, пермь.
Мезозой ортаңғы тіршілік эрасы 3 дәуірге бөлінеді: триас, юра, бор. Жануарлар тарихында мезозойды жорғалаушылар эрасы деп атайды.
Кайнозой эрасы - жаңа тіршілік уақыты. Бұл эра 3 дәуірге бөлінеді: палеоген, неоген, антропоген. Антропоген қазіргі біздің заманымызбен жалғасып отыр, келтірілген. Мұнда органикалық дүниенің қандай болғанын және оның қарапайым күйден күрделіге қарай бағытталғаны көрсетілген.

Биосфераның даму кезеңдері геохронологиялық кестеде (1-кесте)





Эралар және олардың ұзақтығы (млн.жыл)



Дәуірлер, кезеңдер, олардың ұзақтығы
(млн.жыл)

Қанша млн. ж бұрын пайда болған

Организмдердің дамуы



Кайнозой
(жаңа тіршілік)

Антропоген
(1 - 1,5)






Адамның пайда болуы және дамуы. Қазіргі кездегі жануарлар мен өсімдіктердің басым болуы.

60 - 70

Неоген



25 - 30



Сүтқоректілер мен құстардыңбасым болуы. Мамонт, қанжар тісті жолбарыстардың жойылуы.




Палеоген
42






Сүтқоректілердің барлық
отрядтарының пайда болуы. Насекомдардың өркендеуі. Басаяқты моллюскалардың көптеген түрлерінің жойылып кетуі. Жабық тұқымды өсімдіктердің басым болуы.

Мезозой
(ортаңғы тіршілік)
163 - 173



Бор
40 -70



120

Нағыз құстардың, сүтқоректілердің пайда болуы. Ірі бауырымен жорғалаушылардың,
аммониттердің, белемниттердің жойылуы. Жабық тұқымды өсімдіктердің пайда болып, таралуы.




Юра
40 - 58



155


Алғашқы құстардың (археоптерикстың) пайда болуы. Бауырымен жорғалаушылардың, аммониттердің, белемниттердің басым болуы.




Триас
35 -45



190

Бауырымен жорғалаушылардың
өркендеуі. Алғашқы сүтқоректілердің, сүйекті
балықтардың, белемниттердің пайда болуы. Наутилидтер, стегоцефалдардың құрып бітуі.

Палеозой
(ежелгі тіршілік) 310-340

Пермь
40- 55



215

Бауырымен жорғалаушылардың тез дамуы, аң тісті жорғалаушылардың, аммониттердің болуы. Трилобиттердің құрып бітуі.




Тас көмір
50- 75

300

Алғашқы бауырымен жорғалаушылардың,
насекомдардың, өкпелі ұлулардың, өрмекшілердің, құршаяндардың пайда болуы, сауытты және шеміршекті балықтардың, қосмекенділердің гүлденуі. Трилобиттердің азаюы, папоротник тәрізділердің өркендеуі.




Девон
50 -70

350

Қос тынысты, сауыттыбалықтардың, стегоцефалдардың, ізбесті губкалардың пайда болуы. Моллюскалардың, иінаяқтылардың таралуы. Цистоидтердің кұрып бітуі. Споралы өсімдіктердің құрлықтатаралуы.




Силур 30-40

420

Жақсүйексіз омыртқалылардың, шеміршекті балықтардың, мшанкалардың пайда болуы.
Псилофиттердің құрлыққа шығуы. Цистоидтердің (тікентерілілер) гүлденіп өсуі.




Ордовик 60

480

Теңіз омыртқасыздарының өркендей түсуі.




Кембрий 70

570

Төменгі сатыдағы шаяндардың, моллюскалардың, теңіз лалагүлдерінің пайда болуы. Фораминифералардың, маржан полиптердің, трилобиттердің, наутилидтердің, иінаяқтылардың кең таралуы. Балдырлардың
гүлденіп өсуі.

Протерозой
2000-астам







Бактериялар, көк-жасыл балдырлар, радиоляриялар, фораминифералар, губкалар,
моллюскалар, буынаяқтылар, т.б. омыртқасыз жануарлардың дамуы.

Архей







Көне замандағы мұхиттарда бір клеткалы қарапайым организмдердің пайда болуы (жорамал).

Биосфераның пайда болуымен бірге, жер бетіндегі тірі организмдердің дамуы сыртқы қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасады.


Жануарларды зерттейтін ғылым - зоология (Zoon - грек тілінде жануар, logos – ғылым, ілім). Зоология – жануарлар әлемінің алуан түрлілігін, олардың сыртқы және ішкі құрылысын, зат алмасу процесін, тіршілік ету ортасы мен өзара қарым-қатынасын, таралуын, дамуын, шығу тегін, тарихи даму зандылықтарын, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын зерттейтін ғылым.
Жер жүзіндегі жануарлар түрлерінің жалпы саны 2,5 миллионнан асады және жыл сайын жануарлардың жаңа түрлері сипатталып жазылуда. Жануарларды топқа бөліп жіктемесе, оларды зерттеу қиынға соққан болар еді. Жануарлар әлемінің әр түрлілігіне байланысты олардың ұқсастық белгісіне не арасындағы айырмашылығына қарай систематика жануарларды таксондарға бөледі: тип, класс, отряд, тұқымдас, туыс, түрге. Ең кіші таксон "түр" (species). Әрбір түрге екі сөзден тұратын латынша аты берілген. Бірінші сөз зат есімі - туыстың аты, екінші сөз сын есімі - түрдің аты. Туыс аты түр атының алдынан үлкен әріппен жазылады. Осылай атау қосарлы немесе бинарлы номенклатура делінеді. Бинарлы номенклатураны швед ғалымы Карл Линней "Табиғат системасы" (1735) деген еңбегінде ұсынған. Қазіргі кезге дейін түрлерді қос атпен атау сақталынып келеді. Мысалы, Euglena viridis - жасыл эвглена, Fasciola hepatica - бауыр сорғыш, Locusta migratoria - көкқасқа шегіртке, Musca domestica - үй шыбыны.
Бір-біріне өзара жақын түрлердің тобы - туысқа (genus) жіктелінеді, жақын туыстар тобы - түқымдасқа (familia), жақын келетін тұқымдастар- отрядқа (ordo), отрядтар - класка (classis), кластар - типке (phylum) біріктіріледі.
Осындай жүйелеу топтарына аралық таксондар да қосылады. Мысалы, типке - тип тармағы, класқа - класс тармағы, отрядқа – отряд тармағы, тұқымдаска - тұқымдас тармағы, туысқа - туыс тармағы және түрге - түр тармағы. Бұдан басқа класс үсті, отряд үсті, тұқымдас үсті, т. б. таксондар қосылады. Жануарлардың ірі классификациялық бірлігі - тип, ғасырлар бойы дамыған филогенетикалық системаның жоғарғы белгісі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет