Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§10,2 Қазақ библиографиясының дамуы



Pdf көрінісі
бет41/94
Дата19.03.2024
өлшемі1.82 Mb.
#496006
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   94
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

§10,2 Қазақ библиографиясының дамуы. 
Қазақ библиографиясы негізінен қазақ баспасөзінің даму тарихымен 
тығызы байланысты. 1900 жылы Қазан қаласында Қазақстан туралы А.Е. 
Алекторовтың «Указатель книг, журнальных статей и заметок о киргизах» 
деген көрсеткіші, т.б. орыс ғалымдарының бірен-саран библиография 
көрсеткіштері жарық көрді. «Айқап» журналының (1911-1915 ж.ж.) беттерінде 
жаңа шыққан кітаптар жөнінде хабарлама-деректер мен тізімдер жарияланып 
тұрды. 1926 жылы қазақтың қоғам қайраткері және бірінші библиографы 
Міржақып Дулатұлының 2 бөлімді «Қазақ тілінде басылған кітаптар 
көрсеткіші» шықты. 1937 жылы журнал мақалалар мен кітап жылнамалары
1940 жылы кеңес дәуіріндегі Қазақстан мерзімді басылымдарының 
библиографиясы жасалды. Соғыстан кейінгі жылдары республикада 
библиография ісі өркендеді. 1957 жылдан бастап арнаулы басылым – «Баспасөз 
шежіресін», 1971 жылы «Қазақ КСР кітаптарының жылнамасын» шығару ісі 
қолға алынды. Библиографиямен көптеген ғалымдар шұғылданды: тарихшы-
ғалым Н.Сәбитовтың «Қазақ әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші, 1862-
1917 жылдары» (1948 жылы), Қазақ өлкетану библиографиясының бас 
библиографы Г.П. Царевтың «Что читать по животноводству» (1953 жылы), 
С.Ақашевтің «Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру» (1965 жылы), 
Ұ.Т. Ахметова, Н.М. Тукешева, Ж.К. Мухангалиева, Г.Е. Бержанова, А.Б. 
Дакешова, А.К Нурманованың «Периодические издания российских научных 
обществ и учреждений, труды их членов по изучению Казахстана (ХҮІІІ - нач. 
ХХ вв.): Ретроспективный научно-вспомогательный библиографический 
указатель» (2014 жылы), қазақ әдебиеті библиографы Ә.Қ. Нарымбетовтың 4 
томдық «Қазақ әдебиеті» (1-том – 1970 жылы; 2, 3, 4-том – 1997 жылы) 
библиография 
көрсеткіштері, 
тіл 
білімі 
саласында 
Ш.Сарыбаевтың 
«Библиографический указатель литературы по тюркологии» (1989 жылы), 
Ү.Сұбханбердинаның «Дала уәлаяты» газеті (1996 жылы), «Қазақ, Алаш, 
Сарыарқа» (1993 жылы) атты мазмұндамадық көрсеткіштері, т.б. шықты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет