102
деректер, әсіресе жазба деректер өте аз. Мұндай жағдайда тек археологиялық
қазба жұмыстарының нәтижелері ғана ежелгі
тарих туралы нақты деректер
бола алады. Олар көбіне қалың топырақ астында қалған қираған қалалар,
қоныстар, молалар, құрал-саймандардың, күнделікті тұрмысқа керекті
заттардың т.б. қалдықтары.
Қазақстанның барлық жеріне ғылыми археологиялық экспедиция
ұйымдастыру әзірге мүмкін емес. Сондықтан туған өлкеде археологиялық
ескерткіштердің барлығы туралы мәлімет болса тарихшы мұғалім
оқушыларымен бірігіп, алдын ала зерттеу жұмысын жүргізуіне болады. Ол
үшін ғылыми мекемелерден рұқсат керек және зерттеу жүргізетін
басшы-
мұғалімде мұндай жұмысты жүргізе алатын қажетті дағды болуы керек.
Республикамыздың
бірқатар
аймақтарында
жүргізіліп
жатқан
археологиялық зерттеу жұмыстарына ғалым, маман археологтармен бірге
мектеп оқушылары да қатысуда. Осы арқылы олар ғылыми-зерттеу әдістерін
үйренеді әрі өз өлкесіндегі археологиялық ескерткіштер туралы мәлімет
жинайды.
Туған өлкедегі археологиялық ескерткіштер сол аймақтағы музейлерде
жинақталған. Музейдегі экспонаттар мен коллекцияларды оқу-тәрбие
жұмысына пайдалану жөнінде де мектептерде жақсы тәжірибе қорытылған.
Музейлерде
тарихтан сабақтар өтіледі, оқушылар мұғалімнің нұсқауымен
музей залдарында өздігінше жұмыс істеп, тарих курсына, оның сабақтарына
қажетті жадығаттар дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: