Дипломдық жұмыс тақырыбы құрылыс алаңындағы топографиялық түсірістерді өңдеудегі геодезиялық жұмыстарға арналған



Pdf көрінісі
бет11/15
Дата19.03.2024
өлшемі2.78 Mb.
#496048
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Тогысова Ақмарал

12 Сурет
-
AutoCad бағдарламасындағы топографиялық
түсірістерді өңдеу 
AutoCAD жүйесі қондырылатын дербес компьютер белгілі бір талаптарды 
қанағаттандыруы керек. Мұндай талаптарға сай болу үшін 500 МГц 
процессорлік Pentium III-тен жоғары болатын компьютер, 256 Мбайт 
оперативтік жады, 2 Гбайт винчестер (қатты диск), винчестор бағдарламалык 
қамсыздандыру үшін 350 Мбайт, жұмыс жасау кезіңде құрылатын уақытша 
файлдар үшін 250 Мбайт бос болуы қажет. Қолданушы оның қандай өлшем 
бірлікте жұмыс жасайтынын білу керек: Imperial (feet and inches) (ағылшынша 
— фут пен дюйм) немесе Metric (метрикалық). Екінші нұсқа біздің жағдайда 
ыңғайлы.
Графикалық экранның төменгі сол жақ бұрышында координаттар 
жүйесінің өстер белгісі орналасқан (4 цифрмен белгіленген). Экранның 
жоғарғы қатары меню қатары деп аталады. Қатар File (Файл), Edit (Түзету), 
View (Түр), Insert (Енгізу), Format (Формат), Tools (Сервис), Draw (Сурет салы), 
Dimension (Өлшем), Modify (Редакт), Express (Экспресс), Window (Терезе), Help 


29 
(Анықтама) менюлерінен тұрады. Әрбір менюдің ішкі бұйрықтары бар(13-
суретте көрсетілген). 
 
 13 Сурет-AutоCad бағдарламасындағы меню қатары 
Графикалық экранның төменгі сол жақ бұрышында координаттар жүйесінің 
өстер белгісі орналасқан. Графикалық экранның төменгі жағында Model (Үлгі), 
Layout 1 және Layout 2 қосымша батырмалары орналасқан. Қосымшалар үлгі 
кеңістігі мен парақтар арасындағы ауыстыру кезінде қолданылады. 
Қосымшалар атының сол жағындағы үшбұрышты батырмалар қосымшаның 
тізімдері бойынша екі бағытта да қозғалуға мүмкіндік береді. Объктілерді 
өшіру үшін «Стереть» командасы қолданылады. Бұл команданы құлама 
мәзірінің 
«Редактирование» 
бөлімінде 
немесе 
құралдар 
тақтасында
пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. Команда іске асырылған соң, 
командалық жолда өшірілетін объектіні көрсету керек. Белгіленген объект 
сызықтары нүктелі сызықпен белгіленіп тұрады. Егер бірден бірнеше объектіні 
өшіру керек болса, онда курсордың көмегімен бұл объектілерді бірдей белгілеп 
алып, «Enter» пернесін басу арқылы команданы орындаймыз. Экранның 
төменгі жағында Command: (Бұйрық:) формасында қолданушының жүйемен 
сұқбаттасуы жүреді(14-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет