Мухангалиева Ж. К. Тарихи өлкетану


§5.6 Қайраткер-ғалым М.Дулатовтың қызметі мен еңбектері



Pdf көрінісі
бет74/94
Дата19.03.2024
өлшемі1.82 Mb.
#496006
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   94
Myhangalieva J.K. Tarihi olketany. 2018

§5.6 Қайраткер-ғалым М.Дулатовтың қызметі мен еңбектері. 
Алаш қозғалысының қайраткері, жазушы, ақын, драматург, журналист. Ол 
2 жасында шешеден, 12 жасында әкеден айырылып, ағасы Асқардың 


176 
тәрбиесінде болған. Алғашқыда ауылдағы бастауыш мектепті бітіріп, кейін 
Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ училищесінде білім алған. Осы училищеде 
сол кезде А.Байтұрсынов қазақ тілінен сабақ берген. Содан бастап екі алыптың 
арасында достық дамып, саяси көзқарастар қалыптасады. 1904 жылы Омбы 
қаласына қоныс аударып, Байтұрсыновпен қайтадан кездесіп, Ә.Бөкейхановпен 
танысады. 17.10.1905ж. Ресей үкіметіне қазақ халқы атынан жолданған 
«Қарқаралы құзырхатын» дайындаушылардың бірі болды. 1907 жылы Дулатов 
Конституциялық демократтар партиясы делегаттары қатарында Санкт-
Петерборға Бүкілресейлік съезіне барды. Сол жылы Санкт-Петерборда жалғыз 
ғана нөмірі шыққан «Серке» газетінде «Жастарға» деген өлеңі, 1909 жылы 
тұңғыш өлеңдер жинағы Қазан қаласындағы «Шарқ» баспасынан «Оян, қазақ» 
деген атпен басылды. 
Халықтық сана-сезімді оятуда М.Дулатов «Оян қазақ» деп жар салып, 
ұлттық идеяның көш басында тұрды. Тәуелсіздікке жетуде зиялылар ең 
алдымен халықты қалың ұйқыдан оятып, одан соң оқу-білімге шақырды. Қазақ 
зиялылары «Біздің ілгері келешек күніміз де, бұл дүниеде күн көріп, жұрт 
қатарлы тұруымыз да жалғыз-ақ нәрсеге тірелген. Ол – оқу. Мұнан былайғы 
заманда оқып, өнер білмесек, өнерлі халыққа жалшы болудан басқа бізге ешбір 
де орын қалмайды», - деп тәуелсіз ел болу үшін білім алудың, оқудың 
қажеттілігін баса көрсеткен. Ұлт зиялылары тәуелсіздік идеясын бұқара 
халықтың санасын оятумен, білім-ғылымға жетумен, мәдениетті ел болумен 
байланыстырды. Сонымен қатар тәуелсіздікті олар елдік, теңдік, басқа әлем 
мемлекеттерімен қатар үзеңгілес өмір сүру деп түсінді. 
Осы «Оян, қазақ» кітабы қазақ оқырмандарының арасында үлкен 
сұранысқа ие болып, Ресей әкімдері тарапынан бұл кітапты оқуға тиым 
салынып, қолға түскен даналары тәркіленіп отырған. 1910 жылы Қазандағы 
Каримовтар баспасынан «Бақытсыз Жамал» романы шықты. Ол қазақ 
басылымдарына, әсіресе, «Айқап» журналына үнемі мақала жазып тұрған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет